Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Сынып: 4е Сынып жетекшісі: Малбагарова Айгуль Сыдыковна бастауыш сынып мұғалімі ШҚО, Семей қаласы, "№32 ЖОББМ" КММ Тақырыбы: «Жүзден жүйрік!» Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мемлекетттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлтты өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, діні тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету. Көрнекіліктер: плакаттар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер. Сабақ түрі: Сайыс сабақ. Барысы: I.Ұйымдастыру: Жүргізуші: Армысыздарма! Құрметті ұстаздар, тәрбие сағатымыздың аса қадірменді қонақтары. Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тіл әрбір ұлттың заңы сезімінің, ойдың жанды бейнесі.Қазақ халқы сөзге шешен,ойы ұшқыр,мақалдап сөйлейтін халық.Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама ғасыр бойы келе жатқан қазақ тіліміз. Ендеше қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ мына біздің қолымызда екендігін әсте естен шығармайық.Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтпек. Бүгінгі сайысымыз: 1.Таныстыру. 2.Мақал сөздің мәйегі 3.Бәйге 4.Жорға Атты төрт бөлімнен тұрмақ. Шын жүйрік шабысынан танылады Қатты білім,терең ой саналады Баға берер әділ қазы ортамызда Сіздерге қошеметпен қол соғады. Әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық. 2 «е» сынып жетекшісі: Құлжанова Д.М 3 «д» сынып жетекшісі: Нүрпейісова Д.Н 4 «д» сынып жетекшісі: Мукашева А.З Беташарын сайысымыздан бастайық Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып алайық. дей келе алғашқы сайысымыз «Таныстыру» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. I топ: « Жасқыран » Қалықтап көкте жас қыран Халықпыз сөзге тоқтаған Тілімен топты жаратын Тобымыз біздің « Жасқыран » II топ: « Топжарған » Шығарар намысты топты алдан Дуалы ауыз тілге арман Сайысқа келдік біліммен Тобымыз біздің «Топжарған» Осы сайыс бойынша әр топтың ұпай сандарына назар аударсақ. Әрбір тілде сөйле әлемді таңдандырып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық? Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Ал ендігі кезекті «Мақал сөздің мәйегі» атты сайысымызды бастайық.Бұл сайыста топ оқушылары мақалдың басын айтады, ал олар мақалды аяқтайды. I топ: 1.Тіл тас жарады,тас жармаса (бас жарады ) 2.Дәлелсіз сөз (желмен тең ) 3.Ине көзінен сыңалады,(шешен сөзінен сыңалады) 4.Піл көтермегенді (тіл көтереді) 5.Сөз тапқанға (қолқа жоқ) 6.Жеті жұрттың тілін біл(жеті түрлі ілім біл) 7.Шебердің қолы ортақ,(шешеннің тілі ортақ) 8.Қақарлы сөз (қамал бұзар) 9.Бас кеспек болса да,(тіл кеспек жоқ) 10.Айтылған сөз (атылған оқ) II топ: 1. Бал тамған тілден ( у да тамар) 2. Тауды,тасты жел бұзар, ( адамзатты сөз бұзар) 3. Жақсы сөз ( жарым ырысы) 4. Жақсы байқап сөйлер, ( жаман шайқап сөйлер) 5. Тіл қылыштан да ( өткір) 6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ( ой өсіреді) 7. Жыланның тісі уында, ( адамның уы тілінде) 8. Көре – көре көсем боласың, ( сөйлей – сөйлей шешен боларсың) 9. Тілден артық ( қазына жоқ) 10. Сүңгі жарасы бітер, ( тіл жарасы бітпек) II тур бойынша топ оқушылары қаншалықты ойлы да ұшқыр болғандығын әділ қазылардың ұпай сандарына назар аударсақ. Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Біліммен өнер жұптаспай, Тәлім, тәрбие алар ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі. Кім жүйрік болса сол алда. - дей келесі сайысымыз « Бәйге! ». Бұл сайыста әр топ оқушысына бір сұрақтан қойылады, топпен ақылдасып жауап беріледі. «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы. I топ сұрақтары: 1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? ( 1991 ж 16 желтоқсан) 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубәкіров) 3. Абайдың әжесі ( Зере) 4. Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? ( Кел, балалар, оқылық) 5. Қандай ұлттық тағамдарды білесін? ( қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз,шұбат) 6. Күй атасы кім? ( Құрманғазы) 7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? ( түркі тілдес) 8. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндір « Төбе шашы тік тұрды » ( шошыды) 9. «Тайға таңба басқандай» ( анық ) 10. « Сүт пісірім уақыт » ( тез жылдам ) II топ сұрақтары: 1. Қазақ тілі алғашқы мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? ( 1989 ж ) 2. Абайдың туған жылы? ( 1845 ж ) 3. Ақылды сөздің түбірі ( ақыл ) 4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? ( А.Байтұрсынұлы) 5. Қазақтың ұлттық киімдерін ата? ( тақия, бешпет, камзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек) 6. Беташар қай уақытта айтылады? ( келін түскенде ) 7. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін ата ( шілдехана, тұсау кесер, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату) 8. Ұлттық ойындарды ата ( көкбар, қыз қуу, аударыспақ, күрес, тоғызқұмалақ) 9. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндір « қас пен көздің арасы» ( лезде ) 10. « Қара қылды қақ жару » ( әділ ) Ендігі кезекте осы сайыс бойынша ұпай сандарына назар аударсақ. Шабыт тасып шалқысын, Көңілді кеш жасайық. Мұнда қызық табылар, Жұмбақ, сұрақ бәрі бар, Білімдіні сынайық. Соңғы сайысымыз « Жорға ». Бұл сайыста 10 ұяшық беріледі,деңгей бойынша,яғни, « Ұлттық дәстүр, рәміздер, Қазақ саңлақтары».Осы деңгей бойынша сұрақтарға жауап бересіздер.Бір ұяшық сыйлық ұяшығы, өнер көрсету арқылы сол ұпай санына ие боласыздар. « Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы. Ұлттық дәстүр 10.наурыз көже қалай жасалады? (7 түрлі тағамнан жасалады) 20.ұлттық ойындарды ата? 30.арқан тартыс ойынына сипаттама бер. Рәміздер 10. ҚР рәміздерін ата? 20.Әнұран авторларын ата? (сөзі: Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев.әні: Ш.Қалдаяқов) 30.ҚР туына сипаттама бер. Қазақ саңлақтары 10. А.Құнанбаев кім? 20.« Абай жолы » романының авторы кім? ( М.О.Әуезов) 30. Ең алғаш мектеп ашқан қазақ өрені. «Бәйге» сайысының ұпай сандарына назар аударайық. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауабы кәміл шықты. Білім мен тапқырлар сайысында, Жеңіске жетсе дейміз нағыз мықты. Қазылар алқасы шешім шығарғанша сіздермен көңілді сұрақ жауап ойының ойнайық. 1. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? ( 1) 2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? ( 4) 3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? (4) 4. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг,ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? ( 5) Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз. Сүйемін туған тілді – ана тілім Бесікте жатқанымда – ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутынан Құлағыма сіңген таныс үнім. -дей тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Назар аударып тыңдағандарыңызғы рахмет! | |
Просмотров: 2107 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|