Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы орта мектебінің тәлімгері Рысқалиев Айдын Мәмбетжанұлы Тақырыбы: Ал, қане, топ басшылар! Мақсаты: 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай сайыс ойынын өткізе отырып, тәуелсіз елдің патриотты ұл-қыздарын тәрбиелеу. Ұлы адамдарға және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімдерін дамыту,. Елжандылыққа , салауатты өмір сүруге баулу. Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, нақыл сөздер, слайдтар, үнтаспа. Ұйымдастыру: Кіріспе сөз. Құрметті ұзтаздар мен оқушылар! 7 мамыр Отан қорғаушылар мен ұландар мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекеге арналған «Ал, қане, топ басшылар!» атты сайысқа қош келдіңіздер! «Жас Ұландар» әні орындалады. Ел дәстүрін жалғайтын Топ намысын қорғайтын Сайысқанда талмайтын Басшылар шықсын ортаға. (топ басшылар ортаға шығады) 1. А. Жұбанов атындағы топ басшысы Ильясова А 2. М. Әуезов атындағы топ басшысы Алихайдарова Ж 3. А. Молдағұлова атындағы топ басшысы Ильясова Ж 1,2,3,4 адымдары арынды, 1,2,3,4 жанған оттай жалынды Алға , басшылар, алға ,басшылар! Топ басшыларының шарттарды орындау барысын бақылап, бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлайық. 1. 2. 3. Сайыстың шартары төмендегідей: 1. Таныстыру ( өзін тобының жетістіктерін айту) 2. Патриоттық ән( жеке немесе топпен орындау) 3. Рәміздерім- мақтанышым(әр топқа 3 сұрақ) 4. Сен білуге тиіссің ( сұрақ-жауап сәті, 5 сұрақ топ атына байланысты) 5. Саптық жаттығулар 6. Үй тапсырмасы( есімімен аталатын Ұлы адам туралы альбом жасау) Ал, басшылар! Сендерге артар міндет көп Көтер биік топтың атын құрметтеп Ақтай білсең өз тобыңның үмітін Еңбегің тәлімі мол бір мектеп 1.Таныстыру Жарысып ойнап желменен Тырмысып өрге өрлеген Бақыттан қайтып көрмеген Қайратты қайсар ұланбыз Көңілің шаттық кернеген Өмірін өлең тербеген Ертеңге қанат сермеген Бақыты тасқан ұланбыз Сайыстың алғашқы кезеңіне топ басшылары өзінің және тобының жетістіктерімен таныстырады. 2. Әуеге асқақтаған өлеңіміз Бақытты байтақ елдің бөбегіміз Биікке , тауларыңа жиі шығып Сол таудай асқар болсақ дегеніміз Екінші кезең патриоттық ән орындау. Жеке немесе топпен орындауына болады. 3.Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын ұлттық салт санасын, қаһармандығы мен даналығын , арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп ҚР-ның президенті Н.Назарбаев атап өткендей мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, өз жеріңе, еліңе, тіліңе деген құрмет, мақтаныш. Олай болса , келесі шарттарымыз «Рәміздерім – мақтанышым» деп аталады. Әр топ басшысы 3 сұрақ алып жауап береді. 1. ҚР-ның Әнұранын жатқа айт 2. ҚР-ның туының авторы кім? Ш. Ниязбеков 3. ҚР-ның елтаңбасының авторы Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов 4. ҚР-ның Әнұранының авторы Ж. Нәжімеденов Н. Назарбаев 5. ҚР-ның елтаңбасын бейнелеп, сипаттап бер 6. ҚР-ның Туының түсі, көлемі қандай? Көгілдір, тік төртбұрыш 7. Мемлекеттік рәміздер қай жылы , қабылданды. 1992ж 4 маусым 8. ҚР-ның мемлекеттік туын бейнелеп, сипаттап бер 9. Биыл мемлекеттік рәміздерге қанша жыл толады . 20 жыл 4.Сол есімге лайық болу ұранымыз Сайлардан сыңғыр қағып ағатұғын Тәуелсіз елдің сан дауысты бұлағымыз Бүгінгі еліміздің қырмызымыз Арайлы болашақтың ұл-қызымыз Істерін ұлылардың жалғайтұғын Қанатты жарқыраған жұлдызымыз «Сен білуге тиіссің..» сұрақ –жауап сәті. М. Әуезов атындағы топқа: 1. М. Әуезов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1897. 28. 09 Семей уезі, Шыңғыс болысы, Бөріліде) 2. 1908 ж Семейдегі қай медресеге оқуға барады? (Камалладин хазірет) 3. 1924-1925 жж Семейде мұғалімдер техникумында оқытушы қызметін атқара жүріп, қандай журнал басып шығарады? (Таң) 4. 1930 ж қыркүйекте қандай айыппен тергеуге алынып, тұтқындалады? 5. 1949 ж, І дәрежелі Сталиндік сыйлық, 1959 ж Лениндік сыйлық берілді? Қандай еңбегі үшін? А. Жұбанов атындағы топ 1. А. Жұбанов қайжылы қай жерде дүниеге келген? 1906 29.05 Ақтөбе обл, Темір ауд 2. А. Жұбанов Кім болған, қандай қызмет атқарған? 3. Жас кезінде кімдерден тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды.( Ауылдасы Талымнан, ауыл мұғалімі Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен) 4. 1936 ж А.Жұбановтың тырнақалды кітапшасы жарық көрді? Ол қандай кітапша?( Музыка әліппесі) 5. А. Жұбановтың Л.Хамидимен бірлесіп жазған опералары ( «Абай», «Төлеген Тоқтаров») А. Молдағұлова атындағы топқа 1. А. Молдағұлова қай жылы , қай жерде дүниеге келген? 2. 1933 ж анасы қайтыс болғаннан кейін кімнің қолында тәрбиеленеді? (нағашысы Әбубәкір) 3. А.Молдағұлова нешінші дивизияның мергені болды?( 54-атқыштар дивизиясы, 4 батальон) 4. Әлияның қаза тапқан жері ( Псков обл, Казачиха деревниясы) 5. Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді? (1944 4 маусым) 5.Қазақ деген пейілі кең , бай халық Толды арманы егеменге айналып Бейбітшілік қорғанындай сенімді Ұл-қыздары сап түзеді сайланып Бойда қуат, жалындаған жігерлі Қаһарманы заманымның бұл енді Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік Ұландар ол елдігімнің тірегі Келесі кезекте саптық жаттығулар орындалады 6.Үй тапсырмасы. Әр топ басшысына есімін иеленген ұлы адам туралы альбом жасап келу тапсырылды. Сөз әділқазылар алқасына беріліп, сайыс қорытындыланады. Топ басшылары « Ең үздік топ басшы», «Білімпаз топ басшы», «Белсенді топ басшы» деген атақтармен мадақтама мен сыйлыққа ие болады. Қорытынды: Қымбатты ұландар! Елімізде бейбітшілік, тыныштық Егеменді елдігіміз ұзақ болсын! Қыздарымыз саналы, сұлу Ұлдарымыз өжет, намысты болсын Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын! Халқымыз сүрінбей, болашаққа нық аттайтын болсын. | |
Просмотров: 2450 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|