Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шара Цель: Формирование у дошкольников основ гражданственности и патриотизма. Задачи: 1. Закрепление приобретенных знаний и навыков, осознания себя гражданином республики Казахстан во время встречи со сказочной принцессой. 2. Воздействуя на эмоциональную сферу, способствовать привитию дошкольникам таких качеств, как: дружелюбие, чуткость, взаимовыручка средствами музыки, художественного слова, музыкально-ритмических движений. 3. Воспитание чувства сопричастности с жизнью страны. Участники: Ведущая (воспитатель), ученица 6 «в» класса (Принцесса). Ход праздника: Тәрбиеші: Кұрметтi қонақтар, ата-аналар! Әрiптестер сiздердi Республикамыздың Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймыз! Сiздерге тiлейтiніміз зор деңсаулык, мол бақыт, ашық аспан! Отаны бар, елі бар жан - әманда Бақытты ғой мына байтақ ғаламда. «Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз. Жалын берген маған-дағы, саған да. Залға балалар тумен музыка әуенімен кіреді. «Тумен жаттығу» Тәрбиеші: Қымбатты, балалар! Құрметті қонақтар! Міне осы салтанатты күн де келді! Бүгін біз егемен Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Егеменді деп аталуының себебі, өйткені бұл бай, мықты, тәуелсіз еркін мемлекет! Сндықтан еліміз гүлдену, бейбітшілік, бақыт тілеймыз! Ән: Әнұран РҚ Көрініс: «Әжесімен немересі» Тәуелсіздік өлең: 1-бала: Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік Ел жанында қалған күн. 2-бала: Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған. Қазақ деген қалың жұрт Пәрін кешті басынан. 3 бала: Біздің дала бай дала Алтын астық айнала Астық дала сәулеті Астық Отан сәулеті 4 бала: Отан туған еліміз Отан туған жеріміз Отан ортақ үйіміз Көңілді ән күйіміз 5 бала: Отан сенiң – ата-анаң, Отан – досың, бауырың. Отан – өлкен, астанаң, Отан – аудан, ауылың. 6 бала: Отан – тарих, Отан – тiл, Жасаған елiн, өз халқың. Отан –өлең, Отан – жыр, Көтерген көпке ел данкың. 7 бала: Отан осы достарым, Көңiлге оны түйе бiл! Отан деп осiп жас жаның, Оны ардақтап сүйе бiл! 8-бала: Отан деген – атамекен Отан деген – туған ел Отан ана-отан үлкен, Қазақстан туған жер! 9-бала: Бақытты ел-бұл Отан, Бәрiне мен иемiн, Бiздiн Отан – Ұлы Отан Ұлы Отанды сүйемiн. Ән: Біздің Отанымыз. Н.Овсянниковой Тәрбиеші: Балалар, Казахстан – үлкен, байтақ мемлекет! Мұнда әр түрлі ұлт тұрады, әр қайсысының өзінің тілі, дәстүрі бар, бірак бәрін біріктіретін нәрсе – бірлік пен түсіністік. Ал, сендер, балалар, еліміздің ең қымбат байлығысыңдар. Қазақстаның болашағы сендердің қолдарында. Ол жайлы қазір сендерге айтып береді. 1-бала: Балдырған баламыз, Достық көп табамыз, Қашан да, қайда да, Достар бiр – бiрiне, Сенiмді боламыз. 2-бала: Қазақстан көгiнде Көк ту тұрган желбiреп, Казағым тұр бүгiнде Көк аспаны мөлдіреп. Ән: Астана А.Досмагамбет Тәрбиеші: Ал, енді, балалар, қандай мереке қонақсыз және сыйлықсыз болама. Қарандаршы, менде сиқырлы сандықша бар. Оның ішінде не бар екен! Мұнда қызық құмыра бар екен. Оның ішінде не бар? (трясет его) - Түк те жоқ! Бос! Бұл ескі, шаң басқан құмыра екен, мен үйкеп көрейінші. (трет сильно). Из-за двери раздается А-пчхи! Тәрбиеші: Балалар, бұл кім? Пері: Апчхи! Тәрбиеші: Ой, бұл кім түшкерді? Пері: Бұл мен! Тәрбиеші: Кімсің? Шығып, көрікші! Шығыс әуен ойнайды, Пері келді. Пері: Амансыңдар ма , қымбатты балалар! Мен періханшайынмын, осы құмыраның тұтқынымын, сендер құмыраны сүртіп, мені оятып жібердіңдер. Тәрбиеші: О, құрметті пері, ал қай тілде сізбен сөйлесуге болады? Пері: Мен көптеген тілдерді білемін. Бірақ сендер мені оятыңдар, сендер Қазақстаннан болған бері, енді қазақша сөйлеймін, менің ана тілін. Тәрбиеші: Құрметті Пері, біздің балалар қазақша сөйлейді, оны балабақшада қазақша оқиды. Неге үйренгендерін тыңдайық. Пері: Жақсы тыңдап көрейік. 1-бала: Ана тiлiм – ұраным, Ана тiлiм – құралым, Ана тiлiм болмаса, Болмас едi жыр әнiм. 2-бала: Отан-атам, Отан – әкем, Қате болса, неге бiздер, Деймiз оны атамекен. Мақал-мәтел: Отансыз адам, ормансыз – бұлбұл. Ердің көркі – ермек, отан көркі – жермен. Пері: Қандай керемет, балалар! Өлеңдерді жақсы айтасыңдар екен, ал ән айта аласыңдар ма? Балалар: Иә! Пері: Олай болса, мені қуаныштып, бәрімізге көңілді ән айтып беріңдерші. Ән «Отаным» (солисттер) Пері: Әнді де жақсы айтасыңдар екен. Ал мерекеміздің сәні келсің деп, енді билеп беріңдерші! Тәрбиеші: Қымбат Пері, біздің балаларымыз да мерекеге көңілді қазақ биін дайындапты. Би: «Камажай» Пері: Қымбатты, балалар! Қандай керемет биледіңдер, менің де билегім келіп кетті. Тәрбиеші: Сен билеп, біз қол соғайық, жарай ма, балалар? Пері: Маэстро, музыканы қос! Демалып, ойнап, Шығыс әуен ойнайды, Пері би биледі. Пері: Пай- пай! Шаршадым, енді демалайын! Одан да ойын ойнатайын. Ойынның түрі аз емес, Ойнайың па, балалар? Ойын: «Байтерек» Пері: Балалар, қандай епті едіңдер! Балабақшада көптеген нәрселерге үйреніпсіңдер. Жақсы демалып, ойнап, көңіл көтердік. Сол үшін достар, сендерге сыйлық берейін. (Достает угощенье из сундука, выносит на подносе) Осындай кәмпиттей өмірлерін тәтті болсың! Сыйлығымды алып, Анда-санда мені еске, алыңдар. Сау болыңдар, достар! Мен тағыда жоғаламын! (Пері шығады) Тәрбиеші: Балалар, біз сиқырлы Періні шығарып салдық. Бізде кетейін, мерекеміз осымен аяқталады. Қазақстанда бейбіт, бай, бақыт өмір болсын дейміз! Мереке кұтты болсын! | |
Просмотров: 6927 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|