Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - өмір өзегі Сабақтың мақсатты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Негізгі бөлім: Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.Қазіргі қоғамымызда халықтың өсу қарқыны аз, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгеиі арта түсуде. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда.Темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі,құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгешілікке жат мінез- құлық кеңінен етек алуда. Дүние жүзілік денсаулық ұйымының сараптауынша, халық денсаулығының 49-50 өмір салтына,яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтындығында. Адам денсаулығының қатерінің негізгі факторларына мыналар енеді. Қозғалыс күшінің кему салдарынан дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану. Қоршаған орта нысандарының барлығының уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің- шылым шегу, алкоголъ пайдалану, нашақорлықтың кең етек алуы. Қоғамда болып жатқан нәрселердің бәріне де адамдам өздері кінәлі. Осындай жат –жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай біліуіміз керек.Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Халықтың денсаулығы- ел дамуының аса маңызды тұтқасы.Елбасы атап көрсеткен аса маңызды бағытта. 1.балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айырықша көңіл бөлу, 2. халыққа қол жетерлік, саналы медициналық көмек, 3.отандық медицина ғылымын дамыту деп көрсетілгендей түрлі індеттердің алдын алу керек.Салауатты өмір салтын ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны белгілі. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтін жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік. Оқушылардың салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың денсаулығын сақтауға, зиянды заттардан сақтануға, аурудың алдын алуға баулу. Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын, өзіне деген сүіспеншілігін арттыру. Қортынды.Ауырып ем іздегенше- ауырмайтын жол ізде. | |
Просмотров: 1345 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|