Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Тайынша қаласы № 2 орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Букетова Г.К. «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер. Мұғалім: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады. Глеб Ана тілім- тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе , мен де бірге өшемін. Вельгельм Туған тілім- бабам тілім- өз тілім, Туған тілім- анам тілім- өз тілім, Туған тілім- далам тілім- өз тілім, Туған тілім- адам тілім- өз тілім. Евгения Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар! Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. «Ана тілім» әні . Жанна, Дильназ, Әсел, Мадина Санжар:Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы , ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге. «Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс. (Абай-Санжар, Әбіш-Олжас) -Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық. Глеб: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы. Максим: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі. Женя: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. -Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз? Сайыс сабағы (5«Б», 5«В» сыныптар арасында) Мақал- сөздің мәйегі 1.Мақал-мәтелдер сайысы 1. Өнер алды қызыл тіл. 2. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады. 3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.. 4. Тіл қылыштан өткір. 5. Басқа бәле тілден. Сөз тапқанға қолқа жоқ 2.Сөйлемдерді дұрыс құрастыр 1-топ:Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды 2.Өмір, әрбір, тіл, адамға бойы, керек 3.Аудармашы І-топ ІІ-топ Тонкий-толстый алыс-жақын Үлкен-кішкентай правда-ложь Поздно-рано жақын-алыс Ыстық-суық грязный-чистый 4.Мәтін құрастыру Тақырыптар: І-топ Мектеп ІІ-топ Отбасы 5.Викториналық сұрақтар І-топ ІІ-топ 1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 1.Қазақ тілінде неше дыбыс бар? 2.Қазақ тілінде неше буын бар? 2.Үш буынға мысал келтіріңдер 3.Неше дауыссыз дыбыс бар? 3.Неше дауыссыз дыбыс бар? 4.Қазақстанның рәміздерін ата 4.Туда не бейнеленген? 5.Көптік жалғауын ата 5. Қазақ тілінде неше септік бар? 6. Ь,Ъ дыбыстарға жата ма? 6.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? 7.Фонетика нені зерттейді? 7.Қазақстанның астанасын ата 6. Рөлге кіріп оқу 1.Қуанышпен 3.Мәнерлеп 2.Әнмен 4.Жылап І-топ Туған тілім -бабам тілім өз тілім Туған тілім-анам тілім өз тілім Туған тілім-далам тілім өз тілім Туған тілім-адам тілім өз тілім ІІ-топ Туған тілде сыры терең жаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып –ақ алыңдар 7. Сиқырлы сандық “Тіл” сөзін септеу “Ұрпақ” сөзіне фонетикалық талдау 8.Ойлан тап Суреттің тақырыбын табу. Әділқазыларға сөз беріледі: Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болады Мұғалімнің сөзі: Қорытынды Ана тіліміздің биікке көтеріле алмауы бізге, қазақтарға сын.Мемлекеттік тіл болып жарияланған соншама бай, шұрайлы тіліміздің қасиетін өзіміз білмей, бағаламай келеміз. Ана тіліне уызынан жарыған бала ғана халқының тарихына үңіледі... бай ауыз әдебиетінің ғажайып әлеміне жол тартады. (Ж. Аймауытов) | |
Просмотров: 2061 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|