Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Мақсаты:оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Ата-балаға сыншы», «Аталы бала ақылды,әжелі бала еркетай», «Атаның сөзі-ақылдың көзі», «Отбасының қос шынары-ата мен әже», «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп жазылған нақыл сөздер Кіріспе Сабағымыздың сыйлы қонағы мектеп қабырғасында 43 жыл бойы еңбек еткен ардақты ұстаз,қазіргі кезде зейнеткер Сұлушаш Құдабайқызы әжеміз келіп отыр.Қымбатты ақ жаулықты әже,асыл ана,қарт ұстаз сынып оқушыларының қатысуымен қариялар күніне орайлас ұымдастырылып отырған «Қарттарым-асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіз! Оқушылар ,сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақты шешу арқылы біздер тәрбие сағатымызды жалғастырамыз. Аймалайды «Күнім» деп Мейірімді жүзі күлімдеп, «Тәтті-ақ» дейді немере. «Бал-шырындай үнің» деп.Ол кім? Әже Әже деген сөзге кішкене мағлұмат беріп өтейін. Ақ сүт берген аналардың анасы-әже.Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы –қасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбилеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді,жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Оқушы: Ананы біз сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз Оқушы: Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын Ән Асыл әжем Оқушы: Ана-өмір шырағы, Ана өмір тірегі Ана деген жылы есім Жан тербетер ұлы есім Оқушы: Атаң болса анаңмен Алтыннан соққан қорғаның Сонан болса ақылды Ешкімнен кем болмадың Оқушы: Ұстаз кім Ұстаз ба, ол –ана! Өсірді сені де, мені де қаққызбай ешкімге Ұстаз кім мұғалім ол –дана! Оқушы: Жасқа да, қартқа да қамқоршы сол ғана Ұстаз болу –жүректің батырлығы, Ұстаз болу-сезімнің ақындығы. Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Оқушы: Ұстаздар –ұлттың тірегі, Ұстаздар- мектеп жүрегі. Ұрпаққа жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі. күй Ата толғау Оқушы: Атам маған аманда Әдепті жан бол деген Ата сөзі санама Жасы үлкенге жан берер Оқушы: Ұл-қызына ерген Немереңбіз,әже Немереңмен өрген Шөбереңбіз,әже Үйреткен сөз мәнін Тілімізсің,әже Жарқыраған дәйім Күнімізсің,әже Шуағыңды сеуіп Жайна,анамыз-әже! Жұлдыздарың боп, Айналамыз,әже! Ән «Асыл анам» Оқушы: Жақсы көрем апамды Жүрем ылғи бірге еріп. Тауға мені апарды, Талай қайттық гүл теріп. Алтын апам ол менің, Мені жақсы көреді. Үйретеді өлеңін, Ертегі айтып бер Оқушы: Айтады ертек жан атам, Ақ сақалы жайылып. Құмарымды таратып, Жер мен көкті аралап Оқушы: Тосып тәтті дәмдерін, Мен ұйықтарда айтады Ертегісін, әндерін. Біздің үйде осындай Әжетайым бар менің. Би Оқушы: Еркелесем,күлімдейтін Ұрысқаны білімбейтін Маңдайымнан иіскеп менің Құлыншағым,күнім дейтін. Оқушы: Күзде табиғат сарғаяды, Бірақ көктемде өркендей жарқаяды Адам қартайғанда ағарады, Ол өскен немерелерімен қайта өмірге қызығады. Оқушы: Көкшетауда апам бар ел-дейтұғын, Сағыныш ақ бесігін тербейтұғын. күй «Еркесылқым» оқушы: Ауыл бар ма ақсақалсыз,анасыз Оның айтқан сөздеріне қанасыз Сөз берейік әжемізге төрдегі Тағылымнан зор ғибрат аласыз Сөз беру Сұлушаш Құдабайқызына Күй «Балбырауын» Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз Шөбере сүйіп әліде Жүзге жетсін жасыңыз. Оқушы: Қартаймай жүрсін қарттарым, Көгерсін кірсіз көңілдер Елемей тірлік ақпанын Жасара берсін өмір –жер. Оқушы: Мені жақсы көреді Күнде күліп жүреді Көп ертегі біледі Маған айтып береді Өскенде міне ал енді Аралаймын әлемді Сыйлық әкеп әжеме Таңғалдырам бар елді Сыйлық беру Қарттар күні мерекесі – ерекше мереке.Аяулы аталарымыз бен әжелерімізді сыйлау,құрметтеу,қорғау біздің және келешек ұрпақтың яғни сендердің бірінші парыздарың.Сапалы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты,ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. | |
Просмотров: 6770 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|