Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мектеп: ШҚО Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылы «Қоянбай орта мектебі»КММ
Сынып: 5-сынып
Мұғалім: Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна /ағылшын тілі мұғалімі/
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның жанұясының фотосуреттері.
Барысы:
Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің мектеп бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Сөйтіп біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. (Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)
- Балалар, неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады.
Ақнұр:
Мейрамыңыз құтты болсын, Нұр-аға!
Елін сүйген дара басшы,көсемі,
Сіз бар кезде елім мәңгі өседі.
Елім-тыныш, жұртым-аман,дала-шат,
Бар халықтың аңсағаны-осы еді.
Елін сүйген дара басшы, панасы,
Нұрланып тұрқазағымның даласы
Татулықпен тыныштықтың төрінде,
Қуанады әрбір қазақ баласы.

Бұл күндері далам анық нұрланған,
Даламыз да гүл жайнайды думаннан.
Мейрамыңыз құтты болсын, Нұр-аға,
Қазағымның бақытына туған жан.
«Балалық шағы»
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Аяжан:
Көшбасшы
Ақылды да дара, ұлы,
Дана адам ғой президент.
Бар қазақты апарады,
Болашаққа жетелеп.
Бүкіл әлем таниды,
Елбасымды керемет.
Атқарған іс мол игі,
Көшбасшы ол-президент.
Аңсат:
Елбасыма
Нұрсұлтан ата –Елбасы,
Бар халық оның жолдасы
Жүреді әркез алаңдап,
Бар ойы-Отан ордасы.
Аяжан:
Нұрсұлтан ата –Елбасы,
Қыдыр ата-жолдасы
Елі үшін тыным көрмеген
Елбасын тәңір қолдашы.
Отаным жайнап келеді,
Тыныштық-елге керегі.
Елбасы жақсы адам деп,
Ел-жұрты оған сенеді.

«Жұмысшы Нұрсұлтан»
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Нұрайлым:
Елбасына
Елбасына ұқсағымыз келеді,
Ол кісінің елге көп қой көмегі
Қазақстан танылды бар әлемге,
Еуропа көп білмейтін ел еді.
Соның бәрі елін сүйген Елбасы
Нұрсұлтандай атамыздың беделі
Бақ дарыған Отанында қазақтың
Елі –ерге, ері елге сенеді!

Президенттің саяси өмірбаянының бастауы

• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл.

«Ғылыми атақтары»
• Экономика ғылымдарының докторы.
• Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
• Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.
• Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.

• М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төреғасы
«Елбасы отбасымен»
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы;
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Мұғалімнің сөзі:
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ ол сендерсіңдер. Сендер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Қорытынды: 5-сынып оқушыларының орындауында «Атамекен»әні.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Akma0015411 (2014-01-18) | Автор: Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна
Просмотров: 2122 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-01-10, 6:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru