Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Материал подготовила воспитатель КГУ "Вспомогательная школа-интернат №5 для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей", ВКО, г. Семей СКАКОВА ЖАНАР ОРАЛТАЕВНА. Сабақтың тақырыбы: "Менің Қазақстаным-менің болашағым!" 1 жүргізуші: Армысындар, құрметті ұстаздар және оқушылар! 2 жүргізуші: Добрый день дорогие ребята и педагоги! 1 жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен арнамысына арналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған оқиға - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 2 жүргізуші: 16 декабря вся страна отмечает День Независимости Республики Казахстан. Это главный государственный праздник. 22 года Независимости! 1 жүргізуші: Міне, содан бері 22 жыл уақыт өтті. Өмір бізді одан алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол - дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың өр мінезді қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым-құрмет. 2 жүргізуші: Казахстан встав на новый уровень развития, воплатил вековые мечты народа о свободе. Народ впервые вновь приобрел возможность развивать свою культуру, язык, веру, религию и традиции. Сегодня каждый гражданин республики гордится своей независимостью. Независимость нашей страны - это самое святое приобретение Казахстанского народа. 1 жүргізуші: Әнұраным - жан ұраным, Айтар әнім - сөйлер сөзім. Туған жерім - сағынарым, Мәңгі бақи - шырқалады. Қазақстан Республикасының әнұраны. (Әнұран орындалады) 1 жүргізуші: Видео слайд «Желтоқсан оқиғасы» Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерең еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. Осы 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1 жүргізуші: Ендеше халқымыздың тәуелсіздігі, егеменді жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық. 1 минут үнсіздік. (Желтоқсан құрбандары - слайд) 1 оқушы: Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың, Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың. Қайрат, Ляззат пен Сәбира Құрбаны болған жаланың. 2 оқушы: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әрден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. Жазалаушы қара құрттай қаптады, Қазағымды қырып-жойып таптады. Сонда елімнің ұл-қыздары ардақты, Қарсы шығып ел сенімін ақтады. Көрініс: «Қайратты тұтқындау» Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесін. Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңгесі, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық- қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді) 1 жүргізуші: Жас арудың жанарында - Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында - Желтоқсан. Жауыздықты да жасаған - Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да - Желтоқсан. 2 жүргізуші: «Желтоқсан желі» әні орындалады. 1 жүргізуші: Көрініс: «Қайраттың сотталуы» Тергеуші: - Айыпкер Қайрат Рысқұлбековты алып келіндер! (Әскери адам Қайратты алып келеді) Тергеуші: Айпкер Рысқұлбеков, Савицкийді өлтіргенінді мойында, мойындасаң жазаң жеңілдейді. Қайрат: Жоқ, жоқ мен өлтірген жоқпын! Мен жаламен кетіп барамын! Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген, Арғымақ мінгенжаратып, Ақ сауыт киген темірден. Ала таудай бабалар, Әруағыңмен жебей көр! Күнәдан таза басым бар, Жирма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең алындар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар! Тергеуші: - Сот келді. Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот: Айпкер Рысқұлбеков қылмысты деп танылып, қазақ ҚСРО Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша - 15 жыл бас бостандығынан айырылсын. Қылмыстық кодекстің 173-бабы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, атуға кесілсін. Тергеуші: - Айпкер Рысқұлбеков, ең соңғы ақтық сөзіңді айт! Қайрат: Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін! 1 жүргізуші: Жалғыз Отан - адамның жүрегі ғой, Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой. Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған, Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой. Сәбира, Ляззат сынды жауқазындар, Жетілмей ерте солған гүл еді ғой. Болашаққа даңғыл жол салып берген, Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой. 2 жүргізуші: «Көк тудың желбірегені» әні орындалады. 1 жүргізуші: Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік - бұл басымызға қонған бақ, бақыт. 1991-2013 жыл аралығындағы жеткен жетістіктер. Тәуелсіздік жылнамасы 1991 жыл 16 желтоқсан. Бұл күн - біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы қабылданды. 1992 жыл. Қазақстан Біріккен Ұлтар Ұйымына мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты. 1993 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. 15 қараша - Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді. 1994 жыл. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусым - ұшқыш Талғат Мусабаев аспан көгіне көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. 1995 жыл 30 тамыз. Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды. 1996 жыл. Алматыды Тәуелсіздік монументі ашылды. 1997 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды. 1998 жыл. Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы дер жарияланды. Ел астанасы Ақмолаға көшірілді. 1999 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. 2000 жыл. Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды. 2001 жыл. Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы. 2002 жыл. Денсаулық жылы. 2003-2005 жылдар. Ауыл жылдары. 2006 жыл. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды. 2007 жыл. Қазақ тілін қолдау жылы. 2008 жыл. Халық санағы болды. Астанаға 10 жыл. 2009 жыл. Қазақстанның Украинадағы жылы. 2010 жыл. Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. 2011 жыл. VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті. 3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау. Ел қалауы Елбасы Н.Ә. Назарбаев болды. 2012 жыл 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін тойлады. 2013 жыл. EХPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуге жолдама алды. 2 жүргізуші: Музыкальный номер «Казахский танец» 1 ученик: У каждого ученика есть свой День рождения. День Рождения есть и у нашей Родины. Наше уважение к государству складывается из соблюдения его законов. Запомните этот день 16 декабря как день рождение свободы Казахстана. Прошлое не просит забвения, а настоящее не просит разъединения. Давайте будем все вместе помнить о том, почему на карте мира появилась такая страна - Республика Казахстан, и что мы ее граждане. Будущее Казахстана в наших руках. 2 ученик: Болсын осы ар алдында сөз ақтық, Қан мен намыс болса бойда қазақтық. Қайтпас қайсар қасиетті күреспен, Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық. Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады. Ер намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерін мәңгі сақталады. 3 ученик: Мы дети свободной мирной страны. Народ наш великий не хочет войны. И матери наши, и наши отцы За мир, за свободу, за счастье, борцы. 4 ученик: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік туған күн! Көк аспанда тулардың Желбіреген күні - бұл, Елім деген ұлдардың, Елжіреген күні - бұл. Жұпар шашқан гүлімнің, Жаңа ашылған күні - бұл. Сенің ана тіліңнің, Бағы ашылған күні - бұл. 1 жүргізуші: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен сіздерді шын жүректен құтықтаймыз! Азат елдің білікті, білімді, жігерлі азаматтары болыңыздар! - деген тілекпен Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешіміз аяқталды! 2 жүргізуші: Будущее это2050-ый год, в который мы верим, и будем идти шаг за шагом, день за днем. Этот казахский барс с независимостью и благородством, храбростью и хитростью, будет строго следить, чтобы жизнь в Казахстане с каждым годом становилась лучше и лучше! За 20 с лишним лет Казахстан стал свободной страной. И ко всем нациям Казахстан относиться толерантно - то есть терпимо, уважительно. Каждая нация проживающая в Казахстане имеет право говорить на своем родном языке, развивать свою культуру и традиции своей наций. Песня: «Атамекен» | |
Просмотров: 1230 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|