Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Материал подготовила воспитатель КГУ "Вспомогательная школа-интернат №5 для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей", ВКО, г. Семей СКАКОВА ЖАНАР ОРАЛТАЕВНА. Сабақтың тақырыбы: "Денсаулық құпиялар" Мақсаты: 1) Балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір суру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. 2) Салауатты өмір салтын қалыптастыруға жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттрден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Көрнекіліктер: жеміс- жидек, көкөністер, сүт өнімдері, зиянды нәрселер,слайд Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Барлығымыз көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жаз мезгілін елестетеміз. Сендер тау бөктеріне демалуға бардыңдар. Айналамызда қалын жасыл шөп жатса мақтадай жұп- жұмсақтай; қызыл, сары, қызғылт гүлдер иістері мұрын жарады, иісін иіскеп қанбайтындай, сылдырлап мөлдір су ағып, жатыр, суы мұздай суық, ішсен шөлін қанбайтындай, ауасы неткен таза терен - терен дмаламыз. Құстар әсем ән салуда, көбелектер гүлдердін үстінде қалықтап ұшып жүр. Сендер сондай қуаныштысындар, ойнап, жүгіріп жүрсіндер. Неткен тамаша жаз, енді қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтайық. (балалардың сезімдері) - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. - Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Денсаулық құпиялары. - Денсаулық деген не? - Деніміз сау болу үшін бізге не қажет? Жақсы ой, спорт, ауа, су, тазалық, дұрыс тамақтану. 1. Таза ауа қажет Басты байлық денсаулық. Бабаң айтқан даналық. Ол үшін көп қозғалып, Таза ауа жұт көбірек! Табиғи су қыжет. Адам сусыз өмір сүре алама? Адамға су не үшін қажет? 2. Су табиғат байлығы, Өзен көлге барғайсың. Кемі екі рет әр күні Суға түсіп алғайсың. Жан сұлулығы 3. Жақсылық айтып басқаға, Ортаға ойды салғайсың. Тек мақтанба, жасқанба, Сұлу жанды болғайсың. 4. Ас адамның арқауы: тамақтануымыз керек. 5. Спорт- денені шынықтыру. Өте жақсы денсаулыққа қатысты мақал- мәтел білемізбе? 1. Дені саудың- жаны сау. 2. Денсаулық зор байлық. 3. Шынықсаң шымыр боларсың. 4. Ас адамның арқауы. 5. Тазалық- денсаулық кепілі. 6. Ішің ауырса, аузыңды тый, Көзің ауырса, қолыңды тый. Денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі: - ерте тұру - орта тазалығын сақтау - спортпен шұғылдану - үнемі денені таза ұстау - сергек жүру - артық тамақ ішпеу - көп ұйықтап жалқау болмау - салауатты өмір салтын сақтау - зиянды нәрселерден аулақ болу. Жұмбақ - сұрақтар: 1. Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын) 2. Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен пастасы) 3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі) 4. Адам өміріне ең қажетті затар (ауа, су, жарық, жылу, тамақ) 5. Жалқаудың досы (еріншектік немесе ұйқы) 6. Оны күткен адамдар Ұзақ өмір сүреді Қадірін білген жарандар Байлық осы деседі (денсаулық) 7. Сырты жаман, іші жын, Абыройын түсіреді кісінің (арақ) 8. Түтін болып кіреді Күркіл болып шығады (темекі) Сергіту сәті: Жаңбыр жауады себелеп. Көрініс: Зиянды және пайдалы (темекі, арақ, денсаулық) Темекі: Мен өте әдемі және тартымдымын, ісім қандай жағымды десеңші, шіркін! Әй, адам шегіп ол да бар шаршағанынды ұмыт, рахатқа бөленсеңші. Менің досым болуға келісесіңбе. Адам? Менің досым болшы. Арақ: Әй, Адам, сен күйінбе. Иә, мына мені ішіп ал, жаныңа рахат аласың. Қарашы, мен қандай мөлдірмін! Мына мені ішсең , барғой, көңіл күйің көтеріледі,қайғы- шердің бәрін де ұмытасың, рахат сезімге кенелесің, жеңілдеп қаласын. Мә, менә ішіп ал. Денсаулық: Ей, жауыздар! Сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер.Кетіңдер әрі, аш қасқырдай анталайсындар ғой келіп. Менің Адамымның алда көрер қызығына сендер неге кедергі боласыңдар. Егер сендерге еріп, сендермен дос болса, адамның өмір есігін ашатын болашақ ұрпағы қандай болашақ? Адам, одан да менімен бірге жүр, маған ерсең адам боласың. Адам деген атынды мұндай жауыз заттармен кірлетуші болма! -Осы кейіпкерлердің қайсысын тандаймыз. Кімнің айтқаны дұрыс, кімдікі бұрыс? (балалардың жауабы) Сонымен, балалар өмірде адам баласының денсаулығына , яғни салауатты өмір сүруіне кедергі келтіретін денсаулықтың қас дұшпандары бар екнін білдік. Денсаулықтын қас дұшпандары : жалқаулық, еріншектік, салақтық, сонымен бірге нашақорлық, мас күнемдік, темекі шегу сияқты қас дұшпандарын білдік. Деніміз сау азамат болып қалыптасуда тағы не кедергі? Дұрыс тамақтану. Зиян және пайдалы чипсы алма кириешки банан кола айран сағыз сүт - Осы тағамдардын қайсысын тандайсындар. Несімен пайдалы және зиянды. Ас адамның арқауы, дұрыс тамақтана білу адам ағзасының шымыр әрі сергек болуына әсер етеді. Күнделікті тамақ рационында жеміс- жидек, көкөністер, сүт- ет өнімдерін пайдаланудың маңызы зор. Көкөністер мен жемістер ағзаның иммунитетін жақсартады, астың қортылуын, сінімді болуын қамтамасыз етеді. Ал дурыс тамақтанбау ағзаның жұмысының бұзылуына әкеліп соғады. Денсаулықтың достары мен дұшпандары. - Балалар тақтада сурет түрінде денсаулықтың достары мен дұшпандары ілініп тұр. Осыны біз іріктеп алуымыз керек. (жеміс- жидек, арақ- шарап, сүт өнімдері, ашу, куаныш, реніш,ыза, күлкі,тазалық,спорт,салақтық) Өте жақсы балалар. - Басты байлық не екен? - Денсаулық мықты болу үшін не істеу керекпіз? Денсаулық пирамидасын құру. (слайд) Көнілді толқытып бір, шалқытатын, Қайғыны ұшытыр бір балқытатын. Ән айтып, би билеуге не жетеді Көнілдін қарлығашын қалқытатын. Балдәурен әнімен қортындылау. | |
Просмотров: 2117 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|