Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Жәрмеңкенің өту барысы: ( Күй ойналып тұрады) Мақсаты:Оқушыларды халық музыкасына қызығушылығын ояту,өнерпаз балаларды сахна мәдениетіне баулу. Жүргізуші: Уа ,халайық ,халайық, Мұнда назар салайық Мерекесі өнердің, Жәрменкені бастайық. Осы кешке арналған, Концертімізге құлақ салыңдар! Жүргізуші: Уа, халайық халайық, Бар өнерді салайық. Кімдер шебер,кім күйші. Кімдер биші,кім әнші, Таланттарын табайық. Жүргізуші: Білекті күштілерде осында, Күміс көмей әншілерде осында. Сүйрік саусақ күйшілер де осында, Қас шеберлер мен суретшілерде осында. Базардың ажарын келтіретің, Саудасын қыздырар, Саудагерлер де осында. Жүргізуші: Жиналдық жәрмеңкеге бәріміз, Үлкен-кіші,жасымызда ,кәріміз. Ендіортаны ашайық, Ән мен күйді шалқытып, Інжу-маржан шашайық! Жиналған халық таң қалсын, Өнерден күмбез жасайық! (дайындалып тұру керек өнерпаздар) Жүргізуші: Бұл-бұл құстай сайраған, Мектебімізде бар әншілер. Ортамызда жұлдыздай, Ән шырқап бір беретін. Қошеметпен қарсы алайық, «Сал-сері» өнерпаздарды. ( Әншілердің шеруі жүреді) Жүргізуші: Уа халайық,халайық, Мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қолдамақ. «Шеберлер» шықсын ортаға. Бұйымдарын арнамақ, Жәрменкеге бүгінгі. (Қолөнершілер шеруі жүреді) Жүргізуші: Күйші,биші тағы бар, Той думанды қыздырар. Құлақ құрышын қандырған, Шаңағында күй толғаған, Асыл мұрам домбырам, Күйшілер мен бишілерді қарсы алайық! (Күйшілер мен бишілер шеруі жүреді) Құрметті «Өнер жәрмеңкесіне» қатысушылар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Жүргізуші: Той дегенде жыр дейміз,өлең дейміз, Бастайды деп кім тойды елеңдейміз. Мектебіміз той-думанға шалқысын, Той бастаудан өзіміз бөгелмейміз. Баршаңа «Жәрмеңке» деп жар саламыз, Өнерпаз оқушыларды қошеметпен қарсы аламыз! Кішкентай әншіміз Гильманова Алуаны ортаға шақырамыз! Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған, Мәз болсын жас-кәріміз. Дөңгеленіп ортада, Би билесін биші қыз. Арайдың орындауындағы «Қазақ биі» қарсы алайық! Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ,қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра-деп жырлағандай Толқынның орындауындағы күйге кезек берелік ! Жүргізуші: Мен кішкентай әншімін, Таңғы мөлдір тамшымын. Гүл ернінен жиналған, Әндерім бар бал шырын. Кішкентай ерке әншіміз Ақботаны қол соғып қарсы алайық. (Ақ тілек ,Көңілді күн әндері) Жүргізуші: Өнер жастар-жалындап, Өнер жастан-жаныңдар! Өнерпаздар-дарындар, Өнерге кезек алыңдар. Мектебіміздің мақтанышы Аетов Райымбекті сахнаға шақырамыз! Жүргізуші: Киелі менің домбырам! Аққу мойның әп-әсем. Қос ішектен төгілген, Жан толқытар сырлы әуен. Ендігі кезекті күйші өнерпаздарға береміз! Ортада 2 класс күйші өнерпаздарды қол соғып қошеметтейік. Жүргізуші: Мың бұралып билеген, Өнерліні кім сүймеген. Төлген Аружанды биімен қарсы алайық! Жүргізуші: Ән салса әншімізге таң қаларсын, Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсын. Осындай ән туғызған қазағымды, Қалайша тар пейіл деп айталарсын. Оқуымен де өнерімен де тамсандырып жүрген Айтансық қызымызды қошеметтеп қоялық. Жүргізуші: Сан ғасырлар кеш жеткен. Бабалардан үн жеткен, Жүректерді тербеткен, Асыл мұрам –Домбырам Ортаға Ернұр күйшімізді шақырамыз. Жүргізуші: Бүгін бәрі ерекше, Бишілерге көп өнер. Өзбек биін билейді, Қол соғайық бәріміз. Жүргізуші: Ән толқыны тағы да бір тербелсін, Әсем залда әніменен кернесін. Құралайдың өнеріне тәнті боп, Риза болып қол соғылсын келгесін. Утегенова Қуралайдың орындауындағы әнді қабыл алыңдар! Жүргізуші: Домбырадай мұрасы, Қастерлеуге тұрады. Сонда жатыр даламның, Үні менен ұраны,дей келе, Айтансықтың орындауындағы күйді тыңдайық. Жүргізуші: Өлең өрлеп,жыр самғай, Үйлесті әсем сәніміз. «Жәрменкеде» шалқыта , Ән салады әншіміз. Әншілік қырымен сахнада ән салып өнер жарыстырып жүрген Агисов Қуанышты қошеметпен қарсы алайық! Жүргізуші: Сұлудың сұлулығы елде қалар, Аққудың арман әні көлде қалар. «Ару қыз» өнеріңді көрсет қане, Жарқ етіп,дара шыққан бәйгені алар-деп ән байқауларының женімпазы Әбілқайырова Нұржайнарды әсем әндерімен сахнаға шақырамыз! Жүргізуші: Батыр болған бабалары, Ел бастаған даналары. Байтақ елге жау тигізбес, Сарбаздары қазақтың ,жігіттері. Уа жігіттер,жігіттер, Кімдер күшті ,білекті, Ел намысын қорғамақ, Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін мықты атанбақ, Қайсың кәне жеңе алар? Спортшылар:( білек күші,гір көтеру) Жүргізуші: Жарайсыңдар ,жігіттер,жарайсыңдар! Алдарыңда асулы талай шың бар. Біз тілейік қашанда сәтті қадам. Бел байлап,тәуекелге төзген қадам! ( қатысушыларға қошемет) Жүргізуші: Осыменен бұл жиынды тәмәмдасақ, Бұл жайында айтамыз біз мақтана. Тамаша жиын болды жәрмеңкеміз, Тағы да кездесерміз амандықта. Әншілер көп, Айта берсе таусылмас. Күйшілер бар , Шаңағынан күй арылмас Мектебіміздің өнерпаз өрендері Ақ төрімде, Жайнай берсін жадырап! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет,сау болыңыздар. | |
Просмотров: 1440 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|