Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным». Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2.Дамытушылық.Сөз қорын, ақыл-ойын молайту. 3.Тәрбиелік.Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы, суреттер. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аударту,екі қатарға бөліп отырғызу.Оқушылардың басында көк пилотка, мойындарында көгілдір галстук тағылған ІІ.Негізгі бөлім. Мұғалім: Тыңда, дүние ғаламат,бар адамзат! Бүгін біздің сыныпта думанды күн! Барлығыңызға дауыстап ұран айтып, Тойлаймыз сыныптағы тәрбие сағатын. Қымбатты ұстаздар, ата-аналар бүгінгі 4 «А» сыныбының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Меруерт: Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған Өзі әнші, өзі ақын халықта Кім айта алар болмаған деп әнұран. Ақберген: Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын! Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды.Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы,елбасы суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі. Меруерт: Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші! Ақберген: Ия, Меруерт біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз. Меруерт: Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай түскендей. Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап, Сенбісің Қазақстан деген аймақ? Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп, Өмірдің думан тойын жатқан тойлап Ақберген: Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз! Меруерт: Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан Қазағыммен бүкіл әлем танысқан Келешегі кең өрісті кемелді Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан! Ақберген: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін Көрсең ашық Алатаудың күндерін Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген Ұлан –байтақ Республикам бұл менің! Меруерт: Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім -Әдеби сазды монтаж 2-ші бөлім-Топтар арасындағы сайыс Ақберген: Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік. К.Ақсүйрек: Қ.Аманжолов «Атамекен» Б.Бекзат: Ғ.Қайырбеков «Ана тілі» Т.Ұлмекен: Т.Айбергенов «Ана тілі» Т.Тыныштық: Т.Айбергенов «Қазақ даласы» Ә.Айдос:Ж.Смақов"Отан" Е.Сандуғаш,Т.Асан,Ж.Жаңылсын:Қ.Жұмабаев"Туған өлкем" Меруерт: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй-Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік. Ақберген: Ендеше Ерсайын Меруерттің орындауында «Жаса,Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар! Ерсайын Меруерт ән айтады. П.Айдана: М.Мақатаев «Үш бақытым» Т.Нұрдәулет: Д.Әбілев «Туған тілім» Д.Ақмарал:Қ.Шаңғытбаев"Туған елге" Т.Нұрсұлтан: Ө.Тұрманжанов"Туған өлкем" К.Қыдырбек :Әбдібаев"Жазира жерім" Көрініс:"Қазыбек бидің елшілігі" Меруерт: Отан –біздің мақтанышымыз. Ол өзінің ұлан –байтақ жрімен, халқымен, ынтымағымен бүкіл әлемді таң қалдырды. Ақберген: Әбу Сәрсенбаев өз өлеңінде Мен қатерге қарсы бардым сен үшін, Көкірегімнен қан төгілді сен үшін Саған жетер қасиет бар ма жаһанда, Сен –ұлысың, адам-сенің жемісің. Меруерт: Рас, шынында да біз ХХІ ғасыр ұрпақтары өз еліміздің жемісіміз. Отанымыз бізді өсірді, жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылықтар жасаймыз? Оның сенімін қалай ақтаймыз? Ақберген: Осы сұрақтарға сыныбымыздың белсенді оқушылары Хасан Ардақ пен Әбиев Айдос былайша жауап береді. 2 оқушы Отан туралы жазған шығармаларын оқиды. Меруерт: Отан –ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Ақберген: Ендеше келесі кезекті Отан, туған жер туралы ұлағатты сөздерге берейік. Ақмарал: "Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы.Көре біліп, жүре-жүре келіп Отаңына қайтқан бәрінен де жақсы." М.Әуезов Нұрлыбек:" Отан үшін отқа түс –күймейсің." Б.Момышұлы Ақсүйрек:" Елің үшін аянба-ерлігіңе сын Жұртың үшін аянба –жігіттігіңе сын. " Б.Момышұлы Бекзат:" Туған жердің намысы, бөтен қолда кетпесін." Қ.Рысқұлбеков Айдана:" Алтын анам Отаным, сеннен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ -деп ер-қайратыңа мін-дағы, өрге бас." М.Әуезов Жаңылсын:" Туған ел дүниеде сен болмасаң, Өзімді отқа атар едім әлдеқашан." Қ.Аманжолов. Аружан:" Күн көреді әкесіз де, анасыз да, Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз да, Ал, Отансыз нағыз сорлы –панасыз." М.Мақатаев Мұғалім: Кезек топтар арасындағы сайысқа да келіп жетті. Сайыс шарттары : 1.Топтың аты, ұраны 2." Білгенге маржан", яғни сұрақтарға жауап беру. 3. «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Мұнда берілген мақалды жалғастыру. Әр дұрыс жауап 1 жалаумен белгіленеді. 1 топ - «Атамекен» тобы Ұраны: Атамекен анаң екен, Қысылғанда панаң екен. 2 топ- «Туған жер» тобы Ұраны: Туған жердей, жер болмас Туған елдей, ел болмас 2- ші шарт бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? 1986 жылы 16 желтоқсан 2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? 1991жылы 16желтоқсан 3.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді? 1993жылы 4.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов 5.Қазақстан Республикамыздың туының авторы? Ш.Ниязбеков 6. Қазақстан Республикамыздың гимннің авторы? Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов Әні: Ш.Қалдаяқов 7. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды? 1997м 8.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата? Тоқтар Әубакіров 9.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр? 9-шы орында 10. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес? Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай 11. Қазақтың үш биін ата? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 12. Ақ күрішті аймақ? Қызылорда 13. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау 14. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар? 14облыс, 85қала 15.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр? 97м Мұғалім: Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар. 1.Отан- елдің анасы, Ел -елдің анасы 2. Отанасыз адам Ормансыз бұлбұл 3. Отанды сүю- Отбасыдан басталады 4. Аққу көлін аңсайды Адам туған жерін аңсайды 5. Ит- тойған жеріңе Ер -туған жеріңне. 6. Отан үшін күрес- Ерге тиген үлес Қай топта жалау көбін, анықтау. Ұпай саны көп топты марапаттау.Мақтау қағазын беру. Мұғалім: Келген қонақтарға қонақкәде салты бойынша сыныбымыздың бишілері мың бұралып билейді.Қарсы алыңыздар! "Балауса" бишілер тобының орындауында "Қосбасар "биі Тәрбие жұмысының орынбасарына, ата-аналарға сөз кезегін беру. Мұғалім: Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Еліміз тыныш, басымыз аман болсын!Кезекті «Атамекен» әніне берейік. Хор: музыканың сүйемелдеуімен «Атамекен» әні. Әнді айтқанда оқушылар қолдарындағы жалауды желбіретеді. | |
Просмотров: 7297 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|