Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Байқаудың мақсаты – жастар ортасында орындаушылық өнерді дәріптеу, жаңа шығармашыл тұлғаны іздеу және оларды қолдау. Байқаудың міндеттері: - отандық орындаушылық мектептің дәстүрін қолдау және дамыту; - ұжымдардың және жеке орындаушылардын деңгейін жоғарлату; - ең үздік эстрадалық, халықтық және классикалық музыка үлгілерін таныту және насихаттау; - Шығыс Қазақстан облысының жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Байқауға 14 және одан жоғары жастағы барлық қатысуға ниет білдірушілер, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, балалар музыка мектебінің, балалар өнер мектебінің оқушылары қатыса алады. Әрбір қатысушы байқауға бір номинация бойынша ғана қатыса алады.деген байқау талаптары қойылған Мынадай номинациялар таңдалған : - аспапта орындау – жеке орындаушылар (қазақ және орыс халық аспаптары); - ән салу – жеке орындаушылар және 10 адамға дейінгі ансамблдер (академиялық, эстрадалық, халықтық); - хореография – жеке орындаушылар және ансамблдер. Бүгін біздің сахнамызда ән салу номинациясы бойынша жеке орындаушылар сынға түседі. Қараймын ұзақ, Көремін шынар биіктен. Жүректің пәгін, Көңілдің ағын иіткен. Прометейім, Салауатты атамекенім, Келемін сені, Биіктен ғана сүйіп мен. Өсірген ақ гүл, Жапырақ жайған алтын тал, Ағызған ақ сүт, Омырауыңнан ақ сулар. Байлықты төстеп, Бақытты шырқап айланып, Көгінде ұшқан, Ақиық қыран аққулар –деп ақын ағамыз Солдатхан Орайханұлы жырлағандай қасиетті елін ,жерін сүйетін өнерлі жастарымыз көп болғай.. Сайысымызға қатысып, өз бақтарын сынауға келген өнерпаз оқушыларымызды ортаға шақырайық. 1.Асқарбеков Жақсылық 2.Қапасов Алтай 3.Қыдырбеков Жасылан 4.Кеңесханов Нурлан 5.Мұхтарбеков Елдос Сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік: 1.Қасенов Мұрат Қапасұлы-әділқазылар алқасы төрағасы 2.Ахметқалиева Нүрзия Сарқытбекқызы 3.Байназарова Жанар Әлкенқызы Өсірген ақ гүл, Жапырақ жайған алтын тал, Ағызған ақ сүт, Омырауыңнан ақ сулар. Байлықты төстеп, Бақытты шырқап айланып, Көгінде ұшқан, Ақиық қыран аққулар –деп әншілерімізге тек жеңіс тілейік. Ортаға бірінші қатысушымыз шақырамыз. Ән. «Қазақтай ел қайда» орындайтын Қапасов Алтай Қыста да аппақ, Жазда да аппақ шатырдай, Шаршаған шақта, Қалғып бір кеткен батырдай. Алтайым сері, Шынтақтап қалай жатырсың, Жамбастап жердің, Жартысын алып япырым-ай?! Келесі қатысушымыз: Мұхтарбеков Елдос «Туған жерге сағыныш» әнін орындайды. Таулардың арғы, Бабасы Алтай жарықтық, Жарасып тұр-ау, Тұлғаңа заңғар алыптық. Өзіңе қарай, Шабытпен шалқып ұшқанда, Көтеріп көкке, Шығасың мені алып тік. Келесі ән: «Туған жер» Қыдырбеков Жасылан Жанымның таңы, Жәннаты жердің Алтайым, Ақ дидарыңды, Аймалап, құшып қайтайын. Аққуың болып, Айдындарыңа малтайын, Жеттім ғой аңсап, Атымның басын тартайын. Ән: «Шығыстың қос жұлдызы» орындаушы Асқарбеков Жақсылық Соңғы орындалатын ән: «Мама» орындайтын Кеңесханов Нурлан Арайлы Алтай, Ассалаумағалейкум, армысың? Ақ бөрікті Алтай, Ақ жаулықты әжей - қарлы шың. Аңсадым сені, Ақ дауыл жырмен құшайын, Армысың, Сайыр, Ақшоқы, Бүркіт – нар мүсін! Сайысқа қатысушылар сайысты аяқтады.Әділқазылар алқасы қорытындылағанша ән тыңдай отырыңыздар. Источник: http://collegy.ucoz.ru/publ/84-0-0-0-1 | |
Просмотров: 938 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|