Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Алғашқы орындалатын ән: 2-жүргізуші.Міне, бәріміздің тағатсыздана күткен, сағынып жеткен көктем де келіп жетті. Айнала бір жайма-шуақ күйге еніп, мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Көктем келгенде - тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып, жасыл баққа орануы бір ғажайып жаратылыс! Дала маңы у-шуға толып, бар тіршіліктің дүркіреп бір сала беретін шағы. Бар әлем сүйіп ұнатқан, Шапағат нұрын шұбатқан, Қаймықпай шыққан жайраңдап, Қыстайғы суық-сынақтан, Көктем таңы бұл атқан. Әуені кетпес құлақтан, Бұлбұлдың әнін жырлатқан, Тараштап шашты сипаған, Самалы ескен қыр жақтан, Көктем таңы бұл атқан. Ән: 1-жүргізуші. Қозылар өріп қыраттан, Су ішкен мөлдір бұлақтан. Ат мініп бір-бір шабатын, Бойшаңдау өскен құрақтан, Көктем таңы бұл атқан. Еңбектің әні оятқан, Даланы көкке боятқан, Шұрқырап шүйгін шалғында Жусаған мал да тояттан, Көктем таңы бұл атқан. Келесі тыңдайтындарыңыз: 2-жүргізуші. Жапырақ жайған бұтақтан Қауызын жарып бүр атқан, Өргізіп құстар балапан, Бөктерге күнгей шұбатқан. Көктем таңы бұл атқан. Көкорай ғажап бар аймақ, Бүр жарған гүлдер орайлап, Нөсерлеп жаңбыр жауатын, Күркіреп аспан, жай ойнап, Көктем таңы арайлы-ақ. Келесі орындалатын: 1-жүргізуші. Жүрегіме жыр құйып көктен сарнап, Мынау – менің құстарым жеткен самғап. Қара жердің қайғысын сейілтеді, Қанатынан күміс нұр көктем саулап. Соғады әлсіз жібектей жел жұмсарып, Жұпар еміп жібиді бел бусанып. Сағыныштың тамшысын.... Етек-жеңі жиылмай, Жатып алды кыс мынау. Көңіл күй де – бұйырмай, Қоңыр күйге түстім-ау. Қытымыр қыс тұр әлі, Кірпігіне мұз...қатып. Ән: 2-жүргізуші. Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы. Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек, Ән 1-жүргізуші. Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі, Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі. Аспанда жақсылықтың атын жазып, Тырналар қатар-қатар тізіледі. Ән: 2-жүргізуші. Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп. Асау өзен арқырап, Асқар таудан дүркіреп, Айдын жатыр жарқырап, Алды дала бір түлеп. Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн. Естіп аспан дауысын, Асыққандай гүл шығып, Андып бұлттар аңысын, Колхозды ауыл құлшынып. Ән: 1-жүргізуші. Алақанын тұр жайып Жас ағашта жапырақ, Балғын өмір ғажайып Жас дауыспен жамырап. Еңбек ата жүр елде Егінжайда ту ұстап, Қара бұйра кілемге Алтын шашып уыстап. Темір тепшіп ер терлеп, Трактор сүйреп даланы, Бүгінгіден ертеңге Алып кетіп барады... Көктем күйін бастады Өз өнерін асыра. Қысты қуып тастады Асқар таудың басына. Источник: http://collegy.ucoz.ru/publ/84-0-0-0-1 | |
Просмотров: 1329 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|