Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Ғажайып әріптер
Ғажайып әріптер
(1- сынып оқушыларына арналған ертеңгілік)
Мақсаты: оқушылардың оқыған білім деңгейін саралап, үйренген өнер, оқу, тәрбие жұмыс түрлерін көрсете білу. Әр түрлі ойындар арқылы қазақ тіліне кызығушылықты арттыру.
Көрнекілік: қазақ тіліне тән әріптердің суреттері, күннің суреті, суреттер, пазл, сиқырлы қоржын, қармақ, балықтар, шарлар
Іс -шара барысы:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз ғажайып әріптер әлеміне саяхат жасаймыз. Біздің сынып –үлкен автобус, ал біз –жолаушылармыз. Саяхатты бастамас бұрын, саяхатшыларымызбен танысайық. Біз олармен жақынырақ танысамыз, әуес істерін, достарын білетін боламыз.
(Балалар өздері туралы әңгімелейді.)

- Ал жолаушылар, автобустағы өз орындарыңа отырыңдар, біз сапарға шығамыз. Енді, мына сұрақтарға жауап беріңдерші:
- Қазақ алфавитіне тән неше әріп бар? (10)
- Олар неге тән әріптер деп аталады? (Өйткені олар тек қана қазақ тілінде кездеседі)
Бізбен бірге саяхатқа сендердің сүйікті кейіпкерің де шығады. Міне, ол атына мініп, келе жатыр.
(Сыныпқа Алдар Көсе атпен шауып кіреді.)
- Балалар бұл кім? Білесіңдер ме? (Білеміз, бұл - Алдар Көсе.)
- Балалар, білесіңдер ме, оның есімінің мағынасы қандай? (Алдар –обманщик, көсе – безбородый)
Алдар Көсе:
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Қал - жағдайларың қалай? Балалар, менің сиқырлы қоржыным бар. Онда сендерге көп тәтті сыйлықтар бар.

- Балалар, қараңдар! Мынау не? Бұл - күн. Күн бізге жұмбақ жасырады.
- Мен жұмбақты оқимын, ал сендер оны шешесіңдер. Мұқият тыңдаңдар:
Әтеште бар, тауықта жоқ
Әселде бар, Анарда жоқ («Ә» әрпі)
- Енді, «Ә» әрпін күн сәулесіне жазамыз. Ал, кәне, осы әріпті бәріміз айтайық. (әріпті бәрі хормен қайталап айтады.)
- Алдар Көсе сендерге тапсырма дайындады.
Алдар Көсе:
- Менің қоржымда не бар екен, қараңдар! Мынау кім, мынау не? (әже, әке, әтеш, әліппе). (Дұрыс жауап берген балаға Алдар Көсе тәтті сыйлық береді.)
Алдар Көсе: - кім әже туралы өлең айтып береді? (Бір оқушы әже туралы өлең айтып береді
Әже
Менің әжем, ақ әжем –
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
(Балаға Алдар Көсе тәтті сыйлық береді)
- Келесі жұмбақ
Үйректе бар, қазда жоқ
Күнде бар, айда жоқ («Ү» әрпі)
- «Ү» әрпін күн сәулесіне жазамыз
«Түс» сөзінде қандай дауысты дыбыс бар? «Ү» дыбысы. Енді өлең арқылы түстерді қайталайық

Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.
- Келесі жұмбақ
Ұяда бар, қияда жоқ. («Ұ» әрпі)
«Ұ» әрпін күн сәулесіне жазамыз. «Ұ» әрпі бар қандай сөздер білеміз?
-«Ұшты» сөзі қалай аударылады? Ал, кәне, «Ұшты- ұшты» ойынын ойнайық :
Ұшты - ұшты торғай ұшты
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
Ұшты - ұшты қалам ұшты
Ұшты - ұшты түлкі ұшты
Ұшты - ұшты құс ұшты
Ұшты - ұшты ағаш ұшты
Ұшты - ұшты қоян ұшты
Ұшты - ұшты қарға ұшты
Осы сайыста алғыр балаға Алдар Көсе тәтті сыйлық береді.
- Келесі жұмбақ
Түлкіде бар, қасқырда жоқ.
Кірпіде бар, қоянда жоқ («І» әрпі)
«І» әрпі бар қандай сөздер білеміз? (кірпі, түлкі, бір, ілгіш)
«І» әрпін күн сәулесіне жазамыз.

«Адасқан әріптер» ойыны. (Адасқан әріптерден біз сөздер құраймыз.)
Бір, әтеш, кітап, қалам, күн, доп.
Доп
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
- Келесі жұмбақ
Өзенде бар, теңізде жоқ («Ө» әрпі)
«Ө» әрпі бар қандай сөздер білеміз? «Ө» әрпін күн сәулесіне жазамыз.
- Балалар, өзенде нелер жүзеді? (балықтар). Қазір біз өзенге саяхат жасап, балықтарды аулаймыз.
Ойын: «Балықшы» ( Балалар қармақпен балық аулайды. Балықтарда сөздер жазылған. Осы сөздерді балалар дауыстап оқып, орыс тіліне аударады.)
Көктем, әке, қыс, үй, өрмекші, жаз, ұшақ, , күз, түлкі.
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)
Көктем
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар, әнменен
Қарсы алайық көктемді
- Келесі жұмбақ
Мысықта бар, итте жоқ
Тоғызда бар, онда жоқ («Ы» әрпі)
«Ы» әрпін күн сәулесіне жазамыз.

Сергіту сәті: «Көбелек» биі.
Шаршасаңдар балалар, қолдарыңды созыңдар,
1 2 3 4 5 орнымыздан тұрамыз.
Бәріміз бірге билейік:
Ақ қанатты көбелек,
Көк канатты көбелек,
Қөбелек-ау, көбелек
Мені өзіңмен ала кет
- Келесі жұмбақ
Ағашта бар, талда жоқ,
Ғалияда бар, Әлияда жоқ. («Ғ» әрпі)
- «Ғ» әрпін күн сәулесіне жазамыз.

«Сиқырлы қоржын» ойыны
- Алдар Көсенің сиқырлы қоржынына жасырған жұмбақ сөздер бар. Сөздерде кейбір әріптер жоғалған. Біз қоржыннан сөздерді алып, жоғалған әріпті орнына қоямыз.
А...аш, са...ат, тор...ай, а...а, қар..а. (Ағаш, сағат, торғай, аға, қарға.)
- Келесі жұмбақ
Қазда бар, үйректе жоқ
Тауықта бар, әтеште жоқ («Қ» әрпі)
«Қ» әрпін күн сәулесіне жазамыз, біз немен жазамыз? Бұл сөзде «Қ» әрпі бар, ол қандай сөз? (қалам)

«Ұйқасын тап» ойыны. Балалар сөздердің суреттердегі баламасын табады.
Кітап, дәптер, қалам, күнделік,қарындаш, өшіргіш, сызғыш, сөмке.
Оқу құралдар туралы өлең:
Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын
Мен әдепті баламын.
- Келесі жұмбақ
Жаңбырда бар; қарда жоқ («Ң» әрпі)
«Ң» әрпін күн сәулесіне жазамыз.
- Келесі жұмбақ
Айдаһарда бар, жыланда жоқ («Һ» әрпі)
«Һ» әрпін күн сәулесіне жазамыз

- Енді біз пазл құрастырамыз. Егер біз дұрыс құрастырсақ, бір аңның суреті шығады. Ол аңның атауында , һ әрпі бар. (айдаһар)
Сергіту сәті:
- Саусақтарымыз үшін жаттығулар жасаймыз.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?

- Біз неше әріп жаздық? Бәріміз бірге санайық. Қолымызда неше саусақ, сонша тән әріп шықты. Бізге осыны есімізде сақтайық.
- Ал енді балалар, Алдар Көсені шығарып салайық. Сау болыңыз, Алдар Көсе!
- Балалар, біздің саяхатымыз қызықты болды ма? Сендерге не ұнады?
- Қараңдаршы, балалар, біздің күніміз күлімсіреп қалыпты, өйткені біз барлық тән әріптерді жақсы білеміз, және оларды жаза аламыз.
- Балалар, енді күн туралы ән айтайық .
Әрқашан күн сөнбесін:

Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың
Ақ қағазға салған оны
Қалдырған бар сөзі.

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!

Осымен балалар ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңдар!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: moiamir (2015-01-08) | Автор: Татьяна E
Просмотров: 1521 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 11:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru