Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Қарттарым – асыл қазынам Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. 2. Ұстаздарының өмір жолымен танысуға және жақсы қасиеттерін бойларына сіңіруге дағдыландыру. 3. Қарттарымыздың баға жетпес қазына – бабалардың өсиетті сөздерін ұғындыру. Көрнекілік :«Ата–бабаға сыншы», «Атаның сөзі – ақылдың көзі», Ақылды қария – ағып жатқан дария», «Отбасының қос шынары – ата мен әже», - деп жазылған нақыл сөздер. Кіріспе сөз: Есенсің бе, Қазыналы қарттарым?! Бабалардың бойға жиған салттарым. Өздеріңдей ұлағатты болуға, Өсиетіңді жүрегіме сақтадым. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің «Қазыналы қарттарым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымызды бастамай тұрып ардагер ата-әжелерің туралы сұрайын. Бүгінгі бас қосуымыздың үлкендерге ізет, қарияларға құрмет, еңбек адамына деген ілтипат. Үй алдында төбең болса, ерттеулі турған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең, – деп бекер айтпаған қазақ халқы. 1. жүргізуші: Қарттық деген қасиетті ұғым бар, Мені өзіңнің пейіліңмен жалындыр Балалардың болашағын аңсаған, Бойларыңда бір керемет жылу бар. 2. жүргізуші: Армысың, ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, Сіздер үшін мереке шашулары. 1.жүргізуші: Қазақ биі. 1.оқушы: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама Аспанымдай мәңгі жаса ғұлама. Ер жетсем де еркелігім қалмайды, Көз алдымда сен тұрғанда жан апа. 2.оқушы: Құлыныңмен асыр салған аңғарған, Ақ қозыңмын маңыраған албарда Өзің барда,қосылмаймын ешқашан Жылауға да қосылмаймын сен барда. 3.оқушы: Жолдас емес атағымда дәрежем Жақын маған сенің маған кебежең Мен анамды анам бар деп айтпадым Өзің барда, көзің барда ақ әжем. 4.оқушы: Тұра тұршы есейгенде ұл-қызың, Жүре тұршы жалғанда үзігің. Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау, Өзің бірге көре алмасаң қызығын. 5.оқушы: «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демей ме?! Қара қылды қақ жарған Әйтеке, Төле, Қазыбек билеріміз, ендеше шешендік сөздерге кезек берейік. 1.жүргізуші: «Атаңнан қалған теберік, сақта оны тым берік». Олай болса ұлы бабалармыздың өсиет сөздерімен егеменді ел болып сусындап келе жатқанымыз анық. 2.жүргізуші: Сен білесің бе, қазақта «сөздің көркі – мақал» деген ұғым бар. 1.жүргізуші: Әрине, мақал-мәтел, нақыл сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ. 2.жүргізуші:Достым мына сұраққа жауап берші: Дүниеде неше өтелмейтін парыз бар? Соны сен білесің бе? 1.жүргізуші: Білемін үш парыз. Олар: 1. Ата-ана алдындағы 2. Ұстаз алдындағы 3. Көрші алдындағы парыз. 5.оқушы: Үлкенді, ата-ананы сыйлау адамгершіліктің ең басты қағидасы. Ата-ана бала үшін өмір сүреді. Балаларға бар өмірін арнайды. Халықта «Ата-анаңды Меккеге апарсаң да, оның жақсылығын қайтара алмайсың», - деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. 6.оқушы: Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз бала үшін, мына сіздер үшін, ата-анадан кейінгі орынды алады. Ол қолымызға қалам ұстатып, алғашқы өмірге қадам бастырған жан. Оқушылар ата-аналарға арналған өлеңдерін оқиды. Ән: «Асыл әжем». 7. оқушы: Ата – ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы», - деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады. 8. оқушы: Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым», - деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Ата жолын қууға, еңбекке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулиды. Көрініс: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». 1.жүргізуші: Бүгіндей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзіміздің балаларымыздың арқасы, біз осыны ешқашан ұмытпаймыз. Ән: «Қариялар азайып бара жатыр». 2.жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп-өнгені, Бабалар бұлағынан нәр алған Даналар өсиетінен тәрбие алған Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен Дана халықтың ұрпағымыз біз. Қорытынды: Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға-ұрпақтың алдында қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиемізді көрсету арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер – адам жүрегінде орын алатын қасиет. Кең пейіл, дархан еліміздің, адамгершілік асыл қасиеттерін бойларыңа сіңірген, әдепті де саналы ұрпақ болып өсулерің керек. Қарттарымызды аялап өтейік. | |
Просмотров: 1473 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|