Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Тақырыбы : «Дені саудың-тәні сау» Сабақтың мақсаты: Елбасымыз «Қазақстан-2050» жолдауында атап өткендей «Адам елдің басты байлығы» екенін ұғындыру; Ой-өрісін, дүниетанымын кенейту; Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке баулу; Сабақтың түрі: сайыс Сабақтың фомасы: топпен жұмыс Әдістер: ой шақыру, еске түсіру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, ассоциативті карта сабақтың барысы: І. Ынталандыру және сабақтың мақсатың айқындау кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. -Амандасу. Шаттық шеңбері. Ұшты, ұшты мысық ұшты, Ұшты, ұшты аққу ұшты, Ұшты, ұшты түйе ұшты, Ұшты, ұшты торғай ұшты. ІІ. Танымдық және жинақтау кезеңі. Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі. -Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық. -Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы : «Дені саудың-тәні сау» деп аталады. Сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз: І топ: «Тазалық тобы» ІІ топ: «Денсаулық тобы» ІІІ топ: «Сымбат тобы» -Әділқазылар алқасымен танысайық! -Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады: А)Тазалық тобының ұраны: «Тазалық – денсаулық кепілі» Б) Денсаулық тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы» В) Сымбат тобының ұраны: «Сымбатты болу – өз қолыңда» 1. Сайысымыздың І кезеңі «Кім жылдам?» мақал – мәтелдер жарысы. қазақша орысша 1.Денсаулық — зор байлық. 1. В здоровом теле – здоровый дух. 2. Тәні саудың жаны сау. 2. Труд– начало лечения. 3. Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны. 3. Богатство бедняка-его здоровье. 4. Емнің алды – еңбек. 4. Хорошее настроение говорит о хорошей жизни. 5.Жарлының байлығы-денінің саулығы. 5. Здоровье - большое богатство. 2. Сайысымыздың І І кезеңі: «Спорт» Мұғалім: «Спорт» адамның өмірінде маңызды орын алады. -Балалар, қандай спорт түрлерін білеміз? (оқушылардың жауаптары) -Балалар, экранға назар аударайық! Бірінші бағанда спорт түріне сипаттама берілген, екінші бағанда спорттың атау берілген. Соларды сәйкестендіріндер. 1.Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі- 1.Коньки тебу 2.Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі- 2.Күрес 3.Қысқы спорт түрі- 3.Футбол 4.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі- 4.Ауыр атлетика 5.Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы- 5.Шаңғы тебу 3.Сергіту сәті. 4. Сайысымыздың І І І шарты: «Ұлттық спорт түрлері» -Балалар, қандай Ұлттық спорт түрлерін білесіңдер? -Ұлттық спорт түрлері: аударыспақ, асық ату, бәйге, бүркітшілік, көкпар, қыз қуу, теңге алу, тоғызқұмалақ т.б. -Мына суретте 4 ұлттық ойын бейнеленген, сендер 4 торға атауларын жазу керексіңдер. 1. 2. 3. 4. 5. Сайысымыздың І V кезең: «Ойлан, тап!» -Балалар, дәрумендерге нелер жатады? Бұл кезеңде сөзжұмбақты шешіп көрейік. 6. «Адам» ассоциативті картамен жұмыс. -Балалар, адамға дұрыс өмір сүрі үшін не қажет? (оқушылар ассоциативті картаға жазады, тірек-сызбаларын қорғайды) ІІІ.Қорытынды. -Деніміз сау болу үшін не істеу керек? -Деніміз сау болу үшін спортпен айналысып, жақсы тамақтанып, тазалықты сақтауымыз керек! -Қорытындылай келе, сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. -Топтарды марапаттау. | |
Просмотров: 1470 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|