Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебі Бисенова Роза Бөлекқызы Білімді мынды жығады Сабақтын мақсаты:оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау,топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту. Көрнекілігі:кеспе әріптер, сандар. Түрі:сайыс, жарыс. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі. 1.Оқушыларды топқа бөлу.Топ башысын сайлау. 2.Қазылар алкасын сайлау. 3.Жеребе тастап, қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау. Алғашқы сөз. Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Білім мен өнер жұптаспай, Тәлім, тәрбие алар ма? Бұл бәйге ойдын бәйгесі Кім жүйрік болса сол алда. 1. «Кім жылдам?» Әр оқушыға әріптер таратамын. Сол әріптен басталатын сұрақтарға жауап беру керек. I топқа 8 сұрақ: 1.Ертегі оқисын ба? 2.Тәтті берсе жейсің бе? 3.Анаңа еркелейсің бе? 4.Сөмкенде не бар? 5.Досын кім? 6.Аспан да не бар? 7.Қандай сыйлық алғанды ұнатасың? 8.Қандай тілек айтасың? II топқа 1. Жасын нешеде? 2.Қалтанда не бар? 3.Қандай кітап оқисын? 4.Алма берсе жейсің бе? 5.Нені жақсы көресің? 6.Кеше не істедің? 7.Ініңнің аты кім? 8.Кімге сәлем жолдайсың? 2. «Ұшқыр ой» Асықпаймыз, саспаймыз, Ұшқыр ойға бастаймыз. Тақтадағы сөзден, Бірнеше сөз құраймыз. Қолшатыр: қол, от, шар, шал, шатыр, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал, ал, тар, торла. 3.«Білімінді мықта» Шабыт тасып шалқысын. Көңілді кеш жасайық. Мұнда қызық табылар, Жұмбақ, есеп бәрі бар. Білімдерінді сынайық. Қателеспей мұқият ойланып айтуларыңыз қажет. 1.Бір қазаққалаға бара жатыр еді,жолда үш таныс қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?(1) 2.Төрт жұмыртқа төрт минута піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі?(4) 1.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр.Әр мысықтың алдында үш мысық отыр.Үйде неше мысық отыр?(4) 2.Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?(5) 4. «Сен білесін бе?» 1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлені? 2.Қазақтың тұңғыш президенті кім? 3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 4.Қоңызда қанша аяқ бар? 5.Қос бүйірін таянып тұратұғын қай әріп? 6.Сезім мүшелерін ата? 7.Аптаның бесінші күні қалай аталады? 8.Адам немен тыныс алады? 9.Ахмет Байтұрсынов кім? 10.Жануарлардың екі он аяғы, Екі сол аяғы бар?Жануарлардыңаяғы нешеу? 5. «Ойлан да, аяқта» Ойланбастан басқасын, Жазып қойма бұл жерге. Керек сөзді тандап жаз, Уақыт берем сіздерге. 1.Отан оттан да ........(ыстық) 2.Айтылған сөз-атылған ........(оқ) 3.Көз қорқақ, қол ........(батыр) 1.Ашу-дұшпан, ақыл ........(дос) 2.Денсаулық-зор ........(байлық) 3.Күш-білімде, білім ........(кітапта) Қорытынды. Қазылар орнықтырыр әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріледі. | |
Просмотров: 717 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|