Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Тақырыбы: Біз Қапезді білеміз бе? Мақсаты:Қапез Байғабылұлы туралы білімділігін кеңейту,өмірі мен өмірлік шығармашылығы туралы түсінік беру.Қапез Байғабылұлының өмірі мен өмірлік шығармашылығы туралы түсінік беру. Қапез Байғабылұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып балаларды адамгершілікке елжандылыкқа тәрбиелеу. Көрнекілік:Қапез Байғабылұлының мүсіні,суреті,өлеңдерінен үзінділер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Мұғалімнің кіріспе сөзі: 1991жылы Қапез бабамыздың есімі мектебімізге берілді.Осы мектепте білім алғандықтан,сендер Қапез аталарыңның өмір баянымен мен өмірлік шығармашылығымен таныс болуларың керек. Бүгін тәрбие сағатымыз Қапез Байғабылұлына арналады. 1.жүргізуші:Құрметті ұстаздар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 2.жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымыз алаштың баласына,мектеп табалдырығын қарлығаштың қанатындай білім нұрын шашқан ұстаз,ақын,сазгер,ағартушы,қоғам қайраткері Қапез Байғабылұлына арналады. 1.жүргізуші:Қапез ата: Он бесімде,қайтемін бала болдым Ел үшін жжиырма бесте дала қондым Отыз бесте қарындас арыған соң Бір өзім алпыс үйге пана болдым-деп тағдырын халқы мен байланыстыра білген ақын. 1.оқушы:Қапез Байғабылұлы 1896жылы Алматы облысы кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында Ақтоғай жылғасының бойында дүниеге келген.Әкесі Байғабыл орта шаруа,молдадан оқып қара таныған,көзі ашық адам болған.Қапез,Әбіш,Сәлден,Қыдырбай деген төрт ұлының бәрінде оқытуға күш салған. 2.оқушы:Қапез ата кішкентайынан өте жақсы оқиды.Ертегі,қиса,дастан,жырларды жатқа айтып,ел ішінде аты шыға бастайды.Ауыл арасында қызбен жігіт айтысына түсіп,ақындығы мен де көрінеді.Жиын тойда ән салып, әншілігі мен танылады. Той алдында дау-дамайға қатысып, шешендігімен де байқалады.Сөйтіп ел жұрт аузында «ақын Қапез», «әнші Қапез», «шешен Қапез» атанып беделі өседі. 1.жүргізуші:Тоғызбұлақ әні. 3.оқушы:Қапез атаның маңдайы кере қарыс,қыр мұрынды,орта бойлы ашық өңді,келбетті кісі екен.Қапез атаны жаңа үйленгеніне қарамастан Стамбулға оқуға жібереді.Стамбулдағы оқу бұларға ислам дінін үйретті,мұсылмандық рухта тәрбие берді.Оқу мерзімі бітіп Уфадағы Ғалия ммедресесіне жіберілген,бірақ медреседе оқымай,ауылға келісімен, бай кедей деп бөлмей, барлық балаларды оқуға тартады 4.оқушы:Қапез Жалаңаштағы сауатсыздықты жою ісіне бел шене кіріседі. «Алғашында мектеп біздің не теңіміз,жасымыз асқан шақта әуреге түсіп қайтеміз,оқу жастардың ісі,-деп көп адам келуден бас татады. Қапез ата үй-үйді аралап, ауыл-ауылға қыдырып жүріп сауаттандыра бастайды.Мектепке тартады.Кейбірін қолынан жетелеп ертіп келеді.Кейбір адамдарды жанұясы мен оқытады. Мектеп ісін жандандыру,оған халықты көптеп тарту,білім ошақтарын көбейту қажет етті. 1.жүргізуші:Бар ғұмырын туған халқына арнаған,білім нәрі мен сусындатқан,сазды әуені мен қазақ еліне рух берген тәлімгер ұстаз. 2.жүргізуші:Елінің тәуелсіздігін, халқының қамын ойлаған,халқының тағдыры үшін құрбан болған асыл азаматтарының бірі. 1.жүргізуші:Болашаққа сенген,болашаққа үміт артқан,халқының ауыртпалығын бірге бөлісіп халық баласы атанған ұстаз. 2.жүргізуші: Айхай әні жадап жүдеген халқының рухын көтеру үшін,жан жүрегінен шыққан ән. Айхай әні:Аналары айырылып баласынан Айырылған балалары анасынан Жетім,жесір,жетімек,ашыққан соң, Сабанның дән іздейді арасынан. 1937жылы Қазақтың бетке ұстаз халқым деп шырылдаған ұлдарына халық жауы деген таңба басылды.Сол құрбандардың бірі Қапез Байғабылұлы еді. 1.жүргізуші..«Үш Меркі» орындалады. 2.жүргізуші: Білім алдым Ыстамбул қаласында, Қазақтың тәлім бердім баласына Өлгеннен соң құр жылар,тірісінде, Кім жетер азаматтың бағасына,- деп өз өмірін әнімен жеткізе білді.Өмірі қазақ баласына тәлім тәрбие берумен,келешек ұрпақтын болашағына алаңдаумен өтті. 2.оқушы:Қара түнек қаптады, айхай, аспанымды, Қайтейін аш мұңынан басқа мұңды, Мұңаймаңдар бауырлар,айхай, мұңаймаңдар, Күн туар көтеретін бастарыңды,-деп аштықтың ауыр азабын кешкен еліне,бауырларына демеу болып,әнімен рух береді.Келешектің шығар күніне қол создырып,намысын қайрап, үміт отын тұтатады.Бұл ән қазақтың басына түскен,қанды қырғын нәубетті көрсетеді. 1.оқушы:Қапез әні:Алаш қонған ақ боз үй бос қалды ма? Жетім жесір қасында дос қалды ма? Өкінбейін десемде өзегім бар, Өтіп кетті – ау дүние, қас қағымда. Ай, әзәзілге сендің де, Айтқанына көндің бе? «Халқым» деген Қапезді-ау «Жау»деп ұстап бердің бе? Итжеккенге айдаған, Азизовтың әлегі, Бұлбұл құстай сайраған, Бұл Қапездің әні еді. Қалып барад артымда балапаным, Аямасын ағайын алақанын. Кебін кимей кебенек киіп барам, 1.жүргізуші: Қош – есен бол,Ақтоғай,Алатауым!-деп әні мен қоштасқан Қапез, небары 43жасында 1939жылы халық жауы ретінде он жылға сотталады.Қазақ халқының азаматы Ухта қаласында түрмеде қайтыс болады. «Жер бетінде топан қаптап кетсін мейлі, 2.жүргізуші:Түбінде өзен ағар дүние-ау арнасында»-деп әндеткен Қапез атамыз халқымыздың сүйікті перзенті,ұлағатты ұстазы,назды үнді сазгері бола білді және болашақ ұрпағына сенді.Қапез атамыздың аты біздің есімізде мәнгі қалады. | |
Просмотров: 1723 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|