Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Зерде сайысы
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар!
2- 3 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Зерде» интеллектуалдық ойынын көруге хош келдіңіздер!
Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақта. Олай болса, білімді, саналы, ұлтымыздың тарихын насихаттаушы, ойлау қабілеттері, дүниеге деген ғылыми көзқарастары қалыптасқан ұрпақ дайындау – біздің міндетіміз. Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Ойынның шартымен таныстырып өтейін.
1.«Таныстыру»
2.«Білгенге маржан»
3.«Әліппе»
4. «Құрастырма сурет»
5. «Математик»
6. «Сөзжұмбақ».
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
1.
2.
3.
«Білекті бірді жығады, Білімді Мыңды жығады» демекші бүгінгі біздің қатысушыларымыз мыңды жыға алатын талапты балалар. Балалар, алда бас кезең бар. Сол кезеңдерден сәтті өтулерінді тілеймін. Барлық сұрақтарға батыл жауап берулерінді сұраймыз. Әйтпесе қарсыластарыныз алға озып кетеді.
Бірінші айналымның аты «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып өтсін. «Бірлік» тобының көшбасшысы Мадинабану өз тобының мүшелерімен таныстырып өтсің.
1-топтың аты: «Бірлік»
Ұраны: «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.»
Топқа сұрақ: - Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?
-Бәрекелді, олай болса сендерге сәттілік тілеймін.
2-топ көшбасшысы Диас өз достарымен таныстырып өтсін.
2-топтың аты: « »
Ұраны: « .»
Бүгінгі ойынды оқушыларымыз осы жақсы қасиеттерін көрсете алады деген сенімдемін. Ендеше, ойынымызды бастайық. Алдымен әр топ капитаны шығып, сайысымызды қай топ бірінші болып бастайтынын шешеді, ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын

Күндіз де жүреді,
Түнде де жүреді,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ.
Ол не, кім біледі? (Сағат)
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.

(Телефон)



Екінші айналым – «Білгенге маржан».
Әр топ 15 сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беруге тиіс . Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпай . Уақыт шектеусіз .

І топ

1. Зат есім қандай сұраққа жауап береді ? кім? Не? Кімдер? Нелер?
2 . Біз немен демаламыз ? ауамен
3 . А – қандай дыбыс ? дауысты
4 . Үш биді ата . әйтеке би, қазыбек би, төле би
5 . Қазақша жаңа жыл қашан ? 22 наурыз
6 . Итмұрын деген не ? өсімдік
7 . Құрманғазы кім ? күйші
8 . Ең үлкен екі таңбалы сан .99
9 . Көктемдегі алғашқы шығатын гүл . бәйшешек
10 . Ұшты – ұшты деген не ? ойын
11 . Аққаланы қашан дайындаймыз ? қыста
12 . Қоянның неше аяғы бар ? төрт
13 . Бір сағатта неше минут бар ? 60 мин
14 . Ж – қандай дыбыс ? дауыссыз
15 . Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).

ІІ топ

1 . Орман емшісі тоқылдақ
2 . Тышқан неден қорқады ? мысықтан
3 . Көптік жалғауды ата . лар лер дар дер тар тер
4 . "Адам болам" - десеңіз деген өлеңнің авторы кім ? А.Құнанбаев
5 . Жылдың төрт мезгілін ата . қыс,көктем, жаз, күз
6 . Масса өлшем бірлігін ата . кг, тонна, центнер
7 . Құртты неден жасайды ? сүттен
8 . Сөйлем неден құралады? Сөзден
9 . Бір ғасырда неше жыл бар ? 100 жыл
10 . Ең үлкен бір таңбалы сан . 9
11. Үш жүзді ата . төле би, әйтеке би, қазыбек би
12 . Ең қу аң . түлкі
13 . Дастарханға айтылатын тілек . бата
14 . Аң патшасы не ? арыстан
15 . Ағаштан ағашқа секіріп , жаңғақ жинайтын не ? тиін

Үшінші айналым – «Әліппе». Бұл бөлімде берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табу керек . Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
Уақыты шектеулі – 3 мин.
Сөз « Қанағаттанарлық »

Төртінші айналым – «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

Бесінші айналым – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
1-топ
3*6=18
48:8=6
56:7=8
7*3=21
71+6=77
25+25=50
30-2=28
2-топ

28-14=14
9*6=54
30:5=6
32-21=11
6*4=24
4+4=8
7*5=35


3+6 = 9 48 - 8=40
19-4=15 2 + 7=9
2+5=7 6 +2=8
35-5=30 6 + 6=12
6+4 =10 20+ 5=25
6-4 =2 20+ 15=35
6- 4=2 18-3=15

Алтыншы айналым –«Сөзжұмбақ». Бұл сайыста мен жұмбақ жасырамын. Әр топқа 5 жұмбақ беріледі. Жауабын екі тілде айту керек.
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылын болса аттама. (кітап, книга)
2. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы (ит, собака)
3. Жүз теңген болғанша,
Жүз ... болсын. (дос, друг)
4. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп, мяч)
5. Ұщқан ..., жүгірген аң, Бәріне тамақ керек. (Құс, птица)
6. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, мел)
7. Жердің көркі не? (гүл, цветок)
8. Сағат сайын қағылады, тек мектепен табылады. (қоңырау, звонок)
9. Ас атасы ... (нан, хлеб)
10. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.
Алтыншы кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы кубокты табыстайды.
«Зерек интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Мурзабаевна (2015-02-03) | Автор: Самал E
Просмотров: 1412 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 3:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru