Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Әліппемен қоштасу кеші. Мақсаты: Алған білімді қорытындылау. Міндеттері: 1.Білімділік: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтай отырып, қорытындылау, ана тілі пәнімен таныстыру. 2.Түзету – дамытушылық: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар. ТҚЖ: Аудио және видео жазбалар, ноутбук, проектор, экран. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі: Балалар саппен залға кіреді. Бір қатарға сапқа тұрады. ІІ.Негізгі бөлім: Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгін біз жай жиналған жоқпыз. Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық. Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 1,5 жыл тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен? Кәусар: Ол менің есімде: Есімде ұстаздың қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны Бір мереке думан боп осы маңда, Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны. Айсұлу: Қыркүйекте келдім де Сыныпқа кірдім қуанып, Қарсы алды ұстаз мейіріммен Қадамымды құп алып. Бақытжан: -Иә, иә есімізге енді түсті. Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз. Кейін үйрене келе барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емес пе? Мұғалім: Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, мен сендерге біраз өткен күндерімізді еске түсіру үшін мына бір бейнежазбаны көрсетейін деп отырмын. Өткен күндерден бейнежазба көрсетіледі. Жандос: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларын! Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Сұрақ: Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Балалар хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Балалар хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Аружан - Әліппе: Армысыздар жас достар! Армысыздар, ата-ана! Арнұр: Әліппем, менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Алтынай: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те, Оқимыз қазір ертек те, Үйреткен оны Әліппе! Алмас: Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа. Мұғалім: Қымбатты, әліппе, біздің балаларымыздың дайындаған шағын концертін тамашалаңыз. Төрге шығыңыз. Ән: «Әліппе». Балалар хормен ән орындайды. Мұғалім: Қане бері қарайық, Зейін қойып тыңдайық Әріптермен танысу Тақпақтардан бастайық. Серікжан - «А»: Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте! Жігер - «Қ»: Қарағанды көмірі Қостанайдың егіні. Даласындай жомарт қой Қазағымның көңілі. Алтынай - «З»: Зау-зау заңғар заңғарлар, Замандар бар, заңдар бар З - да барлық заңдылық Заңда з мен заң болар! Аружан - «Н»: Ас біткеннің анасы Қасиетті нан осы. Салима - «О»: Отан – от басынан басталады. Арнұр - «С»: Жағасында Ертістің Семей деген қалам бар Туған мұнда атақты Абай, Мұхтар, бабалар Жандос - «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан, Қылышты жаумен қырқысқан Ең ежелгі астана Қасиетті Түркістан! Балаларды орындарына отырғызып, концертті әрі қарай жалғастырады. Ән: «Ертегілер». Орындайтын: Нұрпейісова Аружан Балалардың орындауында «Тентегім» биі орындалады. Аружан – Әліппе: - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Кәусар - Ана тілі: Армысыңдар жас достар! Туған елдің тілімін Ақылы мен таңымын, Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін. -Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Мұғалім: -Ана тілі, сен де төрге шық, балалардың өнерін тамашала. Балалардың орындауында «Кавбой» биі орындалады. Ауызша есеп. Слайдтар қосылады. Ата – аналар жауап береді. Тапсырмалар орындалады: «Әліппе» аулына барады. 1.«Әріптер әлемі» ойыны. Ойын барысы: Балалар жабық тұрған әріпті алады, сол әріпке сөз айтады, буынға бөледі, неше буын екенін айтады. Мысалы: «Қ» әрпі- қарбыз, қар – быз. 2 буын. «Мақта қыз бен мысық» ертегіден көрініс. Ауызша есеп. Слайдтар қосылады. Ата – аналар жауап береді. 2. «Не артық?» ойыны ойналады. Ойынның барысы: Ойыншық,оқу құралдарының ішінен не артық екенін айтады. Мысалы: 3 оқу құралы, 1 ойыншық беріледі. 3. «Сиқырлы қапшық» ойыны ойналады. Ойынның барысы: Қапшықтан көкөністер мен жемістерді алып атайды, түсін, пішінін айтады. Бір сөзбен жинақтап атайды. 4.Жұмбақ шешу: Әжеде бар, атада жоқ Әтеште бар, көжекте жоқ. (Ә) 2.Ірімшік жедің ғой, «Тәтті екен» дедің ғой. Оның аты біз жазған, Қайсы әріптен басталған? (І) 3.Ата-анаңмен барып сен, «Пілді» көрдің «парктен» Осы атауға зер салшы, Басталған қай әріптен? (П) 4.Ешкіде бар, қойда жоқ Кеседе бар, қасықта жоқ (Е) Балалардың орындауында «Хлопай раз» сергіту сәті орындалады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1.Қазақ тілінде неше әріп бар? 42 әріп. 2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге бөлінеді. 3.Қандай дыбыстар болып бөлінеді? Дауысты және дауыссыз. 4. «У» дыбысы қандай дыбыс? Бірде дауысты, бірде дауыссыз. 5.Я, Ю, Ё қандай дыбыстар? Қосарланған дауысты дыбыстар. Я – ЙА, Ю – ЙУ, Ё – ЙО. Балалардың орындауында ән: «Тәй – тәй». Аружан – Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен таныстыңдар. Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Аружан – Әліппе: «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату) Бақытжан: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті әліппем! Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім. Алмас: Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды Әліппені бітірдім Бала болдым ақылды. Аружан – Әліппе: Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Балалар хормен: Қош бол, қош бол , құтты Әліппе! Кәусар - Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын. ІІІ. Қорытынды бөлім: Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Айсұлу әліппе кітабын кітапханашы апайға апарып береді, орнына ана тілі кітабын қолына алып, балаларға, залда отырғандарға көрсетеді. Кітапханашы кітапты беріп тұрып, өлең жолдарын оқиды: Гофмон Е.А. (Ана тілі) Кір шалмасың беттерін, Таза болсын оқулық пен дәптерің Оқығандарың есте болсын, Күнделіктерің «5»-ке толсын! Балалар ант береді: 1.Отанымды сүюге; 2.Ата-ананы қадірлеуге; 3.Білімге ұмтылуға; 4.Салауатты өмір салтын ұстануға; 5.Табиғатты аялауға; 6.Мектеп ережесін сақтауға; 7.Үлкенді құрметтеуге; 8.Кішіге қамқор болуға; 9.Кітап – дәптерімізді жыртпай, таза ұстауға; Барлығы хормен: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз! Мұғалім: Бар кітапқа бас болған, Әліппе ғылым данасы Әліппеден басталған, Даналықтың данасы, -деп М.Мақатаев жырлағандай, алғашқы «А» әрпімен, алғашқы «Ана» сөзімен таныстырған әліппе кітабы әрине бәрімізге ыстық. Бүгінгі балаларымыздың Әліппемен қоштасу кешіне келгендеріңізге көп – көп рахмет. Хош сау болыңыздар! Ән: «Достық жыры» Балалар хормен орындайды. | |
Просмотров: 767 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|