Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
ШҚО Глубокое ауданы «Бобровка орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Нурпеисова А.М Математика 3-сынып Тақырыбы: «Ауданды өлшеу» Мақсаты: Аудан ұғымын қайталау.Тік төртбұрыштың, шаршының ауданын есептеуге байланысты білімдерін қалыптастыру.Ауданның өлшем бірліктерін қолдана білуге жаттықтыру. Қайталау сабағы. Көрнекіліктер: аудио таспа,жеке тапсырмалар,электронды оқулық 1.Даярлық кезең 2.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақта ауданның өлшем бірліктерін қайталай отырып,соған байланысты тапсырмалар орындаймыз. Балалар 3 топқа бөлінеді.Әр топта топ басшысы болады. Топ басшылары Топтағы оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырып,тексеріп,бағалайды,сабақ соңында қорытынды бағасын шығарамыз. 3.Тапсырмалар орындау кезеңі. Дәптерді ашып күнді жазу. Аудио материалдарын тыңдау арқылы ауданның өлшем бірліктерін еске түсіреміз. Есіңе сақта! 1дм =10см 1дм.кв=100см.кв 1м=10дм 1м.кв=100дм.кв 4.Тақтаға қалып қойған сандарды жазу.Әр топтан 1 баладан шығып кезекпен жазады. 2дм.кв= см.кв 4дм.кв= дм.кв 5а= м.кв 300см.кв= дм.кв 700дм.кв= м.кв 400м.кв= 4ар Сергіту сәті Біздің ауылдың ауданға байланысты қатысы. ШҚО бойынша «Бобровка ауылы» 2922 га жерді алып жатыр.Соның ішінде елді мекен 683га.Күнбағыс егілетін жер 200га.Арпа,бидай егілетін жер ауданы 500га.Білім ордасы «БОМ» ауданы 5920.4 м.кв.Ауыл емханасының ауданы 80 м.кв. 4 .Тапсырма: Мектептегі бөлмелердің ауданын есепте. бөлме ұзындығы ені ауданы Спорт зал 30м 15м ? асхана 10м 10м ? Акт залы 30м 10м ? Сынып бөлме 8м 6м ? 5.Электронды оқулықпен жұмыс жасау. Жауаптарын тақтаға жазу А)Текшелерден құрастырылған фигураның ауданын тап. 486м.кв 9см Б)Ауданы 49м.кв шаршының периметрін тап. (7+7)*2=28м С)Керекті санды қой. 3м = дм 3м.кв= дм.кв 6дм= см 6дм.кв= см.кв 6.Графикалық диктант - сызу,ауданын есептеу. Оңға қарай 8 торкөз,төмен 4 торкөз,солға қарай 8 торкөз,жоғары қарай 4 торкөз.Қандай фигура шықты? Ауданын тап. (2*4=8см.кв) 4см 2см 7. Сабақты қорытындылау.Бағалау парағы бойынша бағаларын қою.Үйге тапсырма беру. 6,7 тапсырма | |
Просмотров: 1374 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|