Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
КММ «№5 жетімжәнеата-анасыныңқамқорлығынсызқалған балаларғаарналғанқосалқымектеп-интернаты» ШҚО білім басқармасы, Семей қаласы Тәрбиеші: санаты жоқ Мұратова Лаура Қайратқызы Сыныптан тыс тәрбие сағатының әзірлемесі Тәрбие сағаты коррекциялық мектептің 9-сынып оқушыларына арналған Осы іс-шараның мақсаты: Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» Тәрбие сағатының мақсаты: • Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді осы тәуелсіздікке жету жолында еліміздің жеткен жетістіктерін жастарға жеткізе ұғындыру. • Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан»қозғалысының саяси орынын анықтау, тарихи дәйектемелерге тоқтала отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз –ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. • Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Тәрбие сағатының түрі: Тарихи-танымдық кеш. Тәрбие сағатының әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап. Өту барысы: Үнтаспадан музыка ойнап тұрады. Мұғалім: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.Осылай деп кім айтқан еді? Оқушылар: Қаз дауысты Қазбек би Мүғалім: Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл толды? Оқушылар жауабы: 22 жыл. Мұғалім: Жарайсыңдар, ертеде елді билер, хандар, сұлтандар басқарды.Сендер билерді білесіндер ме? Оқушылар: — Әрине, білеміз! Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Мұғалім: Ал, қазір кім басқарады? Оқушылар: — Елбасы, Президент Мұғалім: — Балалар, сендер қандай республикада тұрасыңдар? Оқушылар: — Қазақстан Республикасында тұрамыз Мұғалім : — Қазақстан қандай республика? Оқушылар: — Егеменді, Тәуелсіздік Республикасы Мұғалім: — Дұрыс балалар, сендер біледі екенсіңдер, ал Қазақстан Республикасын кім басқарады? Оқушылар: — Елбасы Н.Ә.Назарбаев Мұғалім: — Тамаша, енді сендерге тағы да сұрақтар қояйын. Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме? Оқушылар: бәрі бірге: Ашық аспандай көгілдір туымыз бар Мағыналы ән ұранымыз бар Тұнғыш президентіміз бар Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар Мұғалім: — Балалар, сендер шынымен де білімді екенсіңдер. Мұғалім: — Балалар, маған рәміздерді талдап бере аласыңдар ма? Әділ:- Бұл ту. Тудың түсі көк, ашық аспанды білдіреді. Айым: - Қыран құс елдің тыныштығын, бірлігін білдіреді. Ерлан: - Ою – өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігі. Гүлнар: - Бұл қазақ халқының елтаңбасы: Шаңырақ үйіміздін жарық түсер саңлауы. Масақ — тоқшылық белгісі. Жұлдыз жол сілтеуші жарық белгі. Мұғалім: — Бәрекелді, балалар, мен сендерге ризамын. Маған енді мына сұраққа жауап беріндерші? 1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не? Гүлдана: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. 2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты? Ерлан: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. 3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер? Қуат: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Мұғалім: Бүгінгі тарихи-танымдық кешіміз 1986жылы 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік. Мұғалім: Қазақ халқын дүние жүзілік танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рұсқылбеков, Ләзат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым етуіміз парызымыз! 1986ж. желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне қыздардың намысын қорғаған ерлігіне күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. Ендеше халқымыздың тәуелсіздігі, егеменді жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық. 1 минут үнсіздік. Мұғалім: Өгей дүние, өгей жұрт Өгей мәлі, өгей қала, өгейсіз тонайды әлі Өзін сатып біреулер Өзеулеп жүр Сары орысты кездігі сорайғалы. Өгей дүние, өгей жұрт Өгей бәрі Шуақ қашты, кеудемнен мұрт түнде Ойларымның үміті жоқ күңгірт мүлде Жер кебеде жатырмын үн шығармай Тым ұзарып кеткен-ай, үміт түнде, Ел есінде, өтірік, қан былығы Жасырып бүктеп оны жаңбыр үні, Тышкан түрткен түнектің түпкірінен, Естіледі кісеннің жанғырлығы. Жаутаңдайды жетімдей қала мұңы Шала жаңсыр, жүрегі жараланып, Арсалаңдап барады, қара төбет Қан-қан болған жарасын жалап алып Күлбіреген өмір-ай, сары құса алып, Қара көзің у жұтып, зәр құсады, Сілекейі шұбырған ит немелер Бірін бірі талалап, қан құсады. Бізге енді жетпей тұр ерік сана, Жүрегімнің түбіне еніп қара Отанымды құтқарса, құтқарады Сен жасаған сол ұлы ерлік қана Жанымда бу қан-қан, қаным барда Тайсалмастан түсемін жалындарға Сен қадаған көк туды тік көтеріп Қарсы тұрам алапат дауылдарға Сөйтіп мәңгі шығарам тауыңды алға Өмір бақи үзілмес үзеңгі үміт Үзеңгі үміт көлінде жүзем күліп Отандасым ызғардан ық шам жаққан Желтоқсанның алдында тізеңді бүк. Музықалық номер:16 ЖЕЛТОҚСАН. Балалар бас иіп қолдарындағы гүл шоқтарын қояды. Барлық бала орындарына отырады. Көрініс:«Қайраттың сотталуы» Тергеуші: -Айыпкер Қайрат Рысқұлбековты алып келіндер! (Әскери адам Қайратты алып келеді.) Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, Савицкийді өлтіргенінді мойында, мойындасаң жазаң жеңілдейді. Қайрат: Жоқ, жоқ мен өлтірген жоқпын! Мен жаламен кетіп барамын! Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген, Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден. Ала таудай бабалар, Әруағыңмен жебей көр! Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең алындар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар! Тергеуші: -Сот келді. Орындарыңыздан тұрыныздар! Сот: Айыпкер Рысқұлбеков қылмысты деп танылып, қазақ КСРО Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша үш жыл, 65-бабы бойынша-15 жыл бас бостандығынан айырылсын. Қылмыстық Кодекстің 173 бабы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, атуға кесілсін. Тергеуші: -Айыпкер Рысқұлбеков, ең соңғы ақтық сөзінді айт! Қайрат: Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін! Қуаттың орындауында «Желтоқсанның Ақ таңға» тақпақ. Мұғалім: Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші. Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн. Слайд (1991ж-2013жылдар арасында Қазақстанның жеткен жетістіктері.) 1991 жыл 1 желтоқсан –ҚР тұңғыз президенті Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев сайланды. 1991 жыл 10 жетоқсан – ҚазақКСР-нің Қазақстан Республикасы болып аталды. 1991 жыл 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік туралы Заңының қабылдануы. 1992 жыл 2 наурыз-ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 1992 жыл 7 мамыр-ҚР Қорғаныс министрі құрылды. 1992 жыл 4 маусым-ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді. 1992 жыл 2 қазан-тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1993 жыл 15 қараша-Ұлттық валюта-Теңгенің айналысқа енгізілуі. 1993 жыл-Рухани келісім жылы. 1994 жыл-Халықаралық жанұялар жылы. 1995 жыл-Абай жылы (150 жылдығы) 1995 жыл 28 қаңтар-ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. 1996 жыл-Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент қүұрылды. 1997 жыл-Саяси қуғын-сүргін құрбандардың жылы. • «Қазақстан 2030» бағдарламасы бекітілді. • ҚР-ның астанасы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді. 1998 жыл 10 маусым-Астананың халықаралық тұсау кесері. 1999 жыл-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. 2000 жыл-Мәдениетті қолдау жылы. 2001 жыл-Тәулсіздіктің 10 жылдығы. 2002 жыл-Денсаулық сқтау жылы. 2003-2005ж.ж.-Ауылды дамыту жылдары. 2006 жыл- Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы. 2007 жыл-Қазақстандағы Германия жылы. 2008 жыл-астананың 10 жылдығы тойланды. 2009 жыл-Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді. 2010 жыл – Қазақстан ЕҚҮҰ-ға төрағалық етті. 2011 жыл-Қазақстанда YII Қысқы Азия ойындары өтті. 2012 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін тойлады. 2013 жылы-Қазақстан «EXPO-2017» жолдама алды. Оқушылардың орындауында Ән:«Көк тудың желбірегені» Қорытынды. Мұғалім: 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматты болыңыздар! –деген тілекпен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды! Сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі, шат-шадыман шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз, біз өздеріңізбен қоштасамыз! Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік,көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік,ағайын! | |
Просмотров: 10277 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|