Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Әнұран 1-жүргізуші: - Құрметті қонақтар мен балалар, біз еліміздің Тұңғыш Президентіне арналған «Ел таңдаған Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 2-жүргізуші: 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні. 1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Мемлекет басқару ісі- машақатты да , мәртебелі міндет Елбасының басталуымен біздің Отанымыз әлемге танылды. 1-жүргізуші: Елім елдігін көрсетті, елдігін танытты. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет , халқы ең бақытты халық, қуатты мемлекет Қазақстан !. 2-жүргізуші: Гүлдене бер Отаным , Көтерген туын Нұр ағам ! Нұр ағаның нұр жолы. Біз сонымен жүреміз. Мақтан етіп біз оны Ардақты Елбасы деп білеміз. 1-жүргізуші: -Балалар , айтыңдаршы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы не білесіңдер? 1-оқушы: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай , өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй –ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасыа бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 2-оқушы: -Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 3-оқушы:-Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 4-оқушы: - Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 5-оқушы:- 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78 процент дауыс алып,Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 6-оқушы:- 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір коститутциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №298-IV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді. 2-жүргізуші: - Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан –жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам.Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н.Әбішұлынікі екенін біз мақтанышпен айтамыз. Ән: «Үш қоңыр»» (Слайд) 2-жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы- Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды үстап тура жолға түсіріп , Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік 1-жүргізуші: Елбасы атқарған істер 1991 жылы 10 желтоқсанда Елбасының жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 2-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Елбасының «Қазахстан Республикасының мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын музыкалық редакциялау туралы » заңдарға қол қойылды. 1-жүргізуші: 1993жылы 15 қарашада Ұлттық Валюта айналымға енгізілді. 2-жүргізуші: 1994 жыл 6 шілде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің Астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды. 1-жүргізуші: 1995 жылы 30 тамызда Референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90 пайызы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата Заңын жақтап дауыс берді. 2-жүргізуші: 1997 жыл - Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысы» атты кітабы жарыққа шықты. 1-жүргізуші: 1998 жыл - Халық бірлігі мен Ұлттық тарихы жылы деп атап өтілді. 2-жүргізуші: 1999 жыл 10 қаңтар - Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды. 1-жүргізуші: 2012 жылы Референдум өткізіліп, Елбасымыздың Президенттік өкілеттілігі ұзартылды. 2-жүргізуші: Қазақстан - ұлт атын ұлықты еткен, Ұлтжанды жандардың арманын биіктеткен. Өзгеде ұлт- ұлысқа қоныс болып, Оларға да жақсылықты үйіп-төккен. 2-жүргізуші: -1 сынып оқушылары Қазақстан туралы өлең жолдарын арнайды. Берік: Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам - Қазақстан. Қойнауы қазынаға толы ма екен , Байлығым атын айтсам – Қазақстан. Арай: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген. Алдияр: Ел болдық, ерік алдық Астаналы, Енді кімнен қазағым жасқанады. Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Мерей: Енді айтарым жастар елін сүйсін деймін, Елі үшін , еркіндік үшін күйсін деймін. Бұрынғы өткен батыр ер бабалардай, Жерін, елін, халқын қорғап жүрсін деймін. 1-жүргізуші: Елбасына арнау Ел басқарған – дағдарыстың кезінде, Қиындықта, тұра білген сөзінде. «Халқым»-деген толғанысы әрқашан, Көрінетін нұрын шашқан көзінде. Мойытпаған өмірдің кем, ащысы Отанымда, жақсылықтың басшысы. Келешекте үміт арта қарайды. Зейнеткерде буын, жас та, кіші де. Бұл да болса – мол сенімі халықтың, Тарықпаған қысымына халықтың. Ұлағатты ұлық ұстар ұстаным, Көкірегіме сәуле шашар жарық күн. Жерім түлеп, ауыл гүлдеп ,көркейді, Ырысым мол, шаңырақта төр тойлы. Ұландарым, білім алған тұрақты, Іргетасы Отанымның ертеңгі, Ынтымақты ел бірлігін сақтаған, Қадір тұтам, шын жүректен мақтанам. Бөліп жармай дінге, ұлтқа, ұлысқа, Баршамызды игі іске бастаған. «Назарбаев» - елдің ағасы. Зиялылық, әділдіктің данасы Отаныма қамқоршым»-деп толғансам, Әр жақсының болмас оған таласы Шарықтай бер, биік шыққан тұғырың! Нәсіп етсін бұл өмірдің қызығын! Әз халқымның көсегесі көгерсін! Алла жар боп, жетсін соған ғұмырың! 2-жүргізуші: -Еліміздің , мектебіміздің кішкентай патриоты Самарханова Арайдың орындауында «Қазақ елі осындай» әнін тамашалаңыздар. 1-жүргізуші: -Білім барлық уақытта жоғарғы құндылықтардың бірі болған.Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Елбасымыз Қазақстанның болашағы жастардың жарқын білім алуына барлық жағдай жасалуда. Назарбаев атындағы Ұлттық университеттерде , шет елде «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастар білім алуда. Қазақстанның көптеген қалаларында Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды. Елбасы « Білімді жастар біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келеді. 2-жүргізуші: -Бізде, №3 мектеп-интернат оқушылары, өз білімімізбен, жан-жақты өнерімізбен тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған шәкірттеріміз қаншама. 1-жүргізуші: - Ал біздің білім ордамызға биыл 35-жыл болды. Олай болса, мектеп тарихына көз жүгіртіп көрсек қайтеді ! 2-жүргізуші: -1979 жылы 15 қазанда мектебіміздің алғашқы ірге тасы қаланды. Оқу жылының басында 15 оқушы болды. Ал оқу жылының аяғында оқушылар саны толықтырылып, 75 оқушыға жетті. Балалар бір-бірімен жақындасып, ұйымдасып бір үйдің баласындай болып кетті. 1-жүргізуші: - Жыл сайын оқушылар саны көбейгендіктен , 1983 жылы жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды. 2-жүргізуші: - Мектеп ұстаздары өз білімдерін жетілдіру үшін Мәскеу, Алматы қалаларына оқу курстарына және семинарларға қатысты. Жазғы демалыста мектеп лагері ұйымдастырылып, онда мектеп оқушылары ғана емес, басқа балаларда демалатын. 1-жүргізуші: - Жерін, тарихын жақсы білу үшін ұстаздар оқушылармен Ертіс жағалауына қонағаға саяхатқа шығатын. 2-жүргізуші «Басшысы болмаса ел жетім » деп Төле би айтқандай, мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Біздің мектебіміздің басшысы Қалиғожин Акрам Әсемханұлы. 1-жүргізуші: Акрам Әсемханұлына сөз беріледі. 2-жүргізуші : Ән «Мектебім» 2-жүргізуші: Келетін үміт шамын алға тартып, Балайтын бір бақытқа атқан таңын. Азат ел көрегенді бірлігі мол, Қазақ боп туғаныма шаттанамын. 1-жүргізуші: Жыл сайын табыс қоссын табысына, Әр қазақ берік болсын намысына. Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін, Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына! ӘН « Жаса, Қазақстан » | |
Просмотров: 1067 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|