Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Экология және денсаулық»
Сабақтың тақырыбы: «Экология және денсаулық»
Мақсаты:
Білімділік:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық:
Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік:
Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыстар.
Көрнекіліктер: Суреттер, әуен.
Өткізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасу
ІІ. Бүгінгі сабақ бірнеше кезеңнен тұрады
1. Мақал-мәтел сайысы
2. Жұмбақ жасыру
3. Сұрақ-жауап
4. Сурет салу
ІІI.Қорытынды
Өткізілу барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
- Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз экология мен денсаулық жайында болғандықтан сендермен бірге викторина өткізгелі отырмын. Қазір екі топқа бөлініп, бақ сынасатын боламыз.
Топтардың аты:
Денсаулық
Экология
1 - кезең мақал – мәтел:
- Балалар, денсаулыққа және табиғатқа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Бас ауырса жан қорқады.
2.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
3.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
4.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
5.Өліспеген көріседі.
6.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
7.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
8.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
9.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
10.Емнің алды - еңбек.
11.Ауру желмен келіп, термен шығады.
12.Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
13.Азған денеге ауру үйір.
14.Қайғы қартайтады,
15.«Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,
16.«Бір тал кессең, он тал ек»
17. Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
17. Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

2 - кезең жұмбақ жасыру
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
3 – кезең. Сұрақ – жауап
1. Экологияның адам денсаулығына әсері?
2. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ», - деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
3. Деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керек
4. Қоршаған ортаның тазалығы денсаулық кепілі деген мақалды қалай түсінесіңдер?
4 - кезең сурет салу.
Балалар ал енді осы тақырыбымызға байланысты ойымызды осы ақ қағазға бейнелеп түсірейік, топ басшылары салған бейнелеріңді түсіндіріп береді.
"Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің.
Балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілейді.«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады».
Қорытынды.
Мұғалімнің сөзі:
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Irina_n (2016-02-13) | Автор: Умарова Асия Шадыбаевна E
Просмотров: 2024 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru