Учительские университеты
"Ұлттар достығын дәріптеген фестиваль"
«Ұлттар достығын дәріптген фестифаль» Қазақстан-көптеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйі. Еліміздегі түрлі ұлттардың тату-тәтті тірлігі бүгінде дүние жүзінің қызығушылығын тудырып, көптеген мемлекеттер үшін үлгі болуда. Тату елдің алмайтын қамалы, шықпайтын белесі болмайтынын әсіресе өскелең ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Бұл орайда қаламыздағы барлық деңгейдегі оқу орындарында белсенді жұмыс жасалады десек артық болмас. Айталық, Н.Г.Чернышевский атындағы №1 орта мектепте жыл сайын, дәстүрлі түрде «Халықтар достығы» фестивалі өтіп тұрады. Мақсат-оқушыларды еліміздегі сан-алуан ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындары, ұлттық тағамы, киім үлгілерімен және т.б. ерекшелеріктермен жан-жақты таныстыру. Биылғы фестивальде әсіресе грузин халқын таныстыру әсерлі шықты. 6-шы сынып оқушылары тау халқының биін, ұлттық тағамын жақсы зерттегені соншалық, жиналған қауым еріксіз таңдай қағысып, қошеметтерін аямады. Айта кетерлік жайт, сынып жетекшісі Көшерханова Ж.Н. бұл іске ата-аналарды да белсенді араластырып, үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын оята білген. Бұл әр ұлттың бірін-бірі жақсырақ түсініп, құрметпен қарауына өз септігін тигізері анық. Фестивальға грузиндерден бөлек украиналықтар, үндістер,мексикалықтар,сығандар,қазақтар, татарлар, орыстар келіпті. Әр сынып өзі таңдаған ұлтты неғұрлым жан-жақты таныстырғысы келгені аңғарылып-ақ тұрды. Алуан тағамнан майысқан фестифаль дастарханынан грузиндердің далмасын, татардың пәрәмашын, орыстардың түшпарасын, украиндардың борщын көруге болатын еді. Татулықты дәріптеген фестивальде биыл грузин халқын таныстырған оқушылар гран-приді иеленді. Р.Р.Нуруллина төрағалық еткен қазылар алқасының мүшелері А.Е.Кусманова, З.Т.Утепова фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы уақытта бұл шараның аясы кеңіп, қалалық ауқымда өткізілетініне үміт білдірді.
|
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Айнур3834 (2016-05-25)
|
Просмотров: 1184
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]