Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

"Болашағымыз – жарқын, келешегіміз кемел! "
Болашағымыз – жарқын, келешегіміз кемел!
Мақсаты:
1. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру
2. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін жеткізу
3. Еліміздің егемендік алғаннан бері жеткен жетістіктерін жеткізу
4. СТ-21 тобы студенттерінің өнерлерін паш ету
Тәуелсіз Қазақстан!
Ән ұраным - Жан ұраным,
Айтар әнім - Сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Шырқалып бір орындалады.
І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар! Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні -байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан-ғасыр ұлы той!
Тәуелсіздік-
Мәңгі жыр, мың бір дастан,
Тәуелсіздік-
Таңғы нұр,зеңгір аспан,
Құлақ түрші, даламда ұлан байтақ,
Күйі ойнап Қазақтың тұр тынбастан !!!
Тыңдайық ендігіде жас ақынды
Кеудесінде тұнған жастық жалыны
Тәуелсіздік жайында міне бүгін
Жыр шумағын төгеді жүрегімен
Амандыққызы.М «Тәуелсіз ел-Қазақстан»
ІІ-жүргізуші: Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан,тәуелсіздікті тәу етуден артық баға жоқ. Тәуелсіздік-тәуекел еткенге ғана бұйыратын бақыт! Біздің алдымызда тәуелсіздікті қорғау,татулықты сақтау,тұрақтылықты орнаттыру сияқты аса күрделі тарихи істер тұр. Бізге мыңжылдықтар тоғысқан алмағайып кезеңде мемлекет құру, ел болу міндеті жүктелді. Келер ұрпақ алдыңдағы бұл ұлан-ғайыр істерді біздің еліміз абыроймен атқарып келе жатыр. Дүние тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы жылдарында осындай қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған жоқ.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишіміз би билейді
Көрермендер қол соғыңыз мархабатты.
Шырақбаева Жаннұр «қазақ биі» қарсы алыңыздар!
І жүргізуші: «Бақ бағалағанның басында тұрады» дейді.Қастерлей білмесен, қасиеттің де құны қалмайды. Күлтегін ұстанымында «Елді түзеген, бәрін бейбіт еткен, азды көп қылған, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған» деген сөздері бар.Осының бәрі Қазақ елі үшін айтылғандай әсер қалдырады.
ІІ жүргізуші: Мемлекеттік құрылымдарын негіздеп, алтын арқауы үзіліп қалған елдік дәстүрді қайта жалғап, оны берік орнықтырдық. Елтаңбаны айшықтап, күн астына алтын қыраны қалықтаған көк байрақты шарықтатып, әнұранды шырқаттық. Ұлтаралық келісім мен діни түсінікте негізделген бірегей қоғам қалыптастырдық. Кеткеніміз келді, кемісіміз толды, ұлттық құңдылықтарымыз ұлықтала бастады. І Жүргізуші: Ендеше студенттер келесі ойын сұрақ-жауап!
Сұрақ: Тәуелсіздік деген не? Тамсандырар әлемді ән бе, әлде өлең бе?
Жауап: Тәуелсіздік бұл-бақыт!
Сарқылмайтын шаттық қой!
Көздің жасын құрғатып,
Келген бізге бақыт қой!
2 студент: Ешкімге де бас ұрма
Алғысыңды айт уақытқа.
Тәуелсіздік қасында
Басқа бақыт бақыт па?
Ән « »
І жүргізу: Адам жанының ыстық ықыласы мен пейіліне толы «Менің Президентім» деген осы бір ауыз сөзді қазір қазақстандықтар жиірек айта бастады. Халық-дана! Сол дана халық өз Президентінің өздерін өркениет дамуының дұрыс сенімді бағытымен бастап келе жатқандығын танып отыр. Қазақ елін, қазақ деген ұлтты әлем ең әуелі Назарбаев есімімен, Назарбаев келбетімен таныды. Бұл-тарихи ақиқат!
ІІ жүргізуші: Әр адамзат баласының бүгінгі күні қасиет тұтар жеті дүниесі бар. Олар-Жер, Тәуелсіздік, Президент, Көк ту, Елтаңба, Әнұран, Қазақ тілі. Міне, біздің түсінігімізде қасиетті болып саналатын осы жеті дүниенің біреуіне шәк келтіруді ақылсыздық пен парықсыздық, тәуелсіздікке жасалатын опасыздық деп білемін.
Мәнжазба «Саменова Айдана, Тілеген Ажар «Жастар саясаты. Н. Назарбаев жолдауы»

Кроссвордты шешу.
А С Т А Н А
Ұ Л А Н
С А М Ұ Р Ы Қ
К І Т А П
Б Ә Й Т Е Р Е К
М У З Ы К А
1-сұрақ: Елордамыз?
2-сұрақ:Балалар газеті?
3-сұрақ:Биік бәйтерек басына қонған құс?
4-сұрақ:Қойған жеріне жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады?
5-сұрақ:Астана символына айналған ғимарат бар, оны қалай атайды?
6-сұрақ:Композитор не жазады?
І жүргізуші: Барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір екінші адам-бүгінгі Астананың салынуы. Дүние қара бір бөліске түсіп, бодандықтың бұғауынан басымызды енді шығарып ала бастаған тұста, ес жиналып, етек жабылмай жатқан шақта астананы ауыстырмақ түгіл мінген атыңнан ауып түсіп қалмауы ғана ойлар қилы да қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдан астананы Арқадағы Ақмолаға көшіру жөніндегі ойына бүкіл ел шошына қарады. Сенбеді. Сенгілері келмеді.
ІІ жүргізуші: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас,
Арқаның селі,желі,шөлі, белі-
Ерлерді ұмытса, ел ұмытпас,- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
I-жүргізуші: Келесі кезекті «Әріптер сөйлейді» ойынына берейік.Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі.Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.
А- Еліміздің оңтүстік астанасы(Алматы)
Ә- Абылай ханның щын есімі(Әбілмансұр)
Б- Астана қаласының символы(Бәйтерек)
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға(Ұлттық теңге валюта енгізілді)
Г- Тарихтың атасы (Герадот)
Ғ- Н.Ә.Назарбаевқа берілген атақ(Ғасыр адамы)
Д-Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тиымдардың жиынтығы(Дін)
Е- «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қаласының маңынан)
Ё- Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді(1992 ж.4 маусым)
Ж- «Мен қазақпын» поэмасын жазған ақын(Ж.Молдағалиев)
З- Сиырждың пірі(Зеңгі баба)
И- Елбасының мамандығы(Инженер- металлург)
Й-Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы(Халифа Алтай)
К - Қазақстанның соңғы ханы(Кенесары)
Қ -Ж.Баласұғынның XI ғ.жазған еңбегі(Құтты Білік)
Л- 1959ж. М.Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін берілген сыйлық(Лениндік сыйлық)
М- ҚРМәдениет және ақпарат министрі(Мқхтар Құл-Мұхамед Абрар ұлы)
Н- Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы(Н.Тілендиев)
Ң-1993ж.белгіленген ҚР ҚК әскері құрамының жоғарғы офицерлері,ҰҚК,II, прокуратура,т.б.органдар басшыларына берілетін орден.(Даңқ ордені)
О- Қазақстанның бұрынғы астанасы(Орынбор)
Ө- Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы(Өскемен)
П- Жоғарғы заң шығңарушы орган(Парламент)
Р- 1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам(Р.Бағланова)
С- Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тамағы(Сөк)
Т- Қазақстанда алғаш тәуелсіз деп танылған ел(Түркия)
У- Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті(уыз)
Ұ- 1999ж.Қазақстанда қандай жыл болып жарияланады(Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы)
Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген(Үркер)
Ф- «Екінші ұстаз» атанған ғұлама(Әл- Фараби)
Х- 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға(Халық санағы)
Һ- ҚР сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілген орден(Халық қаһарманы)
Ц- Астана қаласының бұрынғы атауы(Целиноград)
Ч- Қазақтыңжазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын(Абай)
Ш- Аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманф(Ш.Қалдаяқов)
Щ- Биыл тәуелсіздікке неше жыл(19жыл)
Ъ- «Семей полигоны»татты кітаптың авторы(К.Бозтаев)
Ы- Қазақтан шыққан кескіндемеші суретші(Г.Ысмаилова)
І- «Көшпенділер» трилогиясының авторы(І.Есенберлин)
Ь- Қазақтың ең биік тауы(Тянь- Шань)
Э- Халықтардың әдет- ғұрып, салт – дәстүрін зерттейтін ғылым(Этнография)
Ю- Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстардың бірі(Ою)
Я- Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы(Әлия)

І жүргізуші: Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол- жері жұмақ, елі бақытты Отанымыз, Қазақстан!
Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын.
Жас болып ару Астанам, құлпырып күндей жайнасын.
Тәуелсіздігім – тәтті сый Тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақытым, тәуелсіздік тойын тойласын!
Келешегіміз – кемел! болашағымыз – жарқырасын,
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер! Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп, желбірей берсін!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: ЧЕРЧЕНИЕ (2016-05-29) E
Просмотров: 864 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru