Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
“Управления образования Восточно – Казахстанской области” КГУ “Восточно Казахстанская областная школа-интернат для детей сирот,и детей оставшихся без попечения родителей” Воспитатель: Тоқтарова Айман Советбековна Сабақтың тақырыбы:«Жол ережесін білу бәріне міндет!» Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту. 3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Сайыс сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, суреттеу. Көрнекілігі:Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздеркөрнекіліктер, бейнетаспа. Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: І. Кіріспе: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатертудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды? Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала. ІІ. Негізгі бөлім: Балаларды екі топқа бөлу. Таныстыру: І-топ «Жолаушылар» Белгілері: «Ақ жол» Ұраны: «Ұлы сөзді тыңдаймыз, Жол тәртібін бұзбаймыз» ІІ-топ «Жүргізушілер» Белгілері: «Рөл» «Руль» Ұран: «Ережені жолда біз сақтаймыз, Керек жерде тормаз басып тоқтаймыз.» Әр қойылған сұраққа таяқты көтеріп тез жауап беруге тырысыңдар. Таяқты бірінші болып көтергентоп дұрыс жауап бере алмаса , екінші топтан дұрыс жауап сұраймыз. Ол топ та дұрыс жауап бермесе ұпай ешкімге берілмейді. 1. Сұрақ жауап: 1) Жиекжол (тротуар) деген не? (Адамдаржаяужүретінкөшежиегіндегі тар жол) 2) Көшеде жүру ережесі бізге не үшін керек? 3) Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.) 4) Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? 5) Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек) 6) Жиек жолда қалай жүру керек? 2. Айғай шщумен үш адам кіреді. 1-адам: -Жүріңдер,жүріңдер. Жылдам жүріңдер. Қалмаңдар, жүріңдер. 2-адам: -Жүрейін бе, жүрмейін бе? Жүру керек қой, жүрейін. 3-адам: -Тоқта, қайда барасың? Тоқта! Тоқта! 2- адам:- Тоқтайын ба? А, тоқтайын! 1-адам: -Ой, жүреміз, жүріңдер, жүріңдер. Неге ойланып тұрсыңдар? Жүріңдер... (балаларды жүргізеді, жүгіртеді, секіртеді. 2- адам:Жүреміз,жүреміз-деп бірге жүреді) 3- адам: -Тоқта! Тоқта! Тоқта! 2-адам: Ой, тоқтау керек, тоқтайық, тоқтаңдар. Тәрбиеші: -Балалар бұлар кімдер өзі, үшеуінің мінезі де әр түрлі екен. Кімсіңдер? (Үшеуі бір біріне сөз бермей сөйлейді) -Балалар қане ойланып көрейікші, кімдер бұл? (Бағдаршам) -Бағдаршам екенін қайдан білдіңдер? 1. Жүріңдер жүгіріңдер деген ол ЖАСЫЛ 2. Жүрейін бе, тоқтайын ба деп көп ойланып барып істейтін ол САРЫ 3. Тоқта! Тоқта!- деп айғайлаған ол ҚЫЗЫЛ -Қайдан жүрсіңдер? Қызыл: -біз осында сабақ болып жатыр деп естіп келдік. Сары: -Балалардың жол ережесі жайлы білімдерін тексеріп келдік. Жасыл: - әрқайсымыздың сендерге әкелген тапсырмамыз бар. Тәрбиеші: Көрсетеміз бе білімімізді? ЖАСЫЛ: Жұмбақтарды шешу: 1 Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Ысқырық пен түзеткен. (МАЙ қызметкері) 2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. Өміріңді күзеткен, (Автобус) 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол) 4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тымұзын, Ала – алмайсың бірүзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам» 7. Қозғамасаң құлайды, Сүйемесең сұлайды. Құйымшақты ері бар, Бұл не деген жануар? (велосипед) 8. Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді Жүк емес жануарға жүз адам да Доғасын сымнан салып, жол жүреді. (трамвай) САРЫ викториналық сұрақтар: - Көлікті уақытша қоятын орын (Тұрақ) - Жоғары-төмен қозғалатын транспорт түрі (Лифт) - Маторлы велосипед түрі (Мопед) - Қай аң атауы жолаушыларға жол ашады? (Зебра) - Велосипедте неше жастан бастап жолда жүруге болады? (14 жастан) - Көшені қалай өту керек? (Бағдаршам немесе жолаушылар жолынан) - Көліктің алдынғы орынына неше жастан бастап отыруға болады? (12 жастан) - Сары жанғанда не істеу керек? (Дайындалу керек) ҚЫЗЫЛ бейнесюжет бойынша жағдаятты шешу. - Ал бағдаршам, көрдіңдер ғой біздің балалар өз білімдерін шамалары келгенше көрсете білді. Енді біз сендер бөлек-бөлек жүрмесін депмына футболканы кигіземіз. Әрқашан бірге бізге бағдар беріп тұрыңдар. 3. Жол белгілерін дұрыс орналастыр. (Үстел үсті ойыны) 4. Карточкамен жұмыс 1-топқа: Жолаушыларға арналған жол бөлігі; а) көпір жағалауы б) жиек жол в) жалғыз аяқ жол 2- топқа: Жолаушылар жаяу жолда қалай жүру керек? а) ортаны ұстану б) сол жақ жолды ұстану в) оң жақ жолды ұстану 5. Кім жылдам жол белгілерін құрастырады? 6.Капитандар сайысы «Жолда жүру ережесін сақтайық!» проект корғау. ІІІ. Қорытынды бөлім. Әділқазылардың бағасы, мақтау- мадақтау, марапаттау сәті. Тәрбиеші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі — заңды тәртіп Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жолережесінәрқашанестесақтаукерек. Жолережесінжақсыбілсекөзіміздіжолапатынансақтаймыз. Ал енді осы ережелердіәрқашанорындап, аманболайық! Шығыс Қазақстан облысы «Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп -интернаты» коммуналдымемлекеттікмекемесі Коммунальное государственное учреждение «Восточно-Казахстанская областная школа – интернат для детей - сирот и детей оставшихся без попечения родителей» управление образования Восточно – Казахстанской области «Жол ережесін білу бәріне міндет» Өткізген: 8«А» сынып тәрбиешісі Токтарова А.С. Семей қаласы | |
Просмотров: 1491 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|