Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: « Сыйынар ем Ана деген тәңірге! » Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз, аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстаздарға, ата-аналарға деген құрмет-сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: слайд, анаға тілек жазылған плакаттар, суреттер. Жүру барысы: І.Ұйымдастыру Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз! Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Бүгінгі біздің сыныбымыз дайындаған «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге» атты шарамызға қош келдіңіздер! 1-оқушы: Сұлтан Бесік жырың ғұмырымды күй қылған, Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған, Асыл ана құтты болсын мерекең, Құшағына күллі әлемді сыйдырған! Құтты болсын аналардың мейрамы, Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары, Мерекесі бұл көктемнің алғашқы Бақыт берсін әр көктемнің айлары. 2-оқушы: Рауль Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 8-наурыз келді қыр асып, Қыз келіншек, нәзік жандар мейрамы, Көктемнің шапағатын тұр шашып. Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды, Болсын әр кез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер! 3-оқушы: Диас Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар, Сәтті басса ұрпағың,-мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар! Анасыздар-Ақ Еділ, Жайықсыздар, Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар, Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің күні десе лайықсыздар! Ән «Анашым қартаймашы» «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық. 4 оқушы Гүлсая 8-наурыз 2017 жыл көктемі Қыстың кетті аязының өктемі, Мерекеңіз құтты болсын ханымдар Күндей болып жарқыраңдар көктегі. Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің Ақындардың өлең арнар жырысың Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға Ғасырларға жалғасады бұл ісің. 5-оқушы: Әсем Әжемді мейрамымен құттықтаймын! Айтатын ән, беретін гүлім дайын! «Әжетай сені жақсы көремін!»-деп, Ақырын құлағыңа сыбырлаймын! Жыр арнайық оларға жігері ассын, Гүл арнайық көңілі шалқып тассын, Сыр арнайық жүректі жарып шыққан Нұр арнайық қуатын беріп жастың! 6-оқушы: Бекнұр Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан Ананың биік тұғыры, анадан туған бар адам. Пайғамбарымыз Мухаммед ананы құрмет санаған Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам кешірген Тілін алсам-айналған, күнам болса өшірген Ақ анашым!Анашым!саған тәнті бала шын! Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем –жылапсың! Шыңға шықсам қуанып, мен құласам құлапсың. Ақ анашым!Анашым!сендей бар ма жанашыр! Ер балдардан Аналарға сәлем ретінде «Джентельмен» биі Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң. Шырылдап жерге түскеннен – ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім? Ол – анаң. Сен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң. Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы кім? Ол – анаң. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін кім? Ол – анаң. Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға кім? Ол – анаң. Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегіміз келеді. 7 оқушы Әлімжан Ең күшті нәрсе не?-десе -Ананың әмірі!- дер едім Аналардың барлығын Жердегі Тәңірі !-дер едім. Өз басым аналарды осылай деп бағалаймын.Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың төл мерекесі- 8-наурыз.Бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен арулардың мерекесі көктемнің келуімен тұспа-тұс болып отыр.Себеб іәлемді жаратушы-Ана. 8 оқушы Жаңылсын Ана Сен бақыттысың, Жыламағын! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағың, жыламағың! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасындамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағың, Байырғы берекеңді қашырмағың. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді… Көрініс: « Менің анам дүниедегі ең жақсы адам!» Сахнаға Сұлтан жылап кіреді. Әліби - Неге жылайсың балақай? Сұлтан - Анамнан адасып қалдым. Әліби - Анаң қайда кетіп еди? Сұлтан - Дүкен аралап кеткен. Әліби - Жарайды, жылама енді. Екеуіміз бірге іздейміз. Табамыз қазір. Сенің атың кім өзі? -Сұлтан : -Сұлтан . Әліби - Қандай әдемі есім. Әліби - Анаң қандай адам еді? -Сұлтан . - Менің анам дүниедегі ең жақсы адам! Әліби - Онда жақсы. Қазір екеуіміз осы арадағы жандардың арасынан ең жақсы адамды іздеп табайық. -Сұлтан . - Жарайды. Адамдардың арасынан көзімен анасын іздеп табады да: -Сұлтан . - Анашым! Әне менің анам! Ол ешкімге де ұқсамайды сұлу, әдемі әрі ең жақсы адам-деп анасын ортаға ертіп шығады. - Анашым, енді ешқайда кетпеңізші. Мен сізге тақпақ айтып беремін. Еркелеткен жаным деп, Ардақтым да асылым, Қастерлеймін қадірлеп, Әрбір талын шашыңның 9 оқушы Асылқан Мейіріміңнен нәр алдым Күн нұрынан жаралған Аяулысы адамның Жақын кім бар анаңнан. Аялаған анамыз Саялаған панамыз Шынары боп өсеміз Шырағы боп жанамыз. 10 Бекет Шешем менің жақсы адам Маған ақыл айтады Базарға да бақшаға Өзі апарып қайтады. Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Ұландарды қуантып Ұзақ өмір сүріңіз Ойын: «Балалық шақты еске түсіру» Аналарымыз да бір сәт өзінің бала күндерін еске түсірсін. (Балаларға 1 стақан шай мен қасық береді. Балалар қасықпен аналарына шай береді. «Кім жылдам») 11 Әліби «Күнім» , «Жаным» дегенді «Құлыншағым» дегенді «Ботақаным» дегенді Ойлап тапқан аналар. Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме анашым. 12 Аружан: Әже! Өмірімнің шырайысың Көңілімнің Күн, Айысың Өзіңсің ұмыттырған Жанымның мұң қайғысын. Сен менің барлығымсың Бақытым, байлығымсың Иілмес болат болсам Сен үшін майырылғышпын. Көрініс:«Ана мен бала» Ортада анасы отырады тоқыма тоқып,даладан баласы жүгіріп келеді.Анасын құшақтайды,анасы баласын айналады. Анасы:балам ойыннан оралдың ба? Баласы: иә,анашым,мен бүгін қайсардың тобын жеңіп кеттім. Анасы.Жарайсың балам ,енді сабағыңды оқи ғой. Баласы :Анашым басыңда үш ақ шаш бар екен. Анасы:Сабағыңды оқи ғой балам. /бірнеше күн өтеді\ Анасы:Айналайын ойыннан оралдыңба? Баласы:Анашым шашыңдағы ақ шаш төртеу болыпты.Бұрын үшеу еді ғой,неге тағы біреуі ағарып кеткен? Анасы :Ауырғанан,ананың жүрегі ауырса шашы ағарады. Баласы:Жүрегің неден ауырады? Анасы:Есіңдеме ,сен өте биік ағаштың басына өрмелеп алыпсың ,терезеден көріп тұрғанмын.Сенің жіп-жіңішке бұтақтың үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп,жүрегім ауырып кетті.Содан шашым ағарды. Баласы:Анашым мен жуан бұтақтың басында отырсам шашың ағармас па еді?Анашым енді сіздің жүрегіңіз ауратындай жаман әркеттерге бармаймын. Кешірші мені анашым шашыңыз мен үшін ешқашан ағармасыншы 13 Жансұлу Жусын деп нұр жүзіңді, Жансын деп жұлдызыңды Бақытты тірлігіңді, Тілеймін күндіз-түні. Өзіңсің жаным менің, Маңдайда бағым менің Сен барда қандай мәнді Атқан әр таңым менің Ән «Ақ мамам» 14 Аңсар Баланың да тірегі Даланың да тірегі Шаршамасын ешқашан Аналардың жүрегі Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін әр күн мен Құттықтаймын анашым Сегізінші Наурызбен 15 Нұрдәулет Алақаны ақ самал Мәпелеген жан анам Көкте күнім батса да Өзің күнсің балаға. Теңдесі жоқ данасың Арқа тұтар панасың Еңбегіңді ақтайын Аман болшы анашым. «Балам – бақытым, болашағым» мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады. 1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз? 2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді? 3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз? 4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай? 5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз? 6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді? 7. Балаңыздың парталасы көршісі кім? 8. Балаңыздың сүйікті асы не? 9. Сынып жетекшісінің толық аты кім? 10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? Сәбилер биі 16 Ернұр Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ! О, аналар осындайсың бәріңде, Осындайсың жасын, дағы кәріңде, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге, 17 Саят Өмірде ана бұлақ, ана пана Өмірді өркендетер ана ғана Өсірген талай көсем,талай шешен Талай ер,талай ақын,талай дана Ана-ол біздің елде ардақты адам Кіші де,үлкен де оны ардақтаған Өзінің аяулысы-Отанды да «Ана» деп біздің халық текке айтпаған Ән «Менің анам алтын» 18. Әсел Алақанда әлпештеген мәпелеп Ер жеткіздің ертіп жүріп жетелеп Қарыздармын өзіңізге анашым Парызымды өтеймін деп еселеп Қажымайтын қайсар жанды данасың Тербетіп қос қолыменбаласын да даласын Қиындықтың төзе білген бәріне Қартаймашы,қажымашы анашымІ «Балалар әлемі» алдын ала салынған суреттер ішінен аналар өздерін тауып алуы керек 19 Малика Адам бар ма ана сүтін татпаған Алуан-алуан ауыр сынды атқарған Адалдықты,ар-намысты сақтаған Мен анамның сонысына мақтанам «Ана» деген ұлы адам ғасырдан Саған талай даналар да бас ұрған Мен жырлаймын,бір сіз үшін анашым Жыр жазамын гауһар,жақұт,асылдан Сіз бар жерде әлем гүлдеп,жайнайды Көкте күн мен ай-жұлдыздар самғайды Аналарды Аман еткей Жаратқан Деп тілеймін күндіз-түні ақ таңнан ІІІ Қорытынды Барлық оқушылар кезегімен аналарына алғыс білдіреді: Аружан: Аналар сіздерге рахмет! Малика: Жарық дүниеге әкелгенің үшін Бекет: Ақ сүт бергенің үшін Әсем: Мейірімің үшін Асылқан: Қамқор болғаның үшін Әліби : Ауырғанда уайымдағаның үшін Бекнұр:Түнде бөлінген ұйқың үшін Әлімжан: Әрбір сәтіме қуанғаның үшін Сұлтан: Алғашқы сөзіме қуанғаның үшін Жаңылсын:Алғашқы қадамыма қуанғаның үшін Рауль: Мені ойлап уайымдағаның үшін Нұрдәулет: Мен деп бетіңе түскен әжім үшін Саят: Үйдегі татулық үшін Аңсар: Үйдегі береке үшін Әсел: Үйдегі молшылық үшін Ернұр: Тәлім –тәрбиең үшін Жансұлу:Үлгі-өнегең үшін Диас:Мені кешіргенің үшін Рахмет сізге! Рахмет сізге ,Анашым!-барлығы бірге айтады. Жанұяның тірегі әке болсын, Шаңырақтың шуағы ана болсын, Бар тілекті арнайтын балаңызға Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын. Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын! Өзінің аяулысы-Отанды да «Ана» деп біздің халық текке айтпаған дегендей Отан отбасынан басталады. Отанымыз тыныш болсын. Аналарымызға деген біздің көңіліміз,құрметіміз ұшан теңіз.Аналарымыз әрқашан аман болсын! «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» атта ашық тәрбие сағатымыз аяқтай келе сіздерге шат көңіл,мықты денсалық тілеймін. Ән «Қазақстан» Келесі сөзді ---------------------------------------береміз. Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі Ашық тәрбие сағаты « Сыйынар ем, Ана деген тәңірге! » Өткізген 1 «Ә» сынып жетекшісі А.Дангиева 2017 жыл | |
Просмотров: 1181 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|