Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Абижанова Алтынай Айтановна КММ «Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ШҚО мектеп – интернаты» УО ВКО «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» (сахна сыртында «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады) - Сүйінші, көктем келді, көктем келді! (Гульмира, Алтынай – қазақ киімі) - Көктем келді құлпыртып көкпен жерді. (Талғат, Гүлназ – От ана) -Ағайын, әз Наурыз құтты болсын! (Альфия, Айдана – Наурыз қыз) -Қош келіпсің, Наурыз! (Жұлдыз, Теңілік –Жер ана) - Наурыз тойы келе берсін, барлық халық байлыққа кенелсін! ( Турганова, Касембекова –Су ана) - Наурыз айы туғанда, амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! (Асем, Мухамадиева(аластау сөздері)) - Той басталды! Наурыз келді! Жаңа жыл келді! (Руслан, Назым – Күн ана) (ұсақ ақ гүлдерді қыздар шашады) Музыкалық номер: Би «Наурыз....» І жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мереке сіздерге бақыт сыйласын! ІІ жүргізуші:Наурыз начало года по восточному календарю. Пробуждается природа, этот день казахи называют Великим днем улыса. Он самый любимый и длинный день в году. Обычно в Наурыз люди прощали друг другу прежние обиды. Музыкалық номер: «Наурыз думан» әні. Орындайтын: Абижанова А.А. І жүргізуші: Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! Құттықтау сөз кезегін Смағұлова Г.Ж. мен Байшыбаева Л.Т. беріледі. ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «Елге сәлем» әні. Орындайтындар: Молдагалиева Ж.О. Турганова Д.Т. Касембекова Д. Молдагалиева Ж.О.: Армысыз, қасиетті Жер - ана! Табынып Сізге тәу еттім. Өркендеп өссін көк шыбық Мейіріміңді төге көр! Теңілік – жер ана: Келгенде Наурыз жыл басы Аспаннан жаңбыр себелер. Құлазып тұрған қыр басы Жаңбырмен өніп көгерер Әлемнің түрі өзгеріп Құстарда қайта ән салар! ІІ жүргізуші: Шыға келді сыланып сылаң келер, Қияңдағы қиылды қыранға ерлер. Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында Мың бұрала жүгірген бұраң белдер. Музыкалық номер: Би: «Сұлу қыздар» Турганова Д.Т.: Армысыз, құдіретті су – ана! Нәр болып тарайтын далаға, Табынып тәу етем өзіңе, Жақсылық оянып санамда. Касембекова Д.К. – Су ана: Су қылып тәңірім жаратқан, Келемін ағып жырақтан Нәрімді мол қып шашайын Сусынын жердің басайын. Адамдар көрсін қызығын, Қазынасын оның ашайын! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: « » әні. Александров Р.Ю.: Армысыз, құдіретті Күн – ана! Жылуыңа бас идім. Әлемді жарық еткен, Қасиетіңе бас идім! Камзанова Н.С. – Күн ана: Күн қылып тәңірім жаратты Бойыма құйып қуатты. Менімен жарық дүние, Менімен әлем шуақты! Мендегі қуат ғаламат, Таралар менен шапағат! Пайдасын көрер адамзат. ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «Әгугәй» әні – Молдагалиева Ж.О. Ноғайбаев Т.Т.: Армысыз, жалынды От- ана! Жылуды мол шашқан далағ . Мұздаған тәніме жылу бер, Табынып бас идім өзіңе. Кусаинова Г.С. – От ана: Жалынмын мен, Тәңірім от қып жаратқа! Құдайым – шебер, Қолына бәрін қаратқан! Жылуым бар аямайтын адамнан, Қуатым бар келген алып ғаламнан. Мен ежелден серік болғам адамға, Есеп жетпес неше ықылым заманнан! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: Би: «Испан биі» І жүргізуші: Дүниенің құпиясые сара көңілмен тани білген дана халқымыз Жаңа жыл келетін күні түнде «Жалғыз шала сәуле болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас» деп төрге қос шырақ жағып қояды екен. Бұл түні үйдегі бар ыдыс атаулыға ақ құйып, оларды дәндерге, бұлақ суына толтырып қоятын болған. Оның себебі – осы жыл бойы үйімізде молшылық, беоеке болсын дегенді тілеу.Аластау – халқымыздың әдет – ғұрпы бойынша өткен күндерге ауырлық, реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын, Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен орындалатын басты рәсімнің бірі. (баяу музыка ойналады) (Музыка әуенімен сахнаға қолдарына наурыз көже құйылған кеселер ұстаған 7 жігіт, 7 қыз шығады. 7 жігіт топ алдына келіп,қолдарын жоғары көтере ұстап, бір тізерлеп отырады. Қолдарына шырақ ұстаған 7 қыз оларды айналып жүріп аластағандай әрекет жасайды) Мұхамадиева Д.(аластайтын қыз): Алас, алас, пәледен қалас, қалас, қалас! Жаңа жыл жарылқа, Ескі жыл есірке. Пәле – жаладан сақтай гөр, Жамандық әрмен кет. Айдан аман болайық, Жылдан есен болайық. Алас, алас, пәледен қалас, қалас, қалас! (аласталып болған соң жігіттер орындарынан тұрып наурызкөже құйылған кеселерінүлкендерге береді. Шырақшылар жартылай дөңгелене тұрады) ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «Наурыз жыры» Нұртас Е.Н. І жүргізуші: Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қызыр баба аралайды деседі. Қызыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. ЗЖүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қызыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Оның белгісі оң қолының бас бармағында сүйек болмайды деседі білген адамдар. Бәріңізге де Қызыр баба жолыққай деп тілейміз! (сахнаға Қызыр баба шығады. – Мұрат) Қызыр баба – Мұрат: Армысыңдар, әлеумет, көңілі пәк, Жиналған мерекеге жүздерің шат. Тілеңдер тілегіңді қабыл етем, Қонады бастарыңа мал менен бақ! (осы кезде 7 жігітҚызыр бабаның алдына тізерлеп отыра сәлем беріп, басын иеді) Бәрі бірге: Армысыз Қызыр баба! Қызыр баба: Бар болыңдар, жарқындарым! Ия, не тілейсіңдер, боз балалар? Талғат: Игілік пен ізгілік атты барлықтың бауырымда болғанын қалар едім, әз ата! Менің Қазақ халқы деген ұлы анам, Қазақ халқы деген ұлы әкем бар! Сол екі бірдей ардағым аман болсын деп тілеймін, баба! (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Руслан: Ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздырған сайын далам, көгінде қыран, жерінде ұлан ойнаған, теңдік пен татулықтың киелі бесігі Қазақстаным – Отаным аман болсын деп тілеймін, баба! (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Альфия: Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұраймын,қасиетті Қызыр баба!(тізесін бүгіп, қолын жаяды) Гульмира: «Бірлік түбі - тірлік» демекші, мен халқым үшін бірлік сұраймын, әз баба! (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Асем: Ел басын қиын күндер туғанда атқа қонып, ел қорғаған ерлердің, алдына бесік өңгеріп, жақсыдан қалған көздерді тәрбиелеп өсірген аналардың саулығын тілеймін,әз баба! (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Жұлдыз: «Жаны жамандықтан қашық, Құшағы досына ашық, Шат көңіл жомарт халқымның Несібесін шалқытып, ризығын тасыта гөр!» (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Турганова Д.Т.: Мектеп – интернатымыздың үлкендер және балалар ұжымының амандығын тілеп, мектебіміздің абыройы арта берсін деп сұраймын, әз баба! (тізесін бүгіп, қолын жаяды) Қызыр баба – Мұрат (қолын жайып): Қабыл болсын тілегі балалардың, Тағдырын бер оларға қырандардың. Елім, жерім, Отаным дейді олар, Болашақ иесі боп замандардың. Жалыны бар алаулаған жанарда, Сұңқар ұлан қатарынан қалар ма? Дәл осындай ұлдары бар қазақтың Бақыт оты тек биікте жанар да! Алғаусыз таза жүректерің, Таның болсын тілектерің. Жасөспірім, көк шыбық өрендерім, Қабыл болсын тілеген тілектерің! Әумин! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: « » әні. І жүргізуші: Наурыз қыз, көптен күткен, Өзіңменен нұрланып келді көктем! Қуанышпен қарсы алайық өзіңді, Жамандықтың барлығы кетсін деп жылмен өткен! Әлмұрат А.М. – Наурыз қыз: «Шашу!», «Шашу!» Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, жинап ал несібеңді, Ризығың болсын көл – көсір! (7 қыз шашу шашады) І жүргізуші: Шашу шаштық болсын деп аман халқымыз, Болған соң мұндай дәстүрлі жақсы салтымыз. Шашуды тергін мол болсын деп несібем, Келер жылға жетсек деп аман жалпымыз! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «»әні . І жүргізуші: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулықты, бірлікті ерекше бағалаған. Қой жылында да еліміз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болды. Жаңа келген мешін жылында да елімізде тыныштық болсын деп тілейік, халайық! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «»әні. І жүргізуші: Жасай берсін жаңа күн, Туа берсін жаңа нұр, Дүр сілкінсін дала бір. Құтты болсын Наурыз той, Құтты болсын Жаңа жыл! ІІ жүргізуші: Музыкалық номер: «Арулар»биі . І жүргізуші: Құрметті көрермендер, осымен «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше! Қош сау болыңыздар! | |
Просмотров: 935 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|