Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Ерлік-ұрпаққа мұра
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік-ұрпаққа мұра.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.
ІҮ. Құттықтаулар.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
Кіріспе сөз
Қасенғазина Назым Әуезқызы: 22 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қйтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгері – Бейбіт Аманғалиүлы ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлік-ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист – жауынгер» сізге арналады.
1-жүргізуші (Фариза), ІІ-жүргізуші (Талғат)
Фариза: Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979-1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.
Талғат: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.
Фариза: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірң шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.
Талғат: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 19 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Фариза: Бүгінгі біздің «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты ашық тәрбие сағатымызға ауған ардагерлері Түсіпов Бейбіт келіп отыр, қошеметпен қарсы алайық.
Берік: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,-деп-Әнұран?!
Әнұран орындалады.
Гүлзия: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың,
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан,ауылың
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осыдостарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан-жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Даниель: Әуелің Отан-ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Толқын: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Ән «Мен-қазақпын».
Абзал: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Тимур: Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Әйгерім: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Фариза: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.
Ерзат: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер-естелігі ерліктің,
Ұрпақтары-бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Талғат: Рүстемнің орындауында «Орден на продажу» әні.
Қаламқас: Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат,
Оған көңлің толмайтыны-ақиөат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.
Би:
Серікқазы: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Данияр: Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
Фариза: Абзалдың орындауында ән: «Зачем».
Тимур: Қазіргі бейбіт өмір солдаттары:
Еліме сақшымын, қалқатай,
Қазір мен, сағындым нақ шыным
Күт мені, әзірлен,-дейді.
Талғат: Ән «Ауылым»
Фариза: әзіл-сықақ Дамир мен Олжастың орындауында.
ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.
Талғат: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар.
Олжас: Адам жүрегіне жара, санасынаауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
Ернар: Соғысқа шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма?
Руслан: Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.
ІҮ. Құттықтаулар.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: kamiliya (2011-03-10) | Автор: Касенгазина Назым Ауезовна E
Просмотров: 10654 | Теги: внеклассное | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru