Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Сценарий праздника "Наурыз-думан"
Жаршылар жар салып халықты тойға шақырады:

1 оқушы –
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

2 оқушы –
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір үядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке –бірлік болсын,-деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлік

3 оқушы –
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер
Дабылын оның қағайық
Шақырамыз бәріңді.

4 оқушы
Ұлыстың ұлы күніне
Жиналыңдар алаңға
Кешігіп одан қалмаңдар!
Күміс көмей әншілер,
Құдіретті күйшілер,
Мың бұралған бишілер
Балтыры жуан палуандар,
Құралайды көзге атқан мергендер,

5 оқушы -
Күміс көмей, жез таңдай шешендер
Қара қылды қақ жарған көсемдер,
Он саусағы алтын шеберлер,
Бәрің де сынға түсіңдер.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Озып шыққан дүлдүлге
Үлкен-үлкен сый бар!
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қауым! Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын! Наурызға арналған мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:Наурыз сөзі парсы тілінен енген. «Нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да, тоқталып қалды. Тек, 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. 1-жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық түсініг бойынша Наурыздың 21-күні түні даланы Қызыр аралайды екен.Сол себепті , осы түн –Қызыр түні деп аталады.
2-жүргізуші: Осы түні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігіне таңғы сағат 6-да себезгілеп атқан кезде біздің өмірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке түспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22-күні сағат 3-те қарсы алады. 1-жүргізуші: Наурыз күнінің бір ерекшелігі-бұл күн көрісуден басталады.Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі.
2-жүргізуші: «Бұлақ көрсең көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.Бір тал кессең, он тал ек!» - дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге Наурыз-ата мен жұлдызшыларды шақырайық.

/Басына бөрік, үстіне шапан киіп, белін шашақты белбеумен буған,
Үкілі домбырасы бар, иман жүзді, ақ сақалды қария, жұлдызшылар, ұлттық киім киген қыз сахнаға шығады/
Наурыз-ата:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты наурыздан!
Көгіме күн өрлетіп.
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық құтын селдетіп,
Келді Наурыз –Ұлыс күн!
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Жұлдызшылар:
Жұлдызшылар алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына қарайды
1-жұлдызшы:-Ә-ә көрдім биыл қоян жылы
-Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

2-жұлдызшы: -Бүгін –көк құт көзін ашқан күн

3-жұлдызшы: -Бүгін-Жаңа жылдың дерге түскен күні

4-жұлдызшы: -Бүгін-Жер –Ананың тоң кеудесі жібіп ,тас емшегі иіген күн.

5-жұлдызшы: -Бүгін-Самарқанның көк тасы еріген күн

Хормен /Наурыз-ата, жұлдызшылар. қыздар/:
Жыл иесі - Қоян,
Құт иесі - Қоян.
Береке-бақыт боп
Жерге қон, жерге қон!

1-ж: - Қоян жылының қадамы құтты болсын!

2-ж: -Көсегесі көгеріп, көрпесі ұлғайсын!

1-ж: -Аттаған адымы сәтті болсын!

2-ж: -Бейбітшілік жылы болсын!

Ж: Мейрамды бастар алдында ,
Қариялардан бата алсақ ,
Жолы болар бұл істің.

Ж: Иә, дұрыс айтасың.
Ұлыс күні қазан толса ,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса ,
Сонда ғана жол болар.

Ж : Ендеше бата беріңіз,
Жақсылар мен игілер.
Аулымыздың әкімі -
Шапан жауып , кигізер.

Ж : Айтқан сөздің бәрі әзіл,
Айып көрме ағайын.
Атасымен ойнаған,
Мұндай күні келін де .

Ж : Наурыз батасын беру үшін Ақсақалдар ортаға шақырамыз .

Ұлттық киімдерін киген ұлдар бір-бірден сахнаға шығып, той бастаған атасына тостаған толы наурыз көже ұсынады.
- Әп бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп риза болған ақсақал баршаға естірте:
- Кел жігіт, кел жігіт, - деген сәтте сахнадағы балалар бір тізерлеп отыра қалады.
Ақсақал:
- Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,
Көптің көңілі жай болсын!
Ай жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын!
Айыңда келген мейманың
Оған атын байласын!
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Күнде келген мейманың,
Оған атын байласын!
Таң мезгілі болғанда,
Наурыз күні туғанда
Бозторғайдай шуылдап,
Бөденедей пырылдап,
Берекелі құт болып,
Қызыр келіп дарығай! –
Деп, жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.

Қазақ биі:
1-жүргізуші:
-Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші:
-Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке.

1-жүргізуші:
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: -Қашанда Құт-Береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салтын елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін
2-жүргізуші: -Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
Әжелер шашу шашады.
Ж/ү: Ән «Наурыз»

1-жүргізуші: -Қарақазан-қасиетті халқымның,
Бір өзіңде құдіретті салтымның.
Бірлік сенен басталады әрқашан,
Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның

2-жүргізуші:-Қасиетті Қарақазан тіршілктің тірегі,
Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.
Сен бар жерде Құт-Береке мол болып,
Тірлік-Бірлік жұбын жазбай жүреді

1-жүргізуші: Уа халайық, халайық! Сахнаның төріне төрт түліктің пірлерін шақырайық. Олардың да сөзін тыңдайық.

Шопан ата:
-Малды берсең, қойды бер,
Ұлды берсең, бойлы бер.
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы артық ойлы бер.

Жылқышы ата:
- Шаруаның бір пірі - Жылқышы ата,
Тілегенде өзің бер ақтап бата.
Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.
Ойсыл қара:
- Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара,
Түйені өсір жарқылдап болсын пана.
Ит, құс, пәле, індеттен аман сақтап,
Топ-топ қылып боталат аруана.
Зеңгі баба:
- Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,
Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама.
Кең өріске шұбыртып, өзің бағып
Кешке жақын қораға әкеп қама.
Шекшек ата:
- Қойды көсем бастайтын
Өткелден үркіп саспайтын
Қарағай мүйіз серкелі
Шүйде жалды, желкелі
Сексек ата баласы,
Ешкі бассын үйіңде

1-жүргізуші: Көрініс «Қуда түсу рәсімі» қабыл алыңыздар.

Жігіт әке шешесімен қалыңдығының туған-тұысқандарының алдынан өтуге барады. Қыз жағы болашақ құдаларын «ақ бата, қызыл қан шығарып» «құйрық –бауыр жесісіп» қарсы алады. Жігіт туыстары келген мақсаттарын дәстүрлі

«Құдалар әнін» орындаумен жеткізеді:

Ызғар екен, тағы да, ызғар екен- ай,
Бізде ұл бар, сіздерде қыз бар екен –ай.
Мұнасына өмірдің шүкіршілік-ау,
Біріктірген біздерді тұз-дәм екен-ай.
Ей, жекжаттарым-ай,
Бекзаттарым-ай,
Жекжат болып ауылға
Кеп жатқаным-ай
Егін-тегін құдалар, егін-тегін-ай
Босағаңа сіздің де келсін келін-ай
Мың жылдық біз сіздерге құда болсақ-ау
Күйеу балаң жүз жылдық болсын сенің-ай
Ей, жекжаттарым-ай,
Бекзаттарым-ай,
Жекжат болып ауылға
Кеп жатқаным-ай
«Құдалар әнін» орындаумен жеткізеді:
Ызғар екен, тағы да, ызғар екен- ай,
Бізде ұл бар, сіздерде қыз бар екен –ай.
Мұнасына өмірдің шүкіршілік-ау,
Біріктірген біздерді тұз-дәм екен-ай.
Ей, жекжаттарым-ай,
Бекзаттарым-ай,
Жекжат болып ауылға
Кеп жатқаным-ай
Егін-тегін құдалар, егін-тегін-ай
Босағаңа сіздің де келсін келін-ай
Мың жылдық біз сіздерге құда болсақ-ау
Күйеу балаң жүз жылдық болсын сенің-ай
Ей, жекжаттарым-ай,
Бекзаттарым-ай,
Жекжат болып ауылға
Кеп жатқаным-ай
Қыз туыстары құдалар әнін екінші түрімен жауап береді:

Жер қатады, құдалар, жер қатады-ау
Құда жекжат болайық ел қатарлы-ай
Екі жастың келешек бақыты үшін-ау
Ашуды қой, құдеке, бер батаңды жалған-ай.
Бозторғай , бұлбұл сайрайды.
Ол шіркін неге қонбайды.
Қызығына жалғанның
Мына пендең тоймайды-ай
Ат тығылды деген сөз, ат тығылды-ау
Тағдыр қосты сіздерге аппағымды жалған-ай
Мен қайтеін, қалқам-ай, бұйрық шығр-ау
Құдаларға жағайын,аппақ ұнды жалған-ай
Бозторғай , бұлбұл сайрайды.
Ол шіркін неге қонбайды.
Қызығына жалғанның
Мына пендең тоймайды-ай
Қыз шешесі құдаларының бетіне ұн жағады, қарсы жақ кәделі сыйын ұсынады
Жігіт жақ құдалар қайын жұртына күйеу баласын таныстырады:
Жия алмайды кейбіреу үйге жүкті-ай
Есе алмайды кейбіреу ала жіпті-ай.
Күйеу балаң,өз балаң келе жатыр-ау,
Даярлай бер құдағи көрімдікті-ай
Құдаларға болашақ келінін таныстырады.
Қара Құлбай деген соң, Қара Құлбай,
Оқымыстың жақсы адам қаламындай
Көрімдік бер, құдекек, келініңіз,
Иілген ақ тарының сабағындай

2-жүргізуші: Хордың орындауында халық әні «Дастархан» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай,
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас-кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би билейік бәріміз.
2-жүргізуші «Қазақ биі»

2-жүргізуші Күй орындайтын домбырашылар тобы қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Бауырласпыз тәнтіміз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Кетер өрлеп даңқымыз
Біз Қазақстан халқымыз.

1-жүргізуші:
Әдемі би билеп, ән жырлап.
Халықты қуантты ұл-қызы
Құт болып азат күн-Наурыз,
Шырқалсын қазақтың ән-жыры

Ән «Ақ жайнақ»

2-жүргізуші:
Наурыздың тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр, аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!
Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдетіп гүлдерін,
Жер анамыз жайнайды.
Наурыз-шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз

1-жүргізуші:
Күн ғой бүгін жарылған,
Ақ түйенің қарыны.
Ақ дастархан жайылған,
Лаулап ошақ жалыны.
Қуант таныс құрбыны,
Бақыт тілеп қол ал да.
Не тілесең бұл күні
Орындалар сол алда.

2-жүргізуші:
Кіршіксіз көгілдір көгіміз,
Гүлдер құлпырған жеріміз.
Армысың ,Наурыз, аңсаған,
Қуанып қарсы алдың сені біз.
Адамдар ақ сүттей ар үшін,
Жігерін намысқа жанысын!
Наурызда абырой биіктеп,
Қыдыр кеп халқыма дарысын!

Би: «Қара жорға»

1-жүргізуші: Ұлыс бақты болсын !
2-жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын !
1-жүргізуші: Достығымыз берік болсын !
2-жүргізуші: Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
1-жүргізуші Келер жылға дейін сау болыңыздар!

Концерттік бағдарлама

Дайындаған: Сеитова Д.Ш.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: arnayt65 (2011-05-26)
Просмотров: 14895 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru