Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Ханымдар мен мырзалар» (7-16 жас аралығындағы ұлдарға арналған танымдық-тәжірбиелік сабақ)
«Ханымдар мен мырзалар»

Тәрбие сағатының мақсаты – жасөспірімдерге өмірде кездесетін әр түрлі кездейсоқ жағдайларда сенімді бола білуге тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Балаларды мәдени әдептілік жүйесімен таныстыруды жалғастыру.
2. Балаларды кез келген жағдайда әдептілік таныту керектігі туралы қалыптасқан дағдыларын әрі қарай тереңдету;
3. Ұжымда берекелі ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар! Бүгінгі «Ханымдар мен мырзалар» бағдарламасына қош келдіңіздер! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Қәне, қонақтармен, бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Жылулық шеңберіне шақырамын. (шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіз білдіру арқылы амандасу).
Бүгінгі ойынымыздың негізгі шарты, бұл сендердің көтеріңкі көңіл күйлерің, жанарларыңның және де жүректеріңнің жылуының болуы.
Тәрбие сабағын бастамас бұрын әдеп туралы нақыл сөздерге көңіл аударайық :
«Адамның мінез құлқы айна іспеттес, үнемі көрініп тұрады.»
И.Гете
«Өзіңді -өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер».
Шетел сөздігінен қарасақ: «Мырзалар» – дегеніміз ағылшынның ақсүйек адамы, ол адам мәдениетті қоғамның, тәртібі мен ережелеріне толығымен, бойын ұсынған адам.
Бұл жерде ол өте кішіпейіл, тәртіпті, тәрбиелі адам, ол адам өз - өзін ұстай алатын ең керемет жағынан көрінеді және де үстіндегі киімі де өте бір қаталдықпен асқан әдемілікпен таңдалады, осыған қоса сыртқы бет әлпеті мен тәрбиесі де өз келбетіне сәйкес келеді.
«Ханым» - дегеніміз ақсүйек тұқымдас әйел.
Біз сайысымызды «Ханымдар мен мырзалар» деп атап отырмыз, өйткені болашақта сендерді кішіпейіл, тәртіпті, тәрбиелі, ақылды, тапқыр, әдемі болғандарыңды қалаймыз, бір сөзбен айтқанда нағыз, мырзаларды көргіміз келеді.
Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ол үшін біріншіден, менің сұрағыма жауап берулеріңді сұраймын. (Жауап беретін командалар, көрермендер)
Этикет дегеніміз не?
Этикет –тәртіп ережесін сақтау немесе әртүрлі қатынас түрі үшін енгізілген ережелер және нормалар жиынтығы. Тәрбиеші: Ал енді балалар екі командаға бөлінеміз, егерде командалар дайын болса 1-ші сайысымызды бастайық:
«Сәлем, этикет!»
Тәрбиеші: ( «Этикет мырзаның» фотороботы үшін екі плакат ілінеді).
Тапсырма: «этикет мырзаның» фотороботын жасау, тапсырманы орындау барысында әр-түрлі сыпайы сөздерді қолдану қажет. (шеңбер бойымен : аққөңіл, шыншыл, салмақты т.б)
2 - сайыс «Шақыру этикеті»
Тәрбиеші: шақыру қағаздарын әрлендіріп толтыру (2 шақыру билеті, 2 қаламсап, 2 жай ақ қағаз).
Үйге қонақты қалай шақыруға болады?
Көрермендермен сұрақ ойыны.
3 – сайыс: «Сыйлық жасау этикеті (үстел үстінде әр түрлі заттар жатыр)
Тәрбиеші: Бұл сыйлықтар. Әр сайыскер үстелден сыйға тартатын зат алады, кімге алғанын айтады.
Мысалы: Мен досымның үйіне қонаққа барамын, сыйға тарту үшін кітапты таңдап алдым, өйткені ол кітап оқығанды жақсы көреді.
4 – сайыс: «Сән этикеті»
Тәрбиеші: Мен топтарға біраз қиялға батуларын ұсынғым келіп тұр. Өйткені, олар достық отырысына бару үшін, бір керемет киім ойлап, суретін салулары керек (командаларға фламастер және ақ қағаз беріледі, балалар сурет салады).
Көрермендер үшін сайыс, яғни слайдтағы сұрақтарды қою.
Жанкүйерлер мен ойын.
Бұл ойын әзіл - ысқақ сезімі күшті дамыған адамдарға арналған:
1. Шаштың ұшына тағылатын көбелек (Бантик)
2.Аспазшының қорғаныс киімі (алжапқыш)
3. Ер адамның қыр салынған киімі (шалбар)
4 Етіктің сыртынан киілетін аяқ киім (голош)
5.Күзетшінің тоңы (тұлып)
6.Ең жылы аяқ киім (пима)
7. Әйел адамның, ұшбұрышты бас киімі (жаулық)
Жүргізуші: Енді сендер қонаққа баруға дайынсыңдар.
5 – сайыс: «Қонақтағы этикет»
Есіктің қоңырауы соғылады. Босағада қонақ тұр.
(Балалар, сендер қазір кішігірім көрініс көрсетулерің керек.)
Сұрақ : 1. Қонақты қалай шақырасыңдар?
2. Қалай қарсы аласыңдар?
3.Саған берген сыйлықты қалай аласың? Не дейсің? Қайда қоясың? Және т.б.

Қорытынды: Әділ қазылардың бағасы, марапаттау сәті. Сайысты ұйымдастырушының қорытынды сөзі.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: myzan (2012-03-02) | Автор: Бейсембаева Кенжеш Шариповна E
Просмотров: 3754 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 4:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru