Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Ешкімде, ешкашан да ұмытылмайды
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімшілігінің
«Ново-Явленка орта мектебі» КММ
Алибаева Г.С
химия – биология пән мұғалімі
9А сынып жетекші

«Ешкімде, ешкашан да ұмытылмайды »
(сынып сағаты)
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерді, елді, тілді, ата-бабаны құрметтеуге, қорғауға және қайсарлыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ ұраны:
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі: Тарих көші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945жылы 9- мамырда бұл оқиға жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 66 жыл мерзім уақыт өтті.
Оқушы: Жеңіс... Иә, оның сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан алмай шайқасып, ерлік пен ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, шешесінен айырылып жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерінде қанша ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірді. Ал, тылда қалған қарттар , аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғықасіретін арқалай жүріп, бірде аш , бірде тоқтынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады. Олардың бойындағы сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Оқушы: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата- әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етіп бүгінгі күнгі Жеңіс күнінің қайғысы мен қасіретін басынан өткізген мына біздер мен сіздерге нұрлы да, шуақты өмірде сыйлаған ардақты да, аяулы ардагер аталарымызға бас иіп ризалығымызды білдіреміз.

Оқушы: Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты балыны.

Оқушы: Жеңіс, Жеңіс мәңгі өзіңді жырлаймын!
Сенімен қуанышым, бір қайғым
Жүзімізді шаттығына бөледі
Мерекесі мамырдағы нұрлы айдын.

Ассоциация құру

Оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді.Осы жылдары Республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комисариаттары арқылы 1 млн 900 мыңдай адам сапқа тұрды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ , Кеңес халқы жан – тәнімен Отанды қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншылар мен кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы: Соғыс жылдар ақ Қазақстандық 5 әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батольон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Нақ сол кез естідім ел дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде тұрған елдің тұрды толқып,
Бауыржан Момышұлы деген бір ұл.
Оқушы: Біздің даңқты жерлесіміз, шығыстың батыр да, өжет қызының бірі Әлия 1925 жылы қазіргі Әлия Молдғұлова ауылының Бұлақ бөлімшесінде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Әлия нағашысы Әубәкірдің қолына келеді. Әлияның оқушылық өмірі Ленинград қаласында өтті. Осы жерден 1943 жылы майданға ұрысқа аттанды.
Полковник Уральский бастаған 54-атқыштар бригадасы Псков облысының Казачиха селосында бекініп жатқан жау әскеріне қарсы шабуылға шықты. Осы ұрыста 18 жасар сарбаз снайпер Әлия қаза тапты.
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен награтталғандардың ішінде 96938 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ, 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Мұғалім сөзі: Шығыс Қазақстандық батырлар(компьютер)
Бір минут үнсіздік
Оқушы: Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңіс. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! Осы ата – бабамыздың арқасында біз жастар осындай өмір сүрудеміз және биылғы 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз.
Көркейе берсін ырыс-құт!
Эссе «Менің Отаным Қазақстан»
Біз қазақпыз
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бойтұмарғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Біз қазақпыз
Қастерлеген баба салтын
Аман бол айналайын дана халқым ,
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне, жаным, міне қаным, міне антым.
Ән «Қазақ жігіттері»
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: a_galiya (2012-03-23) | Автор: Алибаева Ғалия Сейлхановна E
Просмотров: 6193 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-12-21, 3:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru