Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Сегіз сері» Дәстүрлі сайыс
Методическое занятие «Сегіз сері» Дәстүрлі сайыс - разработано Исабековой Куралай Давлетказиевной воспитателем КГУ "Вспомогательная школа-интернат №5 для детей-сирот и детей, оставшихся без ппечения родителей", ВКО, г. Семей.

Тақырыбы: «Сегіз сері»
Мақсаттары: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік, ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру, өз халқының, Отанының азаматы болып қалыптасуына көмектесу. Халқымыздың салт-дәстүрін, аталы сөздерін дәріптеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізілу әдісі: Сайыс түрінде
Көрнекілігі: Нақыл сөздер: «Ер қаруы-бес қару», «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын», «Жігітке жеті өнер де аз» т.б.; мерекеге сай бөлмені безендіру.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе сөз.
III. Сайыстың басталуы.
1-ші жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сегіз сері» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!
2-ші жүргізуші:
Береке де осында
Мереке де осында.
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында.
1-ші жүргізуші:
Асқақатаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал, қанеки, қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Биіктерге самғаңдар.
Құрметті балалар, қай сайысты алсақ та, әр сайыстың өз әділ қазылар алқасы болады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
2-ші жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын серілерімізбен танысайық. Қошаметтеп қарсы алайық. (Күй орындалады)
1-ші жүргізуші: Нөмір бірінші сайыскеріміз: Бакиров Ербол
2-ші жүргізуші: Нөмір екінші сайыскеріміз: Аглямов Сергей
1-ші жүргізуші: Нөмір үшінші сайыскеріміз: Жақамбаев Азамат
2-ші жүргізуші: Нөмір төртінші сайыскеріміз: Қыйшыбаев Қайрат
1-ші жүргізуші: Нөмір бесінші сайыскеріміз: Тлебалдиев Қуат
2-ші жүргізуші: Нөмір алтыншы сайыскеріміз: Ахметов Ерлан
1-ші жүргізуші: Нөмір жетінші сайыскеріміз: Өмірғалиев Керім
2-ші жүргізуші: Нөмір сегізінші сайыскеріміз: Нұрсұлтан
1-ші жүргізуші: Ал, енді құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы Сегіз сермізбен де таныстық. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ші жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі: «Өзін-өзі таныстыру»
(әр сайыскер өзін-өзі таныстырады)
1-ші жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңі: «Өткен өмірді білмей, болашақты болжай алмайсың» дейді халқымыз. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білу – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Сондықтан да сайыскерлеріміз нөмірленген асықтар алады, сұрақтарға жауап береді.
№1 асық: Қазақша ай атауларын ата.(қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым,шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)
№2 асық: Қазақша апта атауларын ата. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№3 асық: Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай? (жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ)
№4 асық: Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір. (бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, той бастар)
№5 асық: Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің? (көкпар, арқан тартыс, асық, қыз қуу, тоғыз құмалақ, хан талапай, орамал тастамақ, ақ сүйек.)
№6 асық: Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? ( Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би)
№7 асық: Қазақ халқының қандай батырларын, хандарын білесің? (Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батыр және т.б.)
№8 асық: Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің? (бесбармақ, бауырсақ, шелпек, құрт, май, қатық, сүзбе және т.с.с)
2-ші жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттеріміздің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік. Ортаға әнімен шақырамыз. Ду қол шапалақ!(ән орындалады)
1-ші жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп, халық даналығын еске ала отырып, сайыскерлерді тағы да сынап көрейік.
«Күш сынасу» (қол күрестіру) Салмақ тасын көтеру.
2-ші жүргізуші:
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян-қолтық алыспай, - демекші, енді сайыскерлеріміздің спорттық өнерлерін тамашалайық
1-ші жүргізуші:
Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын
Өнерлі жігіт асырар елдің даңқын,
- дегендей, енді жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
2-ші жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» демекші, «Әу» демейтін қазақ жоқ қой,олай болса әр сайыскерімізге берілген үй тапсырмасын, яғни, өз өнерлерін тамашалайық! Ортаға ...
1-ші жүргізуші:
Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе
Досыңды бірге жүрген басып өтпе.
Басыңа әлдеқандай іс түскенде
Дос түгіл дұшпаның да қашар шетке.
2-ші жүргізуші: Әділ қазылар алқасы ұпай санын есептегенше, қыздарымыздың мың бұралған әсем билеріне кезек берейік. ( би орындалады)
1-ші жүргізуші: Келесі кезеңімізді қол нерге берейік. Қазір әр сайыскеріміздің алдына керекті құралдар беріледі. Соларды пайдалана отырып тұмар немесе қамшының үлгісін жасайды. (музыка)
2-ші жүргізуші:
Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың өткені мен ертеңі.
1-ші жүргізуші: Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріміздің қол өнерімен танысқанша кезекті әсем әнге берейік. Ортаға ...
2-ші жүргізуші: Ал, енді келесі кезеңіміз, ең қызықты кезеңдердің бірі деп ойлаймын, сондықтан да, кезеңнің шартымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. «Қыз келбетіндегі ер бала ...» Бұл кезеңде сайыскерлеріміз тамаша бір жарнама өткізуі керек, яғни, қолындағы тауарды қалайда сату керек.
1-ші жүргізуші: Осымен, бүгінгі сайысымыздың да кезеңдері тәмамдалды. Сайысымыздың әр кезеңі көрермендердің көңілінен шықты деген ойдамыз. Құрметті әділ қазылар алқасы барлық кезеңдердің ұпайын санағанша кезекті тағы бір тамаша әнге берейік. Ортаға ...

2-ші жүргізуші: Келесі сөзді әділ қазылар алқасының мүшесі ...
берейік. Сайыскерлеріміздің алған орындары анықталып, «Сымбатты жігіт», «Өнерлі жігіт», «Батыл жігіт», «Өжет жігіт», «Сегіз қырлы жігіт», «Спортшы жігіт», «Білімді жігіт», деген атақтармен марапаттау беріледі.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Біздің Сегіз» сері атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Біздің ақ тілегімізді қабыл алыңыздар!
2-ші жүргізуші: Оқушыларға тілек: Жас баланың күлкісін, жомарттың қолын, сапарлының жолын, қыздың қылығын, судың тұнығын, асаудың арынын, бұлбұлдың таңғы үнін, гүлдің нәзіктігін, теңіздің тереңдігін, қыранның көрегендігін, елдің көңілін, мәңгі бақи ажырамас достың жүрегін бер!
1-жүргізуші: Ұстаздарға: Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, пәле-жала табалдырыққа жетпесін, ұрпақтарыңыз өсіп-өніп көктесін, шәкірттеріңіз алдарыңыздан кесіп өтпесін, қырандай самғап шарласын, мұнау күмбез көктесін!
Назарларыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Яло (2012-04-06)
Просмотров: 2061 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-12-21, 6:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru