Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Методическое занятие «Атам мен әжемнің ауылына саяхат» разработано Баймолдиной Жанар Металловной – воспитателем КГУ «Вспомогательная школа-интернат №5 для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей», ВКО, г. Семей. Тақырыбы:Атам мен әжемнің ауылына саяхат. Мақсаты:Балаларға ойын арқылы білімдерін толықтырыру.Көре білуді қалыптастыру. Балалардың ойын,зейінін дамытуға ықпал ету.Ой-өрістерін,сөздік қорын,есте сақтау қабілетін дамыту. Өз халқына деген,оның тұрмыс жағдайына,салт-дәстүріне сүйіспеншілігін арттыру. Әдептілікке,адамгершілікке,ұйымшылдыққа,үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілік:суреттер,магнитофон,жылқы маскасы,көрсеткіштер,ұлтық киімдер. Сабақтың түрі:коррекциялық ойын. 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Қалдарың қалай?Көңіл-күйлерің қалай? -Балалар,шеңберге тұрып,көңіл-күйімізді одан ары жақсартып, сәлемдесіп көрейік. -Амансың ба,алтын күн? -Амансың ба,жер ана? -Амансыңдар ма,достарым? -Сендерді көргеніме қуанам! -Балалар,сендер саяхатқа баруды ұнатасыңдар ма? -Біз саяхат туралы әңгіме бастадық,сондықтан,балалар,бүгінгі тақырыбымыздың аты: «Атам мен әжемнің ауылына саяхат» -Балалар,бұрын,ежелгі заманда,атам қазақ машина дамымаған кезде,саяхатқа қалай баратын?(өгізбен,атпен,түйемен) -Бізде қазір саяхатқа шығамыз. -Бұрыңғы замандағыдай біз саяхатқа шығу үшін қандай көлікті таңдаймыз?(балалардың жауабы-атты) -Атты неге шегеміз?(арбаға)Арбаның суретін көрсетемін. -Жарайсыңдар,балалар! -Ал енді ат жүргізушіні таңдайық. -Балалар,арбаға жайғасып отырыңдар,ән-күймен ауылдарды аралап,өз ауылымызға жетіп көрейік -Айт-шу,жануар!Алдымызда қандай ауыл көрінеді? -Көрсеткіш «Жеміс-жидек» ауылын көрсетіп тұр. -Балалар,ескертіп қойайын,біз әр кездескен ауылдың шартын орындамағанша,өзіміздің ауылымызға жете алмаймыз,сондықтан қойылған шарттарды орындауға тырысайық.Бұл ауылда керемет бір дауыл өтіптіАғаштардағы жеміс-жидектерді тентек дауыл араластырып бір ағашқа жинап қойыпты.Ауылдың кісілері барлық жеміс-жидектерді реттеп орындарына орналастырып,қоймағанша,балаларды жібермейміз дейді.Ал тезірек бастайық.Бір талда алма,екінші талда шие,үшінші талда алмұрт ілулі тұру керек(суреттерді көрсетемін-алма,шие,алмұрт) -Жарайсыңдар,бәрекелді!Қойылған шартты дұрыс орындадыңдар,арбамызға отырайық. -Айт-шу,жануар! -Балалар,қарандаршы,жерде не жатыр екен?(балалардың жауабы-қоржын,бұл зат туралы әңгімелеу) -Бұл жай қоржын емес,бұл сиқырлы қоржын.Сендер қалташаларына қодарыңды сұғып,заттарды сипалап,қандай зат екенін білулерің керек.Бір-бірлеп заттарды алып шығындар. -Жарайсыңдар,балалар!Шартты жақсы орындадыңдар. -Шаршадыңдар ғой деймін.Сергіту сәтін өткізейік.»Қуыр-куыр,қуырмаш»сергіту сәтін өткізу. -Тынығып алдық,ал енді әр қарай кеттік. -Айт-шу,жануар! -Уақыт болса таяп қалдыАлдымызда көрсеткіш «Жануарлар»ауылын көрсетіп тұр(ауылдың адамдарымен амандасуға ұмытпаңдар) -Қараңдаршы,балалар,бұл недеген сұмдық!Жабайы аңдар мен үй жануарлары бір жерде үйіліп жүр.Ауылдың шарты:Үй жануарларды ауылға жайғастырыңдар,ал жабайы аңдарды ауылға жақын орманның ішіне жіберіңдер. -Жарайсыңдар,балалар.Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. -Айт-шу,жануар! -Міне, әжем мен атамыздың ауылына да таяп қалдық.Әжем мен атамыз қайда жүр екен? -Қане,балалар,сендерді сағынып қалған әжелерің мен аталарыңмен амандасуға ұмытпаңдар. -Балалар,бұл кісілердің жемістері пісіп қалыпты,қане, көмегімізді көрсетіп,қорапқа жемістерді жинайық. -Жарайсыңдар,балалар,қандай жақсы көмек көрсеттіңдер!Атам мен әжемнің көңілдерін көтеру үшін біз оларға қандай сыйлық әкелдік? -«Қошақан» әнін айтып,билеп берейік. 2.Бекіту: Балалар дастархан басына отырып,сұрақтарға жауап береді. -Балалар,бүгін біз қайда бардық? -Бүгін сабақта не істедік? -Қандай жеміс-жидектерді білесіңдер? -Бүгін барған ауылдың жануарлары мен аңдарды атап беріңдерші. -Қандай ән айттық? -Бүгін сендер жақсы серуендеп,демалдыңдар. -Сонымен,сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар! | |
Просмотров: 2276 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|