Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

"Білім жарысы" зияткерлік ойын
«БІЛІМ ЖАРЫСЫ»
(9 «А» сынып оқушылары арасында өткен
зияткерлік сайыстың сценарийі)
Жүргізуші: Құрмтетті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар! Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!
Намысын найзағайдай жарқылдап бір,
Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.
Дәуірдің бастау алған жиырма бірі –
Еліме болсын ләйім алтын ғасыр.
Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны
Ешқандай ондай ұлттың жоқ тамыры.
Бабалар аңсап өткен кезге жеттік,
Қолдасын көк туымды хақ тәңірі –деп, қазақ халқының қуанышты мерекесіне арналып отырған «Білім жарысы» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
«Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер»деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай, «Білім жарысы» – білімді жастардың сайысы. «Білім жарысы» - білім жарысы. «Білім жарысы» - елдің намысы.
Осынау аламан бәйгеде бағын сынайтын жастар – 9 «А» сынып оқушылары.
Енді ойыншыларымыздың білімін, ой-өрісін бағалайтын, сараптау жасайтын сарапшылар тобымен таныстырып өтейін:
Ахметова Ләззат Шәкейқызы – директордың әдістемелік жөнінен орынбасары;
Кудесова Гүлдира Мақсұтқызы – директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары;
Хасенова Нұржамал Сәбитбекқызы – директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Молдахметова Гүлнар Мақсұтханқызы – мектеп психологі.
Сонымен қатар, тайм-кипермен таныстырып өтейін: 9 «А» сынып оқушысы – Сардарбеков Ақтай.
Жүргізуші:«Білім жарысының» өтілу ережесімен таныстырып кетер болсақ, сайыс 7 кезеңнен тұрады:
«Білім – қазына, терең мағына» сайысы.
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй» байқауы
«Туған жер – алтын бесік»(сұрақ-жауап сайысы)
Вексиология
«Білгенге - маржан» (сұрақ-жауап сайысы) \4 ойыншы шығады, 2-і қалады./
«Сый сұрақ» (қонақтар сұрағы)
«Мемлекет жастарға қолдау көрсету керек пе?» - ой сайысы.
Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез-келген адамның қолынан келе бермесі һақ. Бұл додаға терең білімді, дүниетанымы жан-жақты дамыған, қазақ тілінің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар ғана қатыса алады.
Олай болса, «Білім жарысына» қатысушыларды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
Батырханов Дидар – 9 «А»сынып оқушысы. Дидардың сүйікті пәні – математика, сүйікті әншілері – Бейбіт Сейдуалиева мен Тоқтар Серіков. Бос уақытында ән тыңдауды, тарихи романдарды оқығанды ұнатады. Жақсы көретін тағамы өте көп.
Нұрмағанбетова Айнұр – 9 «А» сынып оқушысы. Айнұрдың басты арманы – бәсекеге қабілетті маман болу, елінің дамуына үлес қосу. Сүйікті шығармалары – махаббат тақырыбына арналған өлеңдер. Бос уақытындағы ермегі – кітап оқу.
Мамытбеков Ерсұлтан - 9 «А» сынып оқушысы.Арманы – ғылымды мұрат тұту. Бос уақытын компьютер алдында өткізгенді жөн көреді. Адамның бойындағы ар, намыс, адалдық қасиеттерін жоғары тұтады. Сүйікті тағамы – анасы дайындайтын тағамдар.
Каримова Нұргүл - 9 «А» сынып оқушысы. Нұргүл «өмірде белгілі бір мақсатты алға қоюды және сол мақсатқа жетудегі талапты жақсы қасиеттер» деп санайды. Бос уақытында афоризмдерді жинағанды ұнатады. Сүйікті тағамы – өзбек палауы.
Райханов Самат - 9 «А» сынып оқушысы. Арманы – ата-анасының сенімін ақтау. Жақсы көретін тағамы – қазқша ет, қымыз және манты. Бос уақытында достарымен болуды армандайды.
Ташбаев Зумрат - 9 «А» сынып оқушысы. Зумраттың арманы – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу. Сүйікті пәні – математика. Сүйікті тағамы – қазақша ет. Бос уақытын кітап оқумен, жақсы әуендер тыңдаумен өткізеді.
Нұрмағанбетова Әйгерім - 9 «А» сынып оқушысы. Келешекте сұранысқа ие болатын жоғарғы білікті маман болуды көздейді. Бос уақытында құрбылармен сырласқанды және көркемсөз оқуды жақсы көреді.
Жүргізуші:Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыз «Білім – қазына, терең мағына» деп аталады. Бұл білім жарысында сіздер өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Қанша баллдық сұраққа жауап берсеңіз, сонша баллға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі ойыншының жауап беруге құқығы бар (қатысушылар тақырыпты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, тиісті баллдарына ие болады).
Математика
10- Бірнеше бірмүшелер қосындысы қалай аталады? (көпмүше)
20 – Шеңбермен ортақ бір нүктесі бар түзуді атаңыз (жанама)
30- Жазықтықтағы түзулердің перпендикулярлық шартын айтыңыз (К1* К2=1)
40- Дифференциалдағанда да, интегралдағанда да өзгермейтін элементар функция (Е х-дәрежесі)
География
10 – Электр энергиясының 85 %-ын шығаратын электрстанциялар (жылу электр станциялары).
20 – «Бәр» төбешіктері кеңінен таралған ойпат (Каспий маңы ойпаты)
30 – Мұнай газ өнеркәсібіне керек құрал – жабдықтар зауыты қайда орналасқан? (Атырау)
40 – Қазақстан халқының орташа тығыздығы (5,5 адам/ км 2)
Қазақстан тарихы
10 – Андроновтықтар мойынға таққан тұмаршаларын неден жасады? (мал сүйегі)
20 – «Тағы соғыс» мақаласын жазған кім? (Әлихан Бөкейханов)
30- 1867-1867 ж.ж. уақытша ереже бойынша әскери губернатор нені басқарды? (облысты)
40 – «Орынбор ведомсвасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші? (К.Мейер)
Этика-психология
10- Темперамент дегеніміз не?
20- Темпераменттің неше түрі бар? (4-холерик, меланхолик, сангвиник, флегматик)
30 – Есте сақтаудың неше түрі бар? (көру, есту, материал)
40- Зейін дегеніміз не? (Зейін дегеніміз – адамның бір затқа немесе бір құбылысқа көңіл қоюын айтамыз).
Орыс тілі
10- Сколько разделов в русском языке? (11 разделов)
20- Объясни значение фразеологизмов: «съесть собаку» (Ответ: быть злым), «смотреть сквозь пальцф» (ответ: быть равнодушным или быть невнимательным)
30- Приведи примеры слов-омонимов (5 примеров)(Ответы: коса-коса, ключ-ключ, наряд-наряд, лук-лук, капитанская рубка – рубка леса).
40 – Кто автор стиха и из какошо стихотворения этот отрывок?
«Поздняя осень. Грачи улетели.
Лес обнажился, поля опустели...» (Ответ: Н.А.Некрасов «Несжатая полоса»).
Ағылшын тілі
10- ... – оттан басталады. (Отан – Родина, Motherland)
20- The capital of England is ... London
30- What is the oldest University in England?
40- What is celebrated on the 16 th of December in Kazakhstan?
Жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әеді сүйсең, менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай, әнді сүйіп, көңілге тоқи білу – үлкен өнер. Ол, әрі ел мұрасын сақтағандық. Олай болса, қазақ мәдениетін насихаттайтынкелесі сайысымызды бастайық. Бұл сайыста таблода көрсетілген сандар бойынша әрқайсысы 10 баллдық ән (соло, дуэт, трио) және күй жасырылған. Сіздің міндетіңіз – күйдің атын, әннің атын және орындаушысын атау.
Асқар Жүнісбеков. «Ақ қайың».
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева «Сырласу».
Күй «Жұмыр қылыш». Орындайтын «Ұлытау» тобы
МузАрт «Сен келерсің»
Нұр-Мұқасан «Қос қарлығаш»
Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина «Аяулым»
Досымжан Танатаров «Аппақ қыз»
«Жігер» тобы. «Қалай ұнаймын»
Күй «Балалық шақ». Орындайтын Асылбек Еңсепов.
Күй. «Көңіл толқыны»
Күй «Хафиз». Орындайтын А.Еңсепов
«Жігіттер» квартеті, «Бақытты бол»
Қайрат Нұртас «Ешкімге көрсетпеймін»
Нұржан «Үйлену тойы»
«DOS»тобы «Сүйген жүрек»
Күй «Адай». Орындайтын «Ұлытау» тобы
Жүргізуші:Сайыс ережесі бойынша, осы айналымнан кейін ұпай саны аз екі қатысушы сайыстан шығуы тиіс. Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша әсем күйге кезек берейік. (7 «А» сынып оқушысы Серік Қасымовтын орындауында «Қозыбасар» күйі)
Жүргізуші:М.Мақатаев «Есті адам ешкімнен: «Анаңды неге жақсы көресің?»-деп сұрамайды, өйткені оның себебін өз басынан біледі. Туған жер туралы да солай» деген екен. Шынымен де, туған жерде тұрып қана қоймай, оның таризын, салт-дәстүрін, асыл мұрасын сыйлағанға ештеңе жетпейді. Бұл дәйекті біздің бүгінгі сайысқа қатысушылар да дәлелдейді. Олай болса, ендігі кезек «Туған жер – алтын бесік» айналымында. Бұл сайыс ережесі бойынша, таблода көрсетілгендей, әр тақырып бойынша үш сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 5 баллға бағаланады.

ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫ.

1.Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы (Жақсылық Үшкемпіров)
2. Олимпиада эмблемасын сипаттаңыз. (бес шиыошықтан тұрады: көгілдір, қара, қызыл сары, жасыл – бес құрлықтың белгісі)
3. «Бейжің-2008» олимпиадасынан Қазақстанның қоржынында қанша алтын болды? (2-Илья Ильин (ауыр атлетика), Бақыт Сарсекбаев (бокс))

ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫ:

1. Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)
2. Қазақстан қалаларынан тұңғыш рет алтын медальға ие болған қала?(Шевшенко қаласы, Патрик Амберкромби атындағы алтын медаль, архитекторлардың Халықаралық ассоциациясының ең жоғарғы наградасы)
3. Қазақстандағы аты да, заты да бұзық өзен (Талдықорған облысы, Тентек өзені)
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР:
1. «Асар» дегеніміз не?(қиын жағдайда бірлесе отырып берілетін көмек түрі)
2. «Бастаңғы» дегеніміз не?(ата-аналар тойға не асқа кеткенде қой сойылып жастардың жиналатын дәстүрі)
3. «Ат тергеу» дегеніміз не? (жаңа түскен келіннің қайындарына, қайысіңілдеріне т.б. қоятын атауы)

ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Қазақ тілі қашан мемлекетік мәртебе алды? (1989ж)
2. Қазақ тіліндегі ең қысқа сөз(у)
3. Телефон, теледидар, телепатия, телеграмма сөздерінің құрамындағы «теле» гректен енген сөз. Бұл сөз қазақ тілінде қандай мағына береді?(алыс)

ЕЛ РӘМІЗДЕРІ:
1. Қазақстан туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
2. Теңгенің жаңа номиналдары қай жылы шықты?(2006ж)
3. ҚР рәміздері қашан бекітілді?(1993)

ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ:
1. М. Мақатаевтың азан шақырып қойған аты?(Мұқамбетқали)
2. А. Құнанбаевтың 46-сөзі қалай аталады?(Ғақлия)
3. М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын неше жыл жазды? (15 жылға тарта)
Жүргізуші: «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді» деп қытай философиясында айтылғандай, әр елді мемлекеттік рәміздер арқылы тануға болады. Бұл сөзімізді дәлелдеуге, әрине бүгінгі білімді де, білікті жастарымыз көмектеседі. Ендеше, «Вексиология» деп аталатын сайысымызда назарларыңызға жасырын ел туы ұсынылады. Сіздің міндетіңіз, біздің көмегіміз арқылы қай елдің туы екенін айту. Ереже бойынша, ең алдымен ел туралы қысқаша ақпаратты тыңдап алыңыз. Содан соң жауап бере аласыз. Дұрыс жауап – баллға тең.
Бұл елдің территориясы -1648 мың шаршы км. Солтүстігінде Армениямен, Әзірбайжанмен және Түркістанмен, шығысында Ауғаныстанмен, пәкістанмен, батысында Иракпен және Түркиямен шектеседі. Діні – ислам. Мемлекеттік тілі – парсы тілі. Қазақстан мен бұл ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 29 қаңтарында орнады.
Жауабы: Ислам Республикасы Иран (призиденті – Сейид Мохаммад Хатами)
Бұд елдің территориясы – 2,24 млн. шаршы км. Оның едәуір бөлігін құмды шөлдер алып жатыр. Арабия түбегінің 80%-ын және Қызыл теңіз бен Парсы шығанағындағы бірнеше аралдарды алып жатыр. Ресми тілі – араб тілі, ағылшын тілі таралған. Мемлекеттік діні – ислам. Бұл елдің корольдігі араб және мұсылман елдерінің ішінде бірінші болып 1991 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігін таныды.
Жауабы: Сауд Арабиясы (патша Фахд Бен Абдель Аль Сауд)
Бұл елдің халқы – 48,5 млн адам. Ресми тілі орал-алтай тілінің тобына жатады. Ұлттық ақшасы –вона. Әкімшілік жағынан бұл ел 9 провинцияға және ерекше әкімшілік мәртебесі бар 7 қалаға бөлінеді. Қазақстан Республикасы мен бұл ел арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 28 қаңтарында орнатылды.
Жауабы: Корея Республикасы (призидент Ким Дэ Чжун)
Ресми тілдері – иврит және араб тілі, сондай-ақ ағылшын, орыс, идмш, т:б. Тілдер тараған. Негізгі діндері: иудаизм, ислам, христиан діні. Ресми күнтізбесі – ежелгі еврей ай-күн күнтізбесі. Онда жыл басы 5 қыркүйек – 5 қазан кезеңіне сәйкес келеді. Ұлттық ақшасы – шекель. Қазақстан Республикасы мен бұл елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 10 сәуірінде орнатылды.
Жауабы: Израиль (премер-министр А.Шарон)
Орталық Азиядағы мемлекет, солтүстік пен батыста Қазақстанмен, оңтүстікте Түркістанмен және Ауғаныстанмен, оңтүстік-батыста Тәжікстанмен, шығыста Қырғызстанмен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы – 6221 км. Мемлекет құрылысы. Призиденттік жүйе басқаратын мемлекет. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 23 қарашасында орналасқан. Ұлттық ақшасы – сум.
Жауабы: өзбекстан Республикасы (призиденті Ислам Каримов)
Территориясы - 86,6 мың шаршы км. Закавказьенің шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл елдің ірі қалалары: Гянджа, Сумгайт, Ленкорань, Хамчаз, Губа, Мингечаур. Ұлттық ақшасы – манат. Қазақстаннан бұл елге астық, темекі өнімдері, электр жабдығы, көміртекті болат прокаты, мұнай және көмірсутегі, табиғи химиялық қосыластар экспортқа шығарылады.
Жауабы: Әзербайжан (призидент Ильхам Алиев)
Бұл ел Шығыс Азияда орналасқан. Жерінің көлемі жөнінен (9,6 млн. Шаршы км) Ресей мен Канададан кейін үшінші орын алады. Халқының саны жөнінен әлемде бірінші орын алады. Бұл ел – зиялы мемлекет. Онда мемелекет діннен бөлінген. Қазақстан Республикасы мен бұл ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарында орнады.
(Жауабы: Қытай халық Республикасы. Төраға орынбасары – Ху Цзинь Тао )
Бұл ел Еуропаның батыс бөлігінде орналасқан. Басты діні – католицизм. Сонымен бірге протестанттық, ислам, иудаизм діндерін ұстанады. Ақшасы – евро. Бұл ел – парламент режимі мен күшті призиденттік биліктегі республика. 1992 ж. 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. 1992 ж. 25 қаңтарында дипломатиялық байланыс орнатылды.
(Жауабы: Франция Республикасының призиденті – Жак Ширак)
Бұл елдің ұлттық ақшасы – евро. Әкімшілік – территориялық бөлінуі – 16 жерден құралған федеративті мемлекет. Діні – евангелие шіркеуі, римдік-котоликтік шіркеуі және басқалар. 1992 жылы желтоқсан айында ҚР-да бұл едің Елшілігі ашылды.
Жауабы: Германия Федеративтік Республикасының канцерлері – Герхард Шредер)
Бұл елдің астанасы – Афина. Бұл ел Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Балқан түбегі мен жақын жатқан аралдардың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Албаниямен, Македониямен, Болгариямен және Түркиямен шектеседі. Ұлттық ақшасы – евро. 1992 жылы 1 қазанда қазақстан Республикасы мен бұл ел арасында дипломатиялық қатынас орнады.
(Жауабы: Греция призиденті – Константинос Стефанопулос. 1995-2005ж.ж.)
Бұл ел Закавказьенің орталық және батыс бөліктерінде орналаықан. Солтүстігінде ресеймен, оңтүстік-шығыста Әзербайжанмен, оңтүстікте Армениямен және оңтүстік-батыста Түркиямен шектеседі. Ұлттық ақшасы – лари. Астанасы Тбилиси. 1992 жылдың 29 шілдесінде екі ел арасында дипломатиялық қарым- қатынастар орнады.
(Жауабы: Грузия призиденті – Константинос Стефанопулос. 1995-2005ж.ж.)
Жүргізуші: «Білеті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. Келесі сайысымыз «Білгенге – маржан» деп аталады. Бұл турдың ерекшелігі әр тақырыпта 15 сұрақ қойылады. Ойлануға 10 секунд беріледі. Жауабын кім біледі, айтуға құқылы.
1. Айт мейрамында айтылатын ән. (Жарапазан)
2. 7 әріптен тұратын үрлеп ойнайтын музыкалық аспап. (Сыбызғы)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады? (7)
4. «Шілтерлі терезе», «Қвйран Нарын» - кімнің күйлері? (М. Өтемісов)
5. Өрнекті тақыр кілем.(алаша)
6. Бір-бірімен байланысып, рет-ретімен дамып отыратын оқиға?(Сюжет)
7. Дүниедегі ең кішкентай құс?(колибри – оның салмағы – екі грамм, тұмсығының құйрығының ұшына дейінгі ұзындығы – 5 сантиметр)
8. Суыққа ең төзімді қандай құстар? (қаз бен үйрек. Олар 110 градусқа дейін шыдайды)
9. Ерте туып тез жетілген қозыны не деп атайды?(марқа)
10. Қой қолдың тырнағы тез өседі?(Жүрек жақтағы сол қолдың)
11. 1 кг тас ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?(екеуі бірдей)
12. Ең жіңішке, ең мықты жіп?(Өрмекшінің өрмегі. Осы өрмекпен экватор бойымен Жер шарын орап шықса, оған кеткен бар жіптің салмағы 340 грамм. Жуандығы шрйын мен болат сымнан мықтырақ)
13. Дүниежүзіндегі суы мол өзен (Амазонка)
14. Шоқжұлдыздардың астраномиялық атауы (Зодиак)
15. Дүниедегі ұшатын құстар мен жәндіктердің ішіндегі қанатын жиі қағатын қайсысы? (Шыбын. Ол қанатын минутына 57000 рет қағады екен)
Жүргізуші:
Сайыс ережесі бойынша, жоғарғы үш айналымнан кейін ұпай саны аз төрт қатысушы сайыстан шығуы тиіс. Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша әсем жырға кезек берейік(7 «А» сынып оқушысы Қасымов Серік «Адай»
Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, «Сый сұрақ» деп аталатын ендігі сайысымызға қош келдіңіздер. Бұл сында өздеріңізге сұрақтарды қонақтарымыз дайындап келген болатын. Әр жауап 5 баллға бағаланады.
6 сұрақ:
1. ҚР премьер-министрі кім?(Кәрім Мәсімов)
2. Әйелдер теңсіздігіне байланысты жазылған тұңғыш роман? (Бақытсыз Жамал)
3. Қазақстанда неше облыс бар?(14)
4. Тынық күнде жауған қар (Сонар)
5. Тайқазан қай қалада тұр(Түркістанда)
6. Қасиетті аққу құсының баласын не дейді?(Көгілдір)
Жүргізуші:
Ал,құрметті қонақтар, сайыскерлер, соңғы жұп, соңғы сайыс.
Ықылым заманнан қазақ халқы жер бетін өзінің тіл байлығымен, шешендігімен таң қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке, Жиренше,Сырым шешендердің сөзі екі ел арасындағы дауға тоқтау болған, үлкен нақыл сөз боп қалыққа қызмет атқарған. Дәлел мен дәйек арқылы өз ойларыңызды, ұсыныстарыңызды, тұжырымдарыңызды сындарлы сөзбен әсемдеп жеткізуді талап ететін келесі сайсымыз осы сөзді дәлелдеуге бағытталса керек.
«Мелекет жастарға қолдау көрсету керек пе?» тақырыбында өз ойларыңызды көпшілікке ұсынасыздар. Сіздерге берілетін уақт – 3 минут және қорғауға – 1 минут. Сіздер ойларыңызды таразылап болғанша ортаға өлең-сөздің шебері 7 «А» сынып оқушысы – Сражатова Надежданы шақырамыз. Қол соғып, қошеметтейік. (Сайыскерлер шығып, өз ойларын айтады).
Жүргізуші:
Енді, әділқазы алқасы сайскерлеріміздің баллдық жүйесін есептеп болғанша, өздеріңізбен біздің елге таң қалған М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан – менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, ағайын, біздің елге таңғалу бар, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын. Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына беріледі.
(Әділқазылар сөйлейді) (Егер әділқазылар үлгермесе –Қасымов Серік – «Талас» күйі)

Жүргізуші:
Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: guli (2012-05-14)
Просмотров: 4646 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-12-21, 2:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru