Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Внеклассное мероприятие разработано учителем казахского языка Байшыбаевой Ляззат Тлеубаевной КГУ «Вспомогательная школа-интернат №5 для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей», ВКО, г. Семей. Тақырыбы: «Ана тілі-ананың сүтімен...» Мақсаты:1.Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу; 2. ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру; 3. еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар. «Тіл ұлттың қасиетті белгісі.», «Ұлттың тілі – ұлттың ділі», «Тіл көңілдің кілті», «Атаның сөзі- ақылдың көзі», «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.» 1.Воспитание у учащихся чувства любви и уважения к взрослым, сплочение коллектива; 2.формирование у учащихся представления о семье, как о людях, которые любят друг друга, заботятся друг о друге. Плакаты:“Как здорово, что все мы здесь сегодня собрались” “Когда семья вместе, так и душа на месте” “Ребенок учится тому, что видит у себя в дому.Родители – пример тому”. Жүргізілу барысы: Күй «Сарыарқа» (№1слайд -қазақ даласы туралы) Жүргізуші: Жерімнің атын айтсам-Қазақстан! Қойнауы қазынаға толған мекен, Байлығым айтсам –Қазақстан! Қазақстан- бабамнан қалған мұра, Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра! Өзге де ұлт –ұлысқа қоныс болып, Оларға да жақсылық үйіп төккен. Қазақстан – Республикам! Мақтанышым! Мен сені жырлаймын мақтан үшін. -Қайырлы күн қымбатты балалар, құрметті әріптестер! Өзіміздің ұжымдық мерекелеріміз өткізілетін мынадай кең, әсем безендірілген сәнді де әнді залда аман-есен қайта қауышқанымызға қуаныштымын. Сөз басында Отаным туралы, біздің Отанымыз туралы айтқым келеді : Біз — қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Отаным менің-Қазақстан Республикасы. (№2 слайд) Елімнің көшбасшысы-ҚР президенті Н.Назарбаев. (№3 слайд) Отанымның жүрегі, бәйтерегі-арман қала, ару қала-Астана. О нашей прекрасной столице очень точно и ярко высказался Н.А. Назарбаев: «Такова столица на Ишиме — прекрасный и мирный город с оригинальным архитектурным ландшафтом, уникальными скульптурными символами, с многонациональным наследием, которому свойственны исключительное чувство взаимного уважения, чувство национального достоинства и бесконечной гордости за свою столицу и за свою страну». (№4 слайд) Биыл мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдығын атап өттік.Олар: мемлекеттік ту, елтаңба және мемлекеттік әнұран. (№5 слайд) Олимпиада — мемлекеттiң абыройы мен күш-қуатын әлемге паш ететiн дода. Осы сында қазақстандық спортшылар тамаша жетiстiкке жетiп, елiмiздi әлемдегi спорт державаларының қатарына қосты. Мемлекеттiк Әнұранымыз 7 рет шырқалып, Лондондағы танымал әндердiң бiрiне айналды. Спортшыларымыз жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды. Мұндай жетiстiк бұрын-соңды тарихымызда болмаған. Сайыпқырандарымыз сенiмдi ақтады. ҚР-ның даңқын арттырған олимпиадашыларымыз: Александр Винокуров,Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Даниал Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко, Ақжүрек Таңатаров..... Барлығының мақсаты бір, арманы бір.Ол Отанын шексіз сүю, Отанына адал болу, Отанының туын биік ұстау! Жарайсыңдар,олимпиадашылар! Алға Қазақстан! Жаса Қазақстан! -«Жаса, Қазақстан» әні (№6 слайд - Қазақстан халықтары туралы) Жүргізуші: -Язык-это окно в новый мир, это посредник дружбы. Не случайно, поэтому 22 сентября в РК отмечается как день языков народов Казахстана. Это общий праздник для всех народов, живущих в нашей стране.В основе многонационального праздника языков лежит идея: каждый язык-это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура-это бесценный вклад в мировую цивилизацию. Язык-это орудие дружбы, и, с тех пор как стоит мир, лучшего орудия еще никто не придумал. В языке одухотворяется весь народ и вся его родина. В светлых, прозрачных глубинах народного языка отражается не одна природа родной страны, но и вся история духовной жизни народа. Вот почему лучшее и даже единственное средство проникать в характер народа-усвоить его язык. Исторически сложилось так, что на территории Казахстана действует и развивается более 100 языков, но государственным языком является казахский язык. -Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата-дәстүрі. -Ендеше, Тілдер күніне арналған отбасылық «Ана тілі-ананың сүтімен...» атты сайысымызды бастаймыз. Сегодняшний праздник мы решили посвятить семье. Потому что каждый человек впитывает родной язык с молоком матери и вместе с языком познает культуру своего народа и учится говорить, любить, заботиться и уважать. (№ 7 слайд-мектеп- интернат өмірінен) Наша с вами общая семья, это наша школа-интернат, это мы все вместе: дети и взрослые. У нас большая, дружная, многонациональная семья. Семья – самое главное в жизни для каждого. Семья – это близкие и родные люди, те, кого мы любим, с кого берем пример, о ком заботимся, кому желаем добра и счастья. И сегодня, на нашем празднике присутствуют семейные команды. Представляем команды. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де. Төрлетіңдер, қадірменді сайыскерлер Гүл – гүл жайнап біздің, мына, төрімізге дей отырып бірінші отбасын ортаға шақырамыз. (отбасылар бір-бірден шығып, өз орындарына жайғасады.) 1-кезең-таныстыру кезеңі. «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер». (Әр отбасы өзін-өзі таныстыру.) Отбасы: мұғалім, тәрбиеші, тәрбиеленушілер. Командалар: «Бақыт», «Қуаныш», «Шаңырақ», «Арман» -Музыкалық номер - Ақыл көркі- тіл, тілдің көркі сөз. ІІ кезең - Интеллектуалды сайыс (мақал-мәтелдер, дәстүрлер) -көрермендермен ойын-көрермендер сұраққа жауап береді, командалар жауаптарды кеуделеріндегі әріптерден құрастырады. - Музыкалық номер - Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы. Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. ІІІ кезең- отбасылық өнер сайысы. Әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді. ІV кезең- Спорттық сайыс. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей келесі кезекті ер азаматтарға береміз . (арқан тарту, аударыспақ) - Музыкалық номер V кезең «Ас-адамның арқауы» атты сайыс. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші келесі сайысқа аналар қыз балаларымен шақырылады. - Музыкалық номер VІ кезең «Түрлі түрлі жағдайлар» атты сайыс. Отбасында түрлі жағдайлар болып жатады. Солардан біраз үзінділерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Жүргізуші: Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Жанымды жадыратқан бала тілім, Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім, Жаралып жермен бірге, күн көзімен, Жасасқан қазақ тілі – ана тілім. Жырлатқан қазақтардың қазақтығын, Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын. Жұлдызды құдіреттің туы болған, Жауынгер ана тілім – қазақ тілім. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін, өзінің тілін сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. -Уважаемые участники и зрители, заканчивая сегодняшний вечер, хочется сказать большое спасибо всем участникам сегодняшнего конкурса, зрителям и всем, всем кто присутсвовал на нашем празднике и выразить надежду, что наш семейный праздник помог нам ближе узнать друг друга, объединиться, сделать еще один шаг навстречу к взаимопониманию и единству. Давайте возьмемся за руки и все вместе споем песню, “Атамекен” -Марапаттау рәсімі | |
Просмотров: 2176 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|