Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Қарағанды қаласы, ЖББ №65 ОМ КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Масалимова Гаухар Аскарбековна. Оқу орыс тілінде жүретін мектептің оқушыларына арналған сайыс жоспары. Тақырыбы: Білекті бірді, білімді мыңды жығады. Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу. Міндеттері: • Оқушыларды көп оқуға бейімдеу; білім жолында қанаттарын кең жаюына жол ашу; • Ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін шыңдау; • Тілді білуге құштарлық сезімдерін ояту; • Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру; тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Түрі: Интеллектуалдық сайыс (Зал шарлармен, өнер, білім жайлы жазылған мақал-мәтел, нақыл сөздермен әдемі безендіріледі) 1-жүргізуші: -Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар! 2-жүргізуші: -Қайырлы күн, аяулы шәкірттер! 1-2-жүргізуші: -Қайырлы күн, қымбатты қонақтар! 1-жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе, Қызыққаннан келмей ме жүре бергің. Сондықтан да келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің,- деп ақын Асқар Тоқмағамбетов ағамыз айтып кеткендей, қазір тек білімді, тәрбиелі, озық ойлы адам ғана өмірден өз орнын ойып тұрып алады. 2-жүргізуші: -Олай болса, біз бүгінгі жастарымызға тек оқудан, ізденуден, тер төгуден жалықпаңыздар дегіміз келеді. 1-жүргізуші: -Осындай жақсы тілектерден кейін біз сіздерге «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!-демекпіз. 2-жүргізуші: -Бұл сайысқа орта буыннан 5 оқушыдан құралған 4 топ қатысады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады. I бөлім. Таныстыру. II бөлім. Кім көп біледі?! III бөлім. Өнерлі өрге жүзер. IY бөлім. Кім жылдам, кім тапқыр?! 1-жүргізуші: -Ендеше, біздің бүгінгі сайысымыздың үміткерлерін ортаға шақырайық. -Қошеметпен қарсы алыңыздар! (Қатысатын 4 топ сахна төріне көтеріледі, топ басшылары сандықшадан келіп асық алады, сол асықта жазылған сан бойынша олардың реттері анықталады. Музыка ойналып тұрады) 2-жүргізуші: -Енді осы сайысқа түсетін үміткерлерімізді бағалап отыратын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Әділ қазылар алқасымен таныстыру) 1-жүргізуші: -Ардақты да аяулы ұстаздар, қадірлі де қадірменді қонақтар, жеңсем деп үміттеніп келген үміткерлер! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз! 2-жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады, Той деп бүгін халқым шашу шашады. Бүгінгі интеллектуалдық сайыстың Жезтаңдай әнші әнмен бетін ашады. Ән шашу. 1-жүргізуші: -Құрметті сайыскерлер барлығы түсінікті болса, бірінші бөлімімізден сайысымызды бастаймыз. I. Таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, ұраны болуы –шарт. Әр топ өз кезегімен топтарын таныстырады. (Топтар әр бөлімнің соңында әділ қазылар алқасымен бағаланып отырады) 2-жүргізуші: -Келесі бөліміміз- Кім көп біледі?! Бұл бөлімде сайыскерлерге қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен 10 сұрақтан беріледі. Бірінші болып таяқшаны көтерген топ жауап береді, егер жауап қате болса, басқа топтың мүшелері жауап беру мүмкіндігіне ие болады, олар да дұрыс жауап бермесе, онда көрермендер арасынан жауап беруге болады. 1-жүргізуші: -Сонымен мұқият болыңыздар, сұрақтарды оқимын. Қазақ тілі 1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым? (Фонетика) 2. Жазылуы мен дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер? (Омоним сөздер) 3. Сөйлем интонациясына қарай қалай бөлінеді? (Хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты) 4. Қазақ әліппесінің атасы кім? (А.Байтұрсынұлы) 5. Жалғау түрлері? (Көптік, септік, жіктік, тәуелдік) 6. Етістіктің шақ категориялары? (Осы шақ, өткен шақ, келер шақ) 7. Буынның қандай түрлері бар? (Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын) 8. Тұрлаусыз сөйлем мүшелері? (Пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш) 9. Анықтауыштың сұрақтары. (Қандай? Қай? Кімнің? Ненің?) 10. Жатыс септігінің жалғаулары. (-да/де, -та/те, нда/нде) Қазақ әдебиеті 2-жүргізуші: 1. Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады? (Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары...) 2. Қандай батырлар жырларын білесіңдер? (Қобыланды, Алпамыс, Едіге, Қамбар...) 3. Қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер? (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бұқар жырау, Жиренше шешен...) 4. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбайұлы) 5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы) 6. Қ. Аманжолов қай облыста дүниеге келген? (Қарағанды облысы) 7. Қарасөздердің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы) 8. Үш бәйтеректі атаңдар. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин) 9. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, қой, түйе) 10. Қарағанды жерінен шыққан революционер ақын? (С.Сейфуллин) (Әділ қазылар бағалайды, әр дұрыс, нақты жауапқа-2 ұпайдан) 2-жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» кезеңіне де келіп жеттік. Бұл бөлімде алдын-ала берілген тапсырма бойынша әр топ өз өнерлерін ортаға салады. (Өлең оқиды, ән салады, би билейді) 1-жүргізуші: -Сайыскерлеріміз дайын болғанша, қымбатты көрермендер, біз сіздермен «Жаңылтпаштан жаңылмайық» ойынын ойнасақ қалай қарайсыздар? Қазір мен сіздерге жаңылтпаш айтамын, сіздер соны жаңылмай, жылдам және қатесіз айтып берулеріңіз керек. 1. Есет атам ет асатар, Ет асатса, бес асатар. 2. Көже пісті, көжені неше кісі ішті. 3. Тақпақ жатта, Жатқа жатта. 4. Шаншар шаршап жатыр, Қайсар жайша жатыр. 2-жүргізуші: -Ал қазір сайыскерлеріміздің өнерін бірге тамашалайық, қымбатты қауым! (Төрт топтың сайыскерлерінің өнерлері тыңдалып, бағаланады) 1-жүргізуші: -Сонымен соңғы кезеңге де келіп жеттік. Кім жылдам, кім тапқыр?! Қазір мен сіздерге мақалдың алғашқы жолын оқимын, сіздер жалғастыруларыңыз керек. Дайын болсақ, бастайық. 1. Көре-көре көсем боласың, (Сөйлей-сөйлей шешен боласың) 2. Білекті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар) 3. Тіліңмен жүгірме, (Біліммен жүгір) 4. Тіл-қылыштан (өткір) 5. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл) 6. Басқа пәле- (тілден) 7. Ана сүті бой өсіреді (Ана тілі ой өсіреді) 8. Өнер алды - (қызыл тіл) 9. Тілге құрмет- (елге құрмет) (жауаптар тыңдалып, әділқазылар алқасымен бағаланады) 1-жүргізуші: Сарыарқаның бір өнер әр тасында, Осындай той-думандар тарқасын ба?! Қазақтың ұлы өнері мәңгілік қой, Осындай бишілердің арқасында- деп, ортаға биші қыздарымызды шақырамыз. 2-жүргізуші: -«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Жеңімпаз топты марапаттау рәсімі. -Назар қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс. Дендеріңіз сау, бастарыңыз бүтін болсын, қымбатты қауым! | |
Просмотров: 5139 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|