Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
ҮЗДІК ОҚЫРМАН (сынып аралық сайыс) Гүлжанар Тобықбаева Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп Семей қаласы Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Көрнекілігі: "Менің сүйікті кітабым" атты кітап көрмесі. Нақыл сөздер: «Ой маржаны кітапта», «Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы», «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес». «Балалар кітабы апталығы» плакат. Мадақтау грамотасы. Кітап жинап түптеймін, жыртылмасын, Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін, Көрген кісі кітабы кір демесін. Мұзафар Әлімбаев. Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Биыл біздің мектебімізде екінші рет мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік балалар кітабы" күніне орай «Менің сүйікті кітабым» атты апталық өтуде. Бүгін 3-сынып оқушылары арасында "Үздік оқырман" сайысын өткізгелі отырмыз. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Шын мәнінде сарқылмайтын бір ғана қазына бар – бұл кітапхана» деген Пьер Буаст. "Ізденсем, білсем" деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. "Кітап-білім бұлағы, білім - өмір шырағы" деген қанатты сөз қалдырған. ''Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" деп Абай айтпақшы, адам баласы үшін кітап — тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады. Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай, қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек» - деген болатын. XXI ғасыр - білім, ғылымның ғасыры. Бәсекеге қабілеттіктің басты көрсеткіші-білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырумыз қажет. Болашақ жастардың колында. Олай болса сайысымызды бастайық. 1 жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. Кел, окырман, тойын тойла кітаптың, Шаттанатын мерекелі күн бүгін. 2 жүргізуші: Сіздерді "Үздік оқырмандар" сайысына қатысушы кітапхананың білімді де талантты 2 командасымен таныстырамыз. 3 «Ә» сыныбының және 3 «Б» сыныбының командалары. 1 жүргізуші: Сайысты бақылап, оған әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар... Сайыстың әр кезеңі 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. 2 жүргізуші: Сайысымыздың I бөлімі -"Кітап — білім бұлағы" Дейді ойшылдар "Кітап - білім бұлағы", Кітапхана - сол кітаптар тұрағы. Көп үйреніп, көп оқыған баланың Анық тағы білімпаз боп шығары. Сайыскерлер өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтады. 1 жүргізуші: Сайысымыздын II бөлімі -"Өлең - сөздін патшасы" Өмір мәні - өнер менен білімде, Айтайықшы кітабынды жыр ете. Әрі ақылшың, рухани қазынаң, Құнды байлық баға жетпес бұл өте. Сайыскерлер кітап туралы тақпақтарды мәнерлеп айтып жарысады. 2 жүргізуші: Сайысымыздың III бөлімі -"Мақал - сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың азығы" Мақал-мәтелдер және жұмбақ айту. Әр команда білім, кітап туралы мақал-мәтелдің басын бастайды келесі команда мақалды жалғастырады және жұмбақтарды шешеді. 1 жүргізуші: Сайысымыздың IV бөлімі -"Білім көзі кітапта" Конверттердегі сұрақтарға жауап беру. 2 жүргізуші: Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Сайыста өзінің оқыған кітаптары жайында жақсы әңгіме айтып, тақпақты мәнерлеп оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап беруі жағынан көзге түскен үздіктер анықталады. Қазылар алқасынан үздік оқырмандарға баға беріп марапаттауын сұраймыз. Марапаттау 1,2,3 орын және «Білімпаз сынып» номинацияларымен марапатталады. 1 жүргізуші: Кітапхана — білімпаздар мекені, біз кітапханаға барып, кітап алып оқып, кітаптан берілген тапсырмаларға дайындалып, білімдерімізді жетілдіреміз. Біздің кітапхана кішкентай болғанымен атқаратын қызметі үлкен. Жазушы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев: «Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын»,- деген. Кітапханада кездескенше сау болыңыздар. «Үздік оқырман» (Бақылау парағы) Сайыс тәртібі: Сайыс 4 бөлімнен тұрады, 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Сонымен бірге оқырманның кітапханаға жыл бойында келгені және қанша кітап оқығаны да есепке алынады. І бөлім «Кітап – білім бұлағы» Сайыскерлер өздері оқыған қызықты кітабынын түсінік айтады.(1 оқушы) ІІ бөлім. «Өлең – сөздің патшасы» Сайыскерлер кітап туралы өлеңді мәнерлеп айтып жарысады. (3 бала) ІІІ бөлім. «Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың азығы» Сайыскерлер білім, кітап туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.(5 мақалдың басын айтады, келесі топ оны жалғастырады) ІV бөлім. «Білім көзі кітапта». Қойылған сұрақтарға жауап беру. Бақылау парағы. 5 ұпайлық жүйе «Кітап – білім бұлағы» «Өлең – сөздің патшасы» «Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың азығы» «Білім көзі кітапта» Қортынды ұпай 3 «Ә» сыныбы 3 «Б» сыныбы Источник: http://кітапхана жұмысы | |
Просмотров: 6110 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|