Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Аманбаева Айжан Шәкірқызы, № 24гимназия, Тараз қаласы «Ұлыстың ұлы күні» тақырыбындағы мерекелік іс – шара 6-сыныптар Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наздары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдтар. Түрі: Топаралық сайыс Кіріспе Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан. Барысы: 1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Кел,балалар, ойнайық, Наурыз тойын тойлайық. Баянды боп мереке, Қыр гүліндей жайнайық. 2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар! 1- жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып Тәрбие, тәлім табар ма? Бұл бәйге - ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға – сол алда, дегендей жарыс түрінде өткізілетін сынып сағатымызда озық ойлы топты анықтаймыз.Олай болса бүгінгі үздік топты анықтайтын әділ қазылармен таныс болыңыздар. 2-жүргізуші: Бүгінгі сабақта «Наурыз », «Көктем» және «Бәйшешек» топтары өзара сайысады. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 1. Әр топ өз тобын таныстырады. 2. « Ханталапай » сұрақ-жауап (Қазақтың салт-дәстүріне, Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтар) 3. Өнер көрсету 4.Ұлттық ойын (Арқан тарту) 5.Ұлттық тағам 6. Наурыз күнгі бата- тілек 1- жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық, Би билеп, ән өнерге тамсанайық. Аңызбен, ертегімен бізге жеткен. Құрметті қонақтарды қарсы алайық.(топтарды ортаға шақыру) «Бәйшешек » тобы - 6 «А» сынып оқушылары «Наурыз» тобы - 6 «Б» сынып оқушылары «Көктем» тобы - 6 «В» сынып оқушылары Бірінші кезең - топ атын қорғау. «Наурыз » тобы: Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген. Бұл күнді қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. Наурыз – жыл басы болғандықтан, біз тобымызды осылай атадық. «Көктем» тобы: Көктем – жылдың тамаша мезгілі. Бұл мезгілде қар еріп, жер көгеріп, табиғат тамаша болады. Көктемде мерекелер де көп. Гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады. Бізге көктем мезгілі ұнағандықтан, тобымызды осылай атадық. «Бәйшешек» тобы: Көктемде ауа райы өзгеріп, гүлдер шығады. Құстар ұшып келеді. Күн жылынады. Бәйшешектер шыға бастайды. Бәйшешек – көктемнің алғашқы гүлі. 2- жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп, Оқушылар жауап берсін сұраққа Бабалардың салған жолын дәріптеп, Әр қашанда жүрейікші құрметтеп. Екінші кезең - « Ханталапай » деп аталады. Топ мүшелері қазақтың салт-дәстүріне, Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтарға жауап береді. 1- жүргізуші: 1. Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз) 2. Төрт түліктің иелері қалай аталады? (Шопан ата, Қамбар ата , Ойсылқара, Зеңгі баба) 3. Қандай ұлттық ойындарды білесің? (Көкпар,бәйге, алтыбақан, асық, ақсүйек, тоғызқұмалақ) 4.Наурыз қандай мейрам? (Наурыз - түркі халықтарының жаңа жылы ) 5. Наурыз мейрамын халық қалай атаған? (Ұлыс күні деп атаған) 6.Қой ненің белгісі? (мырзалықтың) 7. «Наурыз» сөзі қай тілден енген? (парсы тілінен) 8. Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесің? (бесікке салу, қыз ұзату, тұсаукесу) 9. Наурыз айында неше күн бар? (31 күн) 10.Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады? (бәйшешек) 2- жүргізуші: 1.Ұлыс күні адамдар бір – біріне не айтқан? (жақсы тілек айтқан) 2.Үлкен адамдар не берген? (бата берген) 3.Тұрмыс – салт жырларының қандай түрлері бар? (Наурыз жырлары, төрт түлікке арналған жырлар) 4. Жылдан құр қалған жануар ? (Түйе) 5. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9) 6.Жас бала алғашқы қадамын жасаған кезде қандай рәсім жасалады? (тұсаукесу) 7. «Наурыз» сөзі қандай мағына білдіреді? (жаңа күн) 8. Жылдың неше мезгілі бар? (4) 9.Ешкі ненің белгісі? (жеңілдіктің) 10. Түйе ненің белгісі ? (байлықтың) 1- жүргізуші: 1.Қазақ халқының ет тағамдарын ата (қазы, қарта, жал, жая, шұжық, т.б.) 2. Тұсау кескен адамға не береді? (кәде береді) 3.Наурыз күні үлкен кісілер не айтқан? (бата) 4.Қазақ халқының сүт тағамдарын ата. (қымыз, айран, шұбат, ірімшік, т.б.) 5.Сиыр ненің белгісі? (ақтықтың) 6.Жылқы ненің белгісі? (сәндіктің ) 7. Ұлыс күні кәрі – жас қалай амандасқан? (құшақтасып, көрісіп амандасқан) 8.Төрт түлікке нелер жатады? (жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі) 9.Қай күні күн мен түн теңеледі? (наурыздың 22-сінде) 10. Наурыз күні даярланатын тағам? (Наурыз көже) 2- жүргізуші: Ендігі тапсырма – бейнесұрақ. Алдымен бейнебаянды тамашалап алайық. Содан соң сұрақтарға жауап береміз. 1.Тұсауды қандай жіппен кеседі? (ала жіп) 2.Тұсауды кім кеседі? (жасы үлкен, өнегелі, жылдам жүретін, пысық адам) 3.Тұсау кесілген соң не шашады? (шашу шашылады) 1- жүргізуші: О заманда ашқан қазақ өмір сырын, Шақырған сайыстарға бірін-бірі Тыңдайық тамашалап көрермендер, Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін. « Өнерлі өрге жүзеді» демекші, Өнер сайысына кезек береміз. 2- жүргізуші: Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық. Әр топ өз өнерін көрсетеді. 1- жүргізуші: Қазақ халқы Наурыз тойында ұлттық ойындар ойнаған. Қазіргі сайыс - ұлттық ойын сайысы. (Арқан тарту) 2- жүргізуші: Наурызым әкелсін деп береке, ырыс, Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс. Жаңадан келген мына жаңа жылды Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс. Әр топ өздерінің әзірлеп келген ұлттық тағамымен таныстырады. Оның қалай даярланатыны туралы айтуы тиіс. 1- жүргізуші: Келесі бөлім - Наурыз тойында айтылатын бата – тілек сайысы. Үш топтың дайындаған баталарын тыңдайық. 1.Амансыздар ма? Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын! 2.Тыныш болсын даламыз, Таза болсын ауамыз. Қатыгездік жоқ болсын, Ырысымыз көп болсын 3.Ұрпақтардың бағы болсын, Арайланған таңы болсын. Ақ батамен қол жайғанның, Тілегінің бәрі болсын! 2 – жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, сайысымыздың қорытындысы дайын болса, бүгінгі сайыста жеңімпаз атанған топты марапаттауға сөз кезегін өздеріңізге ұсынамыз. (Топтарды құттықтау,марапаттау) 1 – жүргізуші: Ән қосылсын әңіне, Сән қосылсын сәңіне! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! 2 – жүргізуші: Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман –есен жетейік. Келер Наурыз тойына! Қош, сау болыңыздар! | |
Просмотров: 4593 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|