Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

көңілділер мен тапқыштар сайысы
Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың арасында «Көңілділер мен тапқыштар сайысы» Мақсаты: 1.Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын ояту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. 2.Берілген сауалдарға жауап беруде оқушылардың шапшаңдығын дамыту. 3.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту. Барысы: 1.Баяндама. «Ана тілің-арың бұл» 2. «Көңілділер мен тапқыштар сайысы» • Топтардың таныстыруы • Қарсы топтар алдын-ала дайындалған эмблемалар арқылы қарсы топтың атын табу. • Сөзжұмбақ шешу • Ойын ойнау • Жұмбақ шешу • Қай ақынның шығармасынан? Сұрақ-жауап. • Капитандар сайысы. «Жаңылтпаш» Жүргізуші Армысыздар,қымбатты ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгін біздің сахнамызда 5 сынып пен 6 сынып оқушыларының арасында «Көңілділер мен тапқыштар» сайысы болып өтпек. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.Мұндағы сайысушы топтарға қойылатын негізгі талап - ол оқушылар жылдам, әрі дұрыс жауап беру керек. Сайыскерлердің білімдерін,өнерлерін сарапқа салатын әділ-қазылар болмақ. І-кезең. Әр топ өзін-өзі таныстыру. Ітоп. Асыл тастан Өнер жастан Шығады деп дарынды. Халық айтса,халық сөзі Әрқашанда нанымды. Сол шындықты,күнделікті Көріп жүрміз бәріміз. Сол шындықтың жолын қуалаушы Әділ баға беріп таразылаушы, Білім нәрімен сусындатушы, Ұстаздарымызға,қарсыласымыз 6 сыныбына, қарсыласы 5 сыныбынан Жалынды сәлем! Ана тілің –арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Туған тілім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өшсе тілім мен де бірге өшемін, Өлсе тілім мен де бірге өлемін. Ау,халайық,халайық, Бәріне жар салайық.! Сәлем жолдап баршаңызға, Келіп тұр бүгін ортаңызға. Әділ қазы алқалары «Ақтабан шұбырынды» тобы Алдарыңда. Бір сыныпта оқимыз бәріміз де, «Достық» сөзі әрқашан дәрі бізге. Жарысуға сендермен келіп тұрмыз, Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге. Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп, Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп. Біз дайынбыз жарысуға достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. ІІ-кезең. Эмблемада жасырынған сурет арқылы топтың атауын табу. 5 сынып-«Ізбасарлар» тобы. 6 сынып-«Ақтабан шұбырынды» тобы. ІІІ-кезең. Сөзжұмбақ «Байтұрсынов» 1. Зат есімнің септігі. 2. 1873 жылы туған ірі тұлға. 3. Планета атауы. 4. Сөз табы. 5. Мектептегі бағыт-бағдар беруші адам. 6. Алғашқы педагог. 7. Заттың,құбылыстың атауы. 8. 100 жасаған ақын. 9. Зерттеуші ғалым.. 10. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы. 11. Қазақтың батыр қызы ІҮ-кезең. Ойын ойнау «Мәреден асыру» ойынының шарты. Екі бала арқа тіресіп,қолдарын ілмешектеп тұрады.Әрқайсысының алдынан бір метрдей жерге көлденең жерге сызық тартылады. Бұл-мәре.Белгі берілгеннен кейін екеуі бір-біріне арқасымен итеріп, мәреден асырып жіберуге тырысады.Асырып жібергені жеңгені. Кім ұшады? ойынының шарты. Ортаға екі бала шығып,арқа тіркесіп тұрып екеуі екі түрлі өлең айтады. Соңына дейін шатаспай өз өлеңін айтып шыққан бала ұшқан болып саналады. Ү-кезең. Жұмбақты шешу. «Ақтабан шұбырынды» тобы «Ізбасарлар» тобы Бір нәрсе менен биік, Өркеш,өркеш түйені Кейде менен аласа. Тастапты адам шөгеріп. Мұндай қызық дүниеде Өркеші бұлтқа тиеді, Көріп пе едің тамаша. Сауыры жатыр көгеріп. /бөрік/ /тау/ ҮІ-кезең. Сұрақ-жауап. «Қай ақынның шығармасынан?!» «Ізбасарлар» тобына 1.Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан, Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма, Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан. /А.Құнанбаев «Күз» өлеңі./ 2. Ақ киімді денелі ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау,түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. /А.Құнанбаев «Қыс» өлеңі/ 3. Балалар,бұл жол басы даналыққа, Келіңдер: түсіп,байқап қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Оларды көре тұра қалалық па?! Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық, Жүріңдер,іздеп тауып алалық та! /А.Байтұрсынов «Тарту» өлеңі»/ «Ақтабан шұбырынды» тобына 1.Күзгі түн шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген. Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп, Мен ояу,ел ұйқыда, оттар сөнген. /С.Торайғыров «Кедей» өлеңі/. 2.Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Жылдам хабар алғызды. /Ы.Алтынсарин «Ұмтылыңыз қаплыспай» өлеңі/ Жүргізуші Құрметті, өнер сүйер қауым, осымен «Көңілділер мен тапқыштар» сайысы өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Нурик (2013-02-14)
Просмотров: 1731 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 3:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru