Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Омарова Жібек Серікқызы тәрбиеші №54 «Нұрай» балабақшасы Астана қаласы Қош келдің, Наурыз! Жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған. Балғын шақты біз бақытты балалар. Жүргізуші:Құрметті әріптестер, ата-аналар, ақ жаулықты әжелер және балалар! Ұлыстың ұлы күні – НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын! Баршаңызға бақыт әкелсін! 1 бала: Наурыз келді тағы да, Жасыл желек тағы да. 2 бала: Құтты болсын мереке, Жаңа жылға – береке! 1 бала: Ырыс-дәулет мол болсын, Жылда осындай той болсын. 2 бала: Мейрамды енді бастайық Ал, канекей жол болсын! Жүргізуші: Кел, балалар ойнайық, «Наурыз» тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүлдеріндей жайнайық! Жүргізуші: Балалар мерекеге дайындаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар! Инсар: Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім, Тербетсін шаттық әні қазақ жерін. Той бастаған қадамың құтты болсын! Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім. Сіздерге бар жақсым да, бал тәттім де, Алаңсыз өсіндерші бейбіт күнде. Дәстүрім тамыр алып, өркен жайсын, Жалғасып ғасырларға бізбен бірге. Алина: Наурыз тойы береке, Наурыз тойы жыр-аныз. Қызып дулы мереке, Қызық думан құрамыз. Алдияр: Ата-баба тойлаған , Наурыз, армысың! Қызығыңа тоймаған , Дарқан дала қырлы шың. Ади: Жаңарғаны сананың, Ұмытады мұны кім! Ата салтын бабамның, Алып келді Ұлыс күн! Жүргізуші: Наурыз мерекесі көктем мезгілі болғандықтан, көктем жайлы өлеңімізді орындап берейік. Өлең : «Көктем күні» Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық Би билеп, ән өнерге тамсанайық. Аңызбен ертегіменен бізге жатқан Құрметті қонақтарды қарсы алайық. Асан ата (домбрамен әндетіп): Ау, жарандар, жарандар! Алтын таңға қарандар: Ерте жайнап атты таң, Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым қуанып, Рахатын тапты жан. Күннің жаңа нұры бар: Мұның ғажап сыры бар! Халық сүйген мейрам-бұл: Қарсы алайық, тұрындар! (Бәрі орындарынан тұрып, ду қолшапалақтап, келе жатқан Күнді қарсы алады) Күн (құлпыра жайнап): Сәлем, ата-аналар! Айналайын, балалар! Асан Қайғы, аман ба? Жаса, жақсы заманда, Көктемді алып келдім мен Бақыт тілеп адамға! Қудым жерден суықты, Қырдан салқын бу шықты. Құтты болсын мерекең: Наурыз айы туыпты. Әне наурыз келеді! Құлпырады жер енді! Жүргізуші: (салтанатпен билеп Наурыз келеді) Сәлем, анам-алтын Күн! Сәлем, қарты халқымның! Уақытыма риза боп, Бақытыма шалқыдым! Жүргізуші: Қош келіпсің Наурыз! Арман тойы ананың. Қуанышы ғаламның, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап қарсы алып, Қол соғады барша жұрт! Жүргізуші: Балаларымыздың наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын тыңдайық. Амира : Малдар төлдеп, қой қоздап, Сүттен бұлақ ағызған, Жаңа жылдың сипаты Молшылыкқа аңыз боп, Басталыпты Наурыздан! Аңсар: Келіп қалды Наурыз елімізге Мол қуаныш себілді жерімізге Құт – береке келсін деп үймізге Жаңа жылда күтеміз төремізде. Раушан: Науырызым әкелсін деп береке, ырыс, Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс. Жаңадан келіп жеткен жылдың басын, Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс. Берекең осылайша ортаймасын, Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын, Босағама о, Науырыз құт боп кіріп, Елімнің ырысты ет, кәрі-жасын! Қуат: Жыл иесі, бақыт әкел еліме, Құт-береке, молшылық дари берсін жеріме. Тарылмасын табиғаттың тынысы, Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме. Жүргізуші: Наурыз тойын тойлайық, Ән мен жырға басайық. Өнерімізді көрсетейік, Құрметіне бұл тойдың Ән мен шашу шашайық. Өлең: «Қош келдің Наурыз» Жүргізуші: Бишілерде өнер көп, Би билейді мәнерлеп. Қыздарымыздың биін көрініздер Өнеріне баға беріңіздер. Би: Қыздардың орындауында «Қазақ биі» Жүргізуші: Келді ғой көктем, құдырет біткен ғажайып Құрметтеп оны, күтіп ал жұмыла халайық Қалада, қарда жаңа жыл тойын дүрлетіп Алаулатып наурыздың отын жағайық. Қыдыр ата: Армысындар жамағат! Ұлыстың ұлы күні тойларың тойға ұлассын. Отбасыларыңнаң береке, бірлік кетпесін. Сәбилердің сыңғыры үзілмесін. Жүргізуші: Әумін, ата! Айтқаныңыз келсін! Қырықтың бірі қыдыр деген, һәм келіпсіз, Қыдыр ата! Сіздің жүрген жеріңіз бақ береке, ырыс деп естуші едік. Мына біздің бақшамызға да басқан қадамыңыз құт – береке әкелсін. Қыдыр ата: Иә, балалар, жорытқанда жолдарын болсын, қыдыр ата жолдарын болсын деп тілек тіледі ғой. Сол Қыдыр аталарың мен болам. Иә, әдейі осында келгеніме рас. Бөбектерді көп болсын, тамақтары тоқ болсын, уайым-қайғылары жоқ болсын, осы бақшаға бақыт келсін деп келгенім рас. Қайда жүрсем де сендердің амандықтарыңды тілеп жүремін. Жүргізуші: Ата, тілегіңізге көп-көп рахмет, лайм айтқан тілектеріңіз қабыл болсын. Төрлетіңіз. Жүргізуші: Өлең: «Домбыра сазы» Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Ортаға шығады: Камила: Хабар беріп жақсы өмір Келді міне, Наурыз. Наурызды шат көңілмен. Қарсы алайық бәріміз. Жаңа жылым кірсін күліп Гүл көктеммен бір келіп Тіршіліктен дүр сілкініп Айнала әсем түрге енді. Мереке ғой бүгін ірі, Әуен бөлек, ән бөлек . О, Ұлыстың ұлы күні, Шаттығыңа ал бөлеп! Жанель: Наурыз той – көңіл тойы, көктем тойы. Жақсылық болса дейтін өмір бойы. Биыл да былтырдағыдай ақ көбейсін. Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін. Ойын: Арқан тарту. Жүргізуші: Асан ата, осы сіз мерекелерде, тойларда көп жүресіз. Біздің балаларға айтатын әңгімеңіз де бар шығар. Асан ата: Әріне бар. Жүргізуші: Ал, жарандар, жарандар! Енді бері қараңдар. Көзден таса қылмайық, Көп қызықтың ешбірін . Ал ендеше қарайық атқа мінгізу дәстүрін . Салт-дәстүр «Атқа мінгізу» Жүргізуші: Қазақ халқы қонақжай халық. Келген қонақтарың дастархан жайып қарсы алған. Осы қазақтың дастарханы туралы қыздарымыздың орындауында өленді қабыл алыңыздар. Өлең «Қазақтың дастарханы» Жүргізуші: Ән айтылып, жыр жырланып. Бұл-бұл үндер тыңдалсын. Би билесін ұлдарым, Өнерлерін аяп тұрмасын. Би: «Лезгинка» Жүргізуші: Нурай: Келді Наурыз жар салып, Би – билейік, ән салып. Жылда келсін Ұлыс күн, Тұрайық есен қарсы алып. Рамин: Жыл басы – Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке, Тіршілік жаңа оянды. Балжан: Күттіріп келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы. Дастарханға елімнің, Береке, ырыстын сыйлашы. Ойын ата – аналармен. Айтыс Нурбек пен Айым. Нурбек: Ата баба дәстүін Үйретуден қашпаймыз Айтыс – десе сәнделіп Қыздар іздей бастаймыз Айым: Біржан болып сен келсең, Ақын Сараң мен болам. Сәйгүлік болып сен шапсаң, Аққу құсын мен болам. Нурбек: Біздің топтың ұлдары, Шеттерінен ақылды. Жұмбақ, тақпақ бұл тойға, Айтып берер тақылдап. Айым: Үй жабдығын бұл тойға, Біздің қыздар сәндеді. Қонақ күтіп ән салды. Ойын: «Қыз қуу» Би қазақша ұлдар – қыздар. Тақпақтар: Сабина: Күттіріп келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы. Дастарқаныма елімнің, Береке, ырыс сыйлашы. Арман: Ата-бабам тойлаған, Наурызым, армысын! Қызыққа еш тоймаған Дархан дала, қарлы шын. Аяулым: Келіңдер Наурыз тойға бәрін бүгін, Аямас өнерпаздар ән мен жырын. Келіңдер, наурызда той тойлайық, Билейік, жыр жырлайық ән салайық. Әже кіреді. Наурыз көже әкеледі. Өлең: «Наурыз көже» Тақпақтар: Тамерлан: Жаңа ағытқан қозыдай, Жамыраған өрістен, Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен. Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, Сонда олжалы жол болар. Жүргізуші: Біздің балалар да бата бере алады. Нурбек: Ұлыс – оң болсын, Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын, Ұлыс бақты болсын, Ұлыс береке берсін, Төрт – түлік ақты болсын! Бәле, жала жерге енсін Жарылқа, Алла қабыл ет. Ізет, абырой, бақ дәулет, Қызыр қарап, бақ қонып, Не тілесең, Соның бәрін қабыл ет! Әумин! Жүргізүші: Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер демекші, қыдыр ата, өзіңізден бата күтеміз. Қыдыр ата бата береді. Наурыз қыз сыйлық таратады. Жүргізуші: Ән қосылсын әніне, Сән қосылсын сәніне! Ырысты боп жаңа жыл Бақ дарысын бәріне ! Ой қосылып ойына Бой қосылсын бойына ! Аман есен жүрейік, Келер Наурыз, тойына! (Қауыммен қоштасу) | |
Просмотров: 3171 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|