Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» әскери-спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» әскери-спорттық сайыс
Мақсаты: 1.Өскелең ұрпаққа салуатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық шеберлігін көтеру, денсаулықтарын нығайту және тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту
2.Жеткіншек ұрпақ арасында отансүйгіштік және патриоттық сана сезімді қалыптастыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық.
Қатысатын сыныптар: 5А, 5Ә қазақ сынып оқушылары (толық)
Сайыс шарттары
1.Қатысатын әр сыныптың өзіндік спорттық формалары
2.Әр топтың аты, ұраны болуы керек
І.Ұйымдастыру кезеңі
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға - 5А, 5Ә сынып оқушыларын шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады, топтың аты, ұранымен таныстырады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. . .
І кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап беру.
І-топ 1 Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2 Бір айда неше апта бар? (4 апта)
3 Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
4 ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
5 Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Біздің облысымызды ата? (Шығ. Қаз. Обл.)
10«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
11 Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
12 Қазақстан Гимнінің авторлары? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.)
13 Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
14 Ұлы жүздің биі.(Тәле би)
15 Алуға кері амал (қосу)
16 Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан 1991ж)
ІІ-топ.
1 Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
2 Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
5. Білім күні қай күн??/1 қыркүйек/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/
9. Біздің мектептің директоры кім?(Икласов Ержан Мұхаметрахымұлы)
10 Күй атасы кім? /Құрманғазы/
11 Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
12 Қазақстан Елтаңбасының авторлары?( Ж. Мәлібеков , Шот – аман Уалихан)
13 Шоқанның шын аты кім? (Мұхамед -Қанапия)
14 Кіші жүздің биі. (Қазбек би)
15 Қосуға кері амал (алу)
16 Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)

ІІ кезең: «Эстафета» бөлімі
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.
ІІІ кезең: «Кенгру»
Шарты: Балалар алдына мешок ұстап, «жеміс – жидектерді» жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.
ІV кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
І-топқа
Тіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/
Жақсы сөз... /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
ІІ-топқа
Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
Бірлік болмай.../тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/

V кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
VІ кезең: «Мергендер»
Спорттық орындықпен жүріп келіп, себетке допты дәлдеп лақтырып түсіру керек. Кім көп доп түсірсе сол топ жеңіске жетеді.
VІI - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
9. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
10. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)

VІІІ - кезең: «Ұшқыр»
Шарты: Әр топ қатысушылары жүгіріп барып спорттық арқанмен тартыла отырып кедергіден секіріп өтіп, өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.(уақытқа)
ІХ - кезең: «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады.
Жұмбақтар: 1-топқа:
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)
3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік - двер)
2-топқа:
1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы. /ит – собака/
2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп – мяч/
3. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау – звонок/
4. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз – лук/6)
5.Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).
Х - кезең: «Кім күшті»
Шарты: Қатысушы топтар белгіленген сызықтың екі жағында тұрып, спорттық арқанмен тартысып күш сынасады. Мәре сызығынан алып шыққан топ жеңіске жетеді.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Бижигитов О.К.

Сайыс хаттамасы

р/с Сайыс түрлері 5А
Ұпай саны 5Ә
Ұпай саны
1 Командалардың өзін таныстыруы, сәлемдесуі
2 «Білгенге - маржан» бөлімі

3 «Эстафета» бөлімі

4 «Кенгуру» бөлімі

5 «Тіл өнері» бөлімі

6 «Пингивин» бөлімі

7 «Мергендер» бөлімі

8 «Біліміңді шыңда» бөлімі

9 «Ұшқыр» бөлімі

10 «Полиглот» бөлімі

11 «Кім күшті» бөлімі
Командалардың арқан тартысы
Жалпы ұпай саны

Алған орындары


Әділқазылар:
Категория: Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности | Добавил: aitkali (2017-11-16) | Автор: Бижігітов Орал Құмарбекұлы
Просмотров: 1043 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 12:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru