Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Сызбада қолданылатын тіліктер.
Сабақтың тақырыбы: Сызбада қолданылатын тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптыстыра отырып графикалық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырып арқылы ой-өрісін, білімін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Қолданылатын әдіс: көрнекілік әдіс, баяндау, салыстыру, талдау.
Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, көрнекілік бұйымдар, сызбалар, макет, оқулықтар, сызу аспаптары мен құралдары.
Пән аралық байланыс: техникалық механика, материалтану, математика
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі (2мин)
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру
1.3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекті тағайындау.
1.4. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.\
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20мин)
2.1. Тілік туралы түсінік
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі МЕСТ 2.306-68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3мм орналасулары ти орналасулары тиіс.
Қима сызықтың бас жағында және аяқ жағында, ал егер керек болса – бұрылу белгілерінде, орыс алфавитінің бас әріпінің біреуін қайталап жазады. Әріптерді нұсқалардың жанынан және бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады; мысалы А-А.
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:

2.2. Қарапайым тіліктер.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекциялар жазықтығымен салыстырғандағы орнына қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді.
Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Нәрсені горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік және профиль тілік болып екі түрге бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық фронталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік фронталь тілік деп, ал қиюшы жазықтық профиль проекциялар жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады.
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.
Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Егер көлбеу тілік бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен кейін бұрылу белгісін қою керек.
Горизонталь тілік

Фронталь тілік

Профиль тілік

Көлбеу тілік

2.3. Күрделі тіліктер.
Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.
Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуларына қарай, күрделі тілік сатылы тілік және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.
Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орындарына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тіліктер болуы мүмкін.
Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.
Сатылы тілік Сынық тілік

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту(20мин)
3.1. Үш көрініс бойынша тілік орындау.
Макетте берілген тетікбөлшектің бір көрінісіне тілік орындау.
3.2 Өзіңді тексер шағын тест тапсырмасы.
Көріністер мен тіліктер бойынша профиль тілігі мен көрнекілік бейнесін тап.
3.3 Нанға орындалған тіліктерді тауып, оларды дұрыс орындарға қою

Сәйкес әріппен белгілерді кестеге жаз.

Көріністер мен тіліктер 1 2 3
Профиль тілік Б А В
Көрнекілік бейнелер М Л К
3.4 Сабаққа әкелінген қауын, жеміс-жидектерге тіліктер орындау.
IV. Жаңа тақырыпты пысықтау
Тілік қалай бөлінеді?
Сатылы тілік не үшін қажет?
Профиль проекциясына орналасқан тілік қалай аталады?
Қарапайым тіліктің түрлерін ата?
Материалдар тілікте қалай бөлінеді?
V. Сабақтың қорытындысы (3мин)
Оқушыларды бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: графикалық жұмыс № 10-ға А4 пішіміне негізгі жазу орындап келу, оқулықтан тіліктерді орындау ережелерін оқып келу.

Источник: http://открытый урок
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: ЧЕРЧЕНИЕ (2013-11-11) | Автор: Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна E
Просмотров: 9532 | Комментарии: 1 | Теги: изо и черчение | Рейтинг: 4.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-10-18, 11:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Теги

презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

Статистика

Рейтинг@Mail.ru