Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Бейнелеу өнері 6 «а» сынып. Күні: 18.12.2010 ж. Сабақтың тақырыбы: Сызықтық перспектива. Пейзаж. Композиция. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғат көрінісінің бейнелеуде перспектива заңдылықтарын үйрету. Білімділігі: Табиғат көрінісінің бейнелеуде перспектива заңдылықтарын ескере отырып нәрсенің көлемін толық бейнелеуге үйрету. Сурет салудың заңдылықтарына бауылу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау. Дамытушылы: Табиғат көрінісінің бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру. Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Оқыту әдісі: Әңгімелесу, үйрету, көрсету. Көрнекілігі: Плакаттар, репродукциялар. Сабаұтың барысы: 1. Ұйымдастыру (2 мин) 2. Жаңа сабақты меңгеру (8-10 мин) 3. Жаңа сабақты бекіту. 4. Оқушылардың өздік жұмысы (25 мин) 5. Сабақты қортындылау. 6. Үйге тапсырма. Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Пейзаж француз сөзі. Жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзіндік ерекшеліктері болады. Қыс көрінісі. Парктегі ағаштарды бейнелеу. Күн суық. Ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тур. Осы көріністі бейнелеу барысында перспектива заңдылықтарын сақтай білу керек. Перспектива сызықтық және ауалық деп бөлінеді: Сызықтық перспектива деп – белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеде барып қосылады. Мысалы, жол фонарлары, көше бойындағы телеграф бағандары, көше бойындағы жарық фонарлары, көше бойындағы үйлер т.б. Олар алыстаған сайын кішірейе береді. Белгілі бір қашықтықта қосылады. Ауалық перспектива деген не? Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың тұстері солғын түрінде қабылданады. Көкжиек сызығы көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегін горизонт сызығы дейді. Композиция – латын сөзі, «ойлап шығару» немесе «құрастыру» дегенді білдіреді. Композиция суретшінің картинасын дұрыс әсерлі құруы, ондағы затттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, орналастыру болып табылады. Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз, мысалы қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір өлшемде ықшамдап түсіру. Сабақты қорытындылау. Оқушылар салған жұмыстарын ортаға салып, қателіктерін түзету, қателеспеуге үйрету. Ең жақсы жұмыстар көрмеге қойылады. Үйге тапсырма. Табиғат көрінісін бейнелеу. Источник: http://download.files.namba.net/files/55865771 | |
Просмотров: 5075 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|