Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Сабақтың тақырыбы: Күрелі тіліктер. Сабақтың мақсаты: оқушыларды күрделі тілікті орындап, белгілеуге үйрету. Міндеттері: - Білімділік: оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптыстыра отырып графикалық білімдерін толықтыру; - Дамытушылық: оқушылардың жаңа тақырып арқылы ой-өрісін, білімін, ойлау, есте сақтау қабілетін, назарын дамыту; - Тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: тіліктер көрінісі сызылған плакаттар, «Домино» ойыны, карточкалармен тапсырмалар, мозаика. Әдісі: түсіндіру, оқулықпен жұмыс, ойын, топтық жұмыс. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру 3. Мозаика құрастыру (топқа бөліну) 4. Үй тапсырмасын тексеру ІІ. Негізгі бөлім 1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау 2. Тақырыпты түсіндіру (дәптерге анықтама жазу) 3. Макетте тілікті орындау 4. Оқушылар карточкалармен жұмыс орындайды 5. «Домино» ойыны ІІІ. Сабақты қорытындылау 1. «Тілік» сөзжұмбағын шешу 2. Бағалау 3. Үйге тапсырма Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сәлемдесу 6. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру 7. Мозаика құрастыру (топқа бөліну) - Балалар, мына қиықтардан (мозаика) сурет құрастыру керек, әрбір оқушы бір қимадан алып, барлығы екі сурет құрастырады, осылай 2 топқа бөлінеміз. 8. Үй тапсырмасын тексеру (карточкалармен жұмыс) - Мына карталарда аяқталмаған сөйлемдер (анықтамалар), көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазыңдар. 1) Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін тілік деп аталады. 2) Тетіктің қиюшы жазықтықта жататын тұтас бөліктері штрихталады. 3) Бұл тіліктердің барлығы да тетікті ойша бір ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған жағдайда қарапайым тіліктер деп аталады. 4) Фронталь тілікті тетікті фронталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз. 5) Горизонталь тілік горизонталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию кезінде пайда болады. 6) Профиль тілікті тетікті профиль проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз. 7) Горизонталь проекция жазықтығымен тік бұрыштап өзге бұрыш жасай орналасатын қиюшы жазықтық жасайтын тілік көлбеу тілік деп аталады. 8) Көлбеу тілік қарау бағытына сәйкес салынуы және орналастырылуы тиіс. 9) Қандай да бір тілікті салудан кейін басқа көріністер өзгермейді. 10) Қиюшы жазықтықтардың орналасуын үзік сызықтармен көрсетеміз. 11) Тіліктің қимадан айырмашылығы мынада: тілікте қиюшы жазықтықтағыны ғана емес, сонымен бірге қиюшы жазықтықтың арғы жағында жатқандарды да көрсетеміз. 12) Егер қандай да бір тетікте ішкі беттер бар болса, осы беттердің сипаттамасын тетіктің тіліктерінде көрсетеді. ІІ. Негізгі бөлім 6. Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Күрделі тіліктер және де біз күрделі тіліктерді орындап, белгілеуге үйренеміз. 7. Тақырыпты түсіндіру (дәптерге анықтама жазу) - Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады. Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Күрделі тіліктер сатылы жөне сынық тіліктер болып екіге бөлінеді. Олар қарапайым тіліктер сияқты горизонталь, фронталь және профиль тіліктер де бола алады. Күрделі тіліктер аралас тіліктер, яғни сатылы тілік пен сынық тіліктен қүралуы да мүмкін. Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтармен орындалған тіліктер сатылы тіліктер деп аталады. Тілік үш қиюшы фронталь жазықтықтармен жүзеге асырылған. Қиюшы жазықтықтардың орналасуы қарау бағытын көрсететін нұсқамалары бар қима сызықтарының штрихтарымен көрсетіледі және бір әріппен белгіленеді. Қима сызықтарының иілуі де үзік сызықтар штрих¬тарымен орындалады. Барлық қиюшы жазықтықтар бір фронталь жазықтықта біріктірілген жөне күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады. Тіліктің үстіне пайдалану нәтижесінде тілік алынатын жазықтықтардың белгіленуін көрсететін жазу жазылады. Нөрсені параллель емес, қиылысатын жазықтықтармен қиюдан алынатын тіліктер сынық тіліктер деп аталады. Қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылысу сызығынан негізгі проекция жазықтықтарының қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады. Сондықтан сынық тіліктер фронталь, горизонталь және профиль тіліктер бола алады. Мына суреттегі тілік екі қиылысатын қиюшы жазыктықтар арқылы алынған, олардың бірі го¬ризонталь жазықтық болып табылады. Жоғары орналасқан қиюшы жазықтық ойша қиюшы жазықтықтардың қиылысу сызықтарынан айналдыра горизонталь қиюшы жазықтықпен беттескенше бұрылады. 8. Макетте тілікті орындау - Міне балалар, мына сызбаларды бірге орындайық. Ең алдымен сынық тілікті, ал одан кейін сатылы тілікті сызып орындаймыз. Нұсқамалар арқылы тілікті көрсетеміз. 9. Оқушылар карточкалармен жұмыс орындайды. Тетікбөлшектің сызбасында белгіленген сынық тілікті орында. Тетікбөлшектің сызбасында белгіленген сатылы тілікті орында. 10. «Домино» ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, білімдерін бекіту. Ойынның барысы: оқушылар домино бөліктерін бір-бірімен сәйкестендіріп, құрастырады. ІІІ. Сабақты қорытындылау 4. «Тілік» сөзжұмбағын шешу ф р о н т а л ь к ө р і н і с с а т ы л ы ү з і к к ү р д е л і 1) Қандай тілікті тетікті фронталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз? 2) Қандай да бір тілікті салудан кейін басқа не өзгермейді? 3) Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтармен орындалған тіліктер қалай аталады? 4) Қиюшы жазықтықтардың орналасуын қандай сызық түрімен көрсетеміз? 5) Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қандай тіліктер деп аталады? 6) Бағалау 7) Үйге тапсырма: § 31 77-78 бет оқу. Дид. Мат.81 бет орындау | |
Просмотров: 4723 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|