Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып саналады. Олардың кеңістіктік ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасайды.Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру саласын дамытудың алдағы онжылдықтарға арналған бағдарламаларын қарқынды жүзеге асыру міндеттері межеленді [1]. Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі — өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады. Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әсіресе, бейнелеу өнері материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский, Л.С.Выготский, Б.Юсов, Т.Я.Шпикалова, М.Н.Ростовцев, С.Герасимов, Қ.Ералин, А.Қамақ, Қ.Болатбаев, Ж.Балкенов, Қ.Жеделов, т.б. еңбектерінде орын алған. Бейнелеу өнері– бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет – бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Мектеп кезеңіндегі оқушылардың бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоционалдық көңіл-күй, оқуға қызығушылық туғызады. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну — өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазіргі ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нені, қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де — нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі. Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш – оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады. Оқушылар бейнелеу өнерін оқудағы қызығушылықтары басқа пәндердің материалдарын меңгеруге де септігін тигізеді. Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Ал білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі болып табылады. Бұл жерде іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті. Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады. Іскерліктің құрылымына елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Сонымен, бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың таным үдерісін жандандыру олардың тәрбиесін, бүкіл білім ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқу іс-әрекеттерін жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады. Мектептегі бейнелеу өнерін оқушылардың жалпы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға өзіндік ықпал жасайтын ыңғайлы әрі өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар пән ретінде қарастыруымыз қажет. Осындай күрделі мәселенің бас-қасында әрине мұғалім тұрады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Ол алғашқы күннен бастап оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Себебі, мұғалім оқушы тәрбиесінің жан-жақты өсуіне және білімінің сапалы болып қалыптасуына ықпал етуші бірден-бір тұлға. ӘДЕБИЕТТЕР Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. //Егемен Қазақстан. – Астана, 15 желтоқсан 2012. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Кітап, 1985. – 419 б. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. –Москва: Просвещение, 1988. – 243 с. Сорокун П.А. Формирование пространственных представлений у младших школьников. – Ленинград: изд.-во ЛПУ, 1988. – 264 с. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. –117 б. | |
Просмотров: 1915 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|