Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Кошкинбаева З.А "Қазақтың ою - өрнектері"

Сабақтың тақырыбы: «Ою - өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу, шығу тарихы»
Сабақтың мақсаты: - оқушыларға ою - өрнек туралы білім беру, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою - өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.
- Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт - дәстүрге баулып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: ою - өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал - мәтелдер, тірек - сызбалар, жұмбақтар, журналдар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ бөлімі.
1. Кіріспе
2. Саяхат «Әжей ауылы»
3. Саяхат «Ғұлама ата»
4. «Оюдан ертегісі»
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
7. Сарамандық жұмыс
8. Қорытындылау
9. Бағалау

Кіріспе:
Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, біртін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет ретінде салған. Осылай бірте - бірте ою - өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою - өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден - бір өнер. Шеберлер ою - өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата - бабадан қалған ою - өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтануымыз қажет.
Ою - өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен
Ешкінің мүйізінен, - деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті.

Ою - өрнек үш топқа бөлінеді:
♦ Өсімдік типтес ою - өрнектер
- гүлі
- сабағы
- жапырағы
♦ Зооморфтық ою - өрнектер
- жануар
- аң
- құс, балық
♦ Космологиялық ою - өрнектер
- дөңгелек
- ирек
- шимай, торкөз

Ою - өрнектің атауы мен түрң өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200 - дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны – мүйіз тектес ою.
Саяхат «Әжей ауылы»
«Өнер – таусылмас азық, жұматас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлапдан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі – ою - өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
Бүгін біз әжей ауылына саяхатқа шығамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Міне, балалар, біздер әжей ауылына барып, көптеген мағлұмат алдық. Сондықтан біздер еңбек, қолөнер туралы өлеңдерімізді айтайық:
1. Саусақтары майысып,
Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің!

2. Қазағымның оюын
Біз де іздеп қарайық
Ою менен өрнектің
Әдемісін табайық.
3. Ғасырға салт - дәстүрді
Халқымның жалғасыуда
Бұғы мүйіз оюы сәндікпенен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда
4. Көрші әжей өнерлі
Барып тұтам шеберді
Құрмет тұтам шеберді
Ою - өрнек үйренем

5. Әжей кесте тігеді
Ойып түрлі оюды
Жібереді өрнегі
Шарықтынып өнерді

6. Оюларға сүйсініп
Қайран қалып тұрасың
Көре білсең түсініп
Одан көп сыр ұғасың.
Саяхат «Ғұлама ата ауылы»
«Ауылыңда қартың болса, жазып қалған хатпен тең!» дегендей, біздер қазір мақал - мәтел таңдаймыз.
«Өнерлі елден өнерлі бала туар».
«Өнерлі баланың он саусағы тең, Өнерсіз баланың бір саусағы кем».
«Қыз еркем, кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем».
«Алтын балдақ – қол сәні, Әшекей кесте – тән сәні».
«Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос».

«Ою – хан» ертегісі: Суретті жұмбақ.
- Жарайды балалар, енді біздер Ою хан еліне барамыз. (ертегі айтылады)
- Сурет талқыланады.
Оқушылар білімін бекіту:
Тест сұрақтары беріледі:
1. Ұлттық оюлар: а) айшық б) өркеш в) қошқармүйіз
2. Ою - өрнектің неше түрі бар?
а) 200 б) 300 в) 400
3. «Гүл» оюы нені бейнелейді?
а) бейбітшілік б) қуаныш в) тоқшылық
4. Аспан әлеміне байланысты ою - өрнек:
а) айшық б) балта в) көбелек
5. Құстарға байланысты өрнектер:
а) жұлдыз б) қазтабан в) айшық
6. Геометриялық оюды тап:
а) қошқармүйіз б) гүл в) сүйір
7. Ертеде ою - өрнекті матағы түсіру үшін қандай тәсілді қолданған?
а) қарындаш б) уыз в) бор
8. «... аузынан шөп алмайтын» момын теңеуі қай түлікке арналған ою - өрнекте кездеседі? Көп нүктенің орны қай түлікке арналған?
а) итқұйрық б) сынық мүйіз в) қошқармүйіз

Үйге тапсырма:
- Ою түрлерінен буклет жасау.
- Өткенді еске алып, ойға төсем,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Қолыма қайшы алып, ою оям, - деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

Сарамандық жұмыс:
Тақырыбы: «Ою - өрнектің эскизін сызу, қию»
1. Сабаққа байланысты құралдарын дайындау.
2. Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3. Қағазды үш бүктеп ою.
4. Қошқармүйіз өрнегінің толық және жартылай үлгісі тақтаға ілінеді.
5. Сабақта түрлі - түсті қағаз бетіне қошқармүйіз өрнегінің жарты көрінісінің эскизін тез сызылып, оны қайшымен қиып көрсетіледі.
6. Алынған оюды басқа түсті қағазға желімдеп, үлгі оқушыларға көрсетіледі.
Халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф. Оңғарсынованың өлеңінен үзінді.
Түрін - ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзімен деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымда
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері, деп сабағымызды қорытындылаймыз.
Бағалау.

Категория: ИЗО и черчение | Добавил: @liy@ (2014-04-01) | Автор: Зинуар Абдуллаевна E
Просмотров: 1599 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru