Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Сейтов Бисенғали Рапашұлы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Милы орта мектебінің бейнелеу пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Портрет Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың сурет өнері арқылы ой-өрісін кеңейтіп, көркем өнерді түсіне білуге,және адамның бас бейнесін салу жолын үйрету. 2. Дамытушылық: Бас сүйегінде бет мүшелерінің пропорцияларын анықтап, бет мүшелерін дұрыс салуға дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: Адам бейнесіне қарап оның көңіл күйін, мінез-құлығын зерттей білуге баулу. Көрнекілігі: кезеңге бөлінген бас суретін салу үлгілері бейнеленген плакаттар, портрет түрлері. Құрал-жабдықтар: Альбом, қарындаш, өшіргіш, акварель,су құйылған ыдыс. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Галарея шарлау» ойыны 3. Жаңа сабақ түсіндіру 4. Сурет салдыру 5. Бағалау 6. Үйге тапсырма беру. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру: «Адамның бас сүйегін бейнелеу» тапсырмасын тексеру. Тексеру сұрақтары: • Бас сүйегін салуды неден бастаймыз? (кезең бойынша салудан бастаймыз) • Бас сүйегі нешеге бөлінеді? (Екіге: ми сауыты, бет бөлігі ) • Бас сүйегі қандай бөліктерден тұрады? (Төбе сүйегі, маңдай сүйегі,жоғарғы жақ сүйегі, төменгі жақ сүйегі, шүйде сүйектері) Үй жұмыстарын аралап жүріп кемшіліктері мен жетістіктерін айта отырып бағалайды. «Галарея шарлау» ойыны: Осыған дейін өтілген бейнелеу өнерінің түрлері мен суретшілердің еңбектерін көрсетіп жауабын алу. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыз портрет жанрына арналады. Төменгі сыныптарда бұл тақырыптарға көптеген суретте салған болатынбыз. Портрет ол адам бейнесін бейнелейтін суреттер, енді балалар өткенді қайталап өтейік: • Портреттер композициялық орналасуына байланысты неше түрге бөлінеді? (Иық бөлігіне дейінгі портреттер,беліне дейінгі,толық фигуралы портреттер). • Қосымша бөліну түрлерін ата (Қимыл-қозғалысқа, мінез-құлыққа, әзіл-сықаққа арналған, салтанатты, топтасқан портреттер.) • Портрет жанры бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? (кескіндеме, живопись). Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келгені белгілі. Адамның бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған, ол Мысыр перғауындарының алапат тас мүсіндері еді. Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап бүгінгі жа суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбаларымен көзге түсіп келеді. Мысалы Қазақстанның портреттік жанрға жұмыс жасаған суретшілері:Кенбаев, телжанов, Сахи Романов, Төленбаев, Аманжолов, Ғалымбаева т.б. Портрет салу оңай емес, ол үшін адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге жеткен қайта өрлеу дәуірінің ірі суретшісі Леонардо до Винчи болды. Осы кездегі аса ірі теоритик суретші Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің сурет салудағы маңызын зерттеді.Ол алғаш рет адам басының стильденген пішіндегі формасын жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін жасады. Ол өзінің методикалық үлгісін жинақтай келіп, адам баласының порпорциялық жалпы конструкциясын ойлап тапты. Осы әдіс-тәсілдерді, қазіргі оқу орындарында қолданады. Басты салу натюрморты салғандай кезеңдермен өрбиді. 1-кезең Бастың жалпы формасының нобайын қағаз бетіне орналастырамыз. Алдымен тік ортаңғы сызықты сызып, бастың биіктігін анықтап аламыз. Жұмыртқа тәрізді етіп жалпы формасын белгілеген соң, маңдай дөңесін анықтап, қалған бөлікті теңдей үшке бөлеміз. Ол сызықтар маңдай дөңесінен қасқа дейін, қастан мұрынның ұшына дейін, мұрынның ұшынан иектің астыңғы шеткі нүктесіне дейін бөлінеді. Маңдай дөңесінен төбеге дейінгі аралық осы өлшемдердің жартысына тең. Адам бас сүйегінің құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуге тиіспіз. Енді белгілі тәртіп бойынша адамның бас сүйегін бейнелеуге көшеміз. Көмекші сызық пайдалану арқылы оның сұлбасын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрын сүйегінің үстімен төмен қарай қақ жарып ортақ сызық жүргіземіз. Бас сүйектің бейнеленген сұлбасын көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөлеміз. Жоғары қас арқылы өткен сызық құлақтың жоғарғы жағымен жанасады, төменгі танаудың астымен жүргізілген көлденең сызық құлақтың астымен жанасады. Қысқасы адам басындағы осы өлшемдерді естен шығармау керек. Бастың негізгі мүшелері болып, көз, ауыз, мұрын саналады (1). Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма, жиек сызықтары төртбұрыш пішіндес болады. Көз ортасымен ось сызығы өтеді. Ауызды (2) алдынан қарағанда параллелепипедке, ал қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсатуға болады. Ауыздың алғаш жобасын сызғанда сол геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеуге тырысу керек. Мұрынның (3) жалпы формасы призма пішіндес болады. Мұрынның қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып, орта ені кеңейіп, ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Құлақтың (4) жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді. Тақтаға осы кезеңдерді ретімен салып көрсетіп отырылады. Сабақты жақсы игеріп отырған оқушыларды мадақтап отыру керек. Үйге тапсырма: Жарық пен көлеңкесін көрсете отырып бет бөліктерінің суретін үйде аяқтап келу. | |
Просмотров: 4620 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|