Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Натюрморт. Түстердің араласуы
№34 орта мектебі
Ақтөбе қаласы
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
Т.И.Ташимова
Пәні: Бейнелеу өнері
Класы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт. Түстердің араласуы
Сабақтың мақсаты: Қағаз бетіне натюрморт суретін дұрыс салып, бояу колоритін үйлесімді бояу.
Сабақтың міндеті:
а) Білімділік: натюрморттағы заттардың симметриялы сәйкестік сызығын дұрыс сызу;
ә) Дамытушылық: сурет салу шеберлігін дамыту;
б) Тәрбиелік: ұқыптылықпен бояуды талғаммен қолдана білу.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақпен тақырыпты ашу, кесте-сурет, презентация, суретші туындылары, сергіту ойыны.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын қорытындылау
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Оқушылардың өзіндік жұмысы
V Сергіту сәті
VI Сабақты жалғастыру
VII Қорытынды
VIII Бағалау
IX Үйге тапсырма
Өткен сабақта «Түстердің эмоциялық мүмкіндіктері» тақырыбына сурет салдық. Үйден жылы бояу түсімен сурет салуға тапсырма орындадық. Яғни, бояу колоритімен жыл мезгілін көрсетуіміз қажет еді.
Оқушылардың үйде салған суреттерін бағалау. Сөзжұмбақпен жаңа тақырыпты «натюрморт» сөзін шешу.
Натюрморт деген не? Дұрыс. Жансыз заттардан құрылған сурет қойылымы. Жалпы түрлі-түсті бояумен салынатын сурет қалай аталады? Иә, кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық суреттер. Натюрморт бейнелеу өнерінің дербес жанры ретінде ХVII ғасырда Голландияда дамып кеңінен тараған. Натюрморт суреті бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшінің оларға деген көзқарасын да ашып береді. Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген майлы ет, жабайы аң-құстар, хрусталь бокалдағы немесе күміс кубоктағы шарап бейнеленеді. Ол кезде тапсырыспен сурет салдыру әдет болған. Мұндай картиналарды салдырған адам, рухани талап талғамның иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқы болатын. Мына натюрморт – М.Врубельдің «Раушан гүлі» мүлдем басқаша. Жалғыз талды әсем гүл мөлдір стақанға малынып тұр. Суретші тек осы раушан гүлін қызықтап салып отырғандай. Осы раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптегендей. Кейде осындай натюрморттардан ақын –жазушының, актрисаның, спортшының т.б. адамдардың өмірін елестетуге болады. Міне, бүгінгі сабақта біз натюрморт тақырыбына сурет саламыз. Ол үшін екі нәрседен бөлме өсімдігі мен алма нұсқасына назар аударайық. Мата үстіне орналасқан гүлді құмыра және алғы жақта тұрған алма. Ең алдымен заттардың дұрыс орналасуы және өлшем сәйкестігін көре білуіміз керек. Гүл мен құмыраның алмадан қашықтық арасы және көлемдік айырмашылығы қандай? Оны кесте суреттің кезеңдерінен білуге болады. Түсіндіру.
1-кесте: Құмыра мен өсіп тұрған гүлдің бір-бірінен өлшемдік айырмашылығы және алманың құмырадан қаншалықты кіші екенін салыстырамыз.
2-кесте: Натюрморттағы заттардың құрылымдық суреті мен орналасу композициясын мата бетіне үйлесімді етіп суретін саламыз.
3-кесте: Дұрыс салынған натюрморттың артық сызықтарын өшіріп, бояуға дайындаймыз.
Өткен сабақта көргеніміздей түстік бояу шеңбер бойынша натюрмортты түрлі-түсті бояумен жазамыз. Ол үшін мына шарттар бойынша жұмыс жасаймыз.
1. Нұсқаның жалпы реңдік және түстік күйімен бояулардың жақындығы аумағындағы үлкен дақтардың рең және түс қатынастарын табу.
2. Түс үндестігі – жекелеген көлемді нәрсенің ауқымды түс арақатынасынан нақты түс шешімдерін табу.
3. Бейненің бүтіндігін тұжырымдап, композициялық ортасын айқындау.
Натюрморттың жалпы түс құрылымын зейінмен шешіп алған дұрыс. Жылы немесе суық бояудың қайсысы басымырақ. Қай жерде ең жарық, қай жерде ең қараңғы және жылы түсте-суық, суық түсте-жылы көлеңке бояуды қолдану ережесін ескереміз.
Суретші шығармаларының бояу колоритін түсіндіру
Оқушылардың өзіндік жұмысы
Сергіту сәті
- Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Тереңдет ойыңды,
Тік ұстап бойыңды
Құстарға ұқсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат
Шаршаған кезіңде
Қонайық жорғалап.
Ал, балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Сілкініп бір алайық.

Сабақты жалғастыру
Жаңа сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай гаммада сурет салдық? Жылы гаммада.
Суретіміз шынайы болу үшін бояуды қалай қолданамыз? Көлеңке, жарық және суық, жылы бояу түстерін алмастыру реттілігін білдік.
Бағалау
Үйге тапсырма: Сәнді натюрморт
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: alia538589 (2014-12-26) | Автор: Тұрсынай E
Просмотров: 1816 | Комментарии: 1 | Теги: Турсынай | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:45 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru